Қостанай облысы Жітіқара ауданы Чайковский ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы

Қостанай облысы Жітіқара ауданы мәслихатының 2014 жылғы 23 сәуірдегі № 233 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 3 маусымда № 4795 болып тіркелді

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Жітіқара аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қоса беріліп отырған Қостанай облысы Жітіқара ауданы Чайковское ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.
      2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қостанай облысы Жітіқара ауданы Чайковское ауылы жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы бекітілсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы                            Н. Коваленко

      Жітіқара аудандық
      мәслихатының хатшысы                       М. Кененбаева

      КЕЛІСІЛДІ

      Қостанай облысы Жітіқара ауданы
      Чайковское ауылының әкімі
      _________ А. Шаденов
 

Мәслихаттың         
2014 жылғы 23 сәуірдегі   
№ 233 шешімімен бекітілген 

Қостанай облысы Жітіқара ауданы Чайковское ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қостанай облысы Жітіқара ауданы Чайковское ауылының (бұдан әрі - Чайковское ауылы) бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Чайковское ауылы тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
      2. Чайковское ауылының аумағындағы ауыл тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі

      3. Бөлек жиын Чайковское ауылының әкімімен шақырылады.
      Жітіқара ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.
      4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.
      5. Чайковское ауылының шегінде бөлек жиынды өткізуді Чайковский ауылының әкімі ұйымдастырады.
      6. Бөлек жиынды ашудың алдында Чайковское ауылының тұрғындары қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
      7. Бөлек жиынды Чайковское ауылының әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
      Чайковское ауылының әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
      Бөлек жиынның хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.
      8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Чайковское ауылының тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Жітіқара аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.
      Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Чайковское ауылының тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.
      9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
      10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Чайковское ауылы әкімінің аппаратына береді.

Мәслихаттың        
2014 жылғы 23 сәуірдегі  
№ 233 шешімімен бекітілген 

Қостанай облысы Жітіқара ауданы Чайковское ауылының жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

Чайковское ауылы көшелерінің атауы

Өкілдерінің саны (адам)

1

Октябрьская көшесі

3

2

Мира көшесі

4

3

40 лет Победы көшесі

1

4

Школьная көшесі

2

5

Набережная көшесі

6

6

Клубная көшесі

1

7

Пионерская көшесі

1

8

Новая, Степная, Советская, Казахская көшелері

1

9

20 лет Целины, Новостройка көшелері

1

10

Калинина, Парковая, Целинная көшелері

2


Барлығы

22