Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы

Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 2014 жылғы 17 қарашадағы № 66 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 9 желтоқсанда № 5215 болып тіркелді

Жаңартылған
      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабына сәйкес Денисов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қоса беріліп отырған тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы бекітілсін.
      2. Қосымшаға сәйкес Денисов аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихаттың кезектен
тыс сессиясының төрағасы
М. Суербасов
      Денисов аудандық
мәслихатының хатшысы
А. Мұрзабаев

  Мәслихаттың
2014 жылғы 17 қарашадағы
№ 66 шешімімен бекітілген

Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы

1. Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі

      1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Денисов ауданында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
      1) жекешелендiрiлген тұрғынжайларда тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарды;
      2) тұрғын жайдың меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желiсiне қосылған телефонға абоненттік ақының өсуі бөлiгiнде байланыс қызметтерін тұтынуына;
      3) жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысын төлеуге беріледі.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы Денисов аудандық мәслихатының 09.02.2015 № 6 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Тұрғын үй көмегін "Денисов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – уәкілетті орган) тоқсан сайын тағайындайды.
      Өтініш беру, қызмет көрсету нәтижесін ұсыну және тұрғын үй көмегін көрсету мерзімдерінен кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" "Тұрғын үй көмегін тағайындау" бұйрығымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес жүзеге асырылады.
      Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 01.04.2016 № 14 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және өз әрекетін 2016 жылғы 1 қаңтардаң бастап туындаған қатынастарға таратады).
      3. алынып тасталды - Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 01.04.2016 № 14 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және өз әрекетін 2016 жылғы 1 қаңтардаң бастап туындаған қатынастарға таратады).
      Құжаттар топтамасын ХҚО-ға тапсыру күні тұрғын үй көмегін көрсету мерзіміне кірмейді, бұл ретте уәкілетті орган тұрғын үй көмегін көрсету нәтижесін мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір күн бұрын ұсынады.
      4. Тұрғын үй көмегі өтініш беру айынан бастап тағайындалады, көрсетілетін қызметті алушы өтініш жасаған ағымдағы тоқсанға көрсетіледі.
      5. Тұрғын үй көмегі көрсетілетін қызметті алушы тұрғын үй көмегі мөлшерінің өзгеруіне негіз бола алатын мән-жайлары туралы, сондай-ақ оның дұрыс есептелмегені туралы уәкілетті органға хабарлайды.
      6. Тұрғын үй көмегі мөлшеріне ықпал ететін мән-жайлар туындаған жағдайда, (көрсетілетін қызметті алушы қайтыс болуын қоспағанда) көрсетілген мән-жайлар түскен күннен бастап қайта есептеу жүргізіледі.
      7. Көрсетілетін қызметті алушымен ұсынылған табыстардың сәйкессіздігі анықталған жағдайда мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынған табыстар туралы мәліметтер есепке алынады.
      8. Жалғыз тұратын тұрғын үй көмегі көрсетілетін қызметті алушы қайтыс болған жағдайда, тұрғын үй көмегін төлеу қайтыс болған айдан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.
      Тұрғын үй көмегі көрсетілетін қызметті алушы отбасы мүшесінің бірі қайтыс болған жағдайда,қайтыс болған айдан кейінгі айдан бастап қайта есептеу жүргізіледі.
      Қайтыс болғанға байланысты төлемдерді тоқтату немесе қайта есептеу уәкілетті орган азаматтық хал актілерін тіркеуді жүзеге асыратын органынан ай сайын сұратып алатын қайтыс болған адамдардың тізімдері немесе отбасы мүшелері беретін мәлеметтер негізінде жүргізіледі.
      9. Тұрғын үй көмегін көрсету мәселелері бойынша туындаған келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешіледі.

2. Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін анықтау

      10. Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері уәкілетті органмен тұрғын үй көмегін алуға ниет білдіруші отбасының жиынтық табысы немесе азаматтың табысын негізге ала отырып анықталады.
      11. Отбасының (азаматтың) жиынтық табысы тұрғын үй көмегіне өтініш жасаған тоқсанның алдындағы тоқсан бойынша отбасы (азамат) табысының жалпы сомасынан есептеледі.
      12. Белгiленген нормалар шегiнде отбасының (азаматтың) шектi жол берiлетiн шығыстар үлесi жиынтық табыстан 10 пайыз мөлшерiнде белгiленедi.
      13. Тұрғын үй көмегін тағайындау барысында есепке алаң нормасы алынады:
      1) бір отбасы мүшесіне – көп бөлмелі тұрғын жайларда (пәтерлерде) тұратындар үшін пайдалы алаңының 18 шаршы метрі және отбасына 9 шаршы метрі қосымша;
      бір бөлмелі тұрғын жайларда (пәтерлерде) тұратындар үшін – тұрғын жайдың жалпы алаңы;
      2) жалғыз тұратын азаматтар үшін – пайдаланатын алаңына қарамастан нақты алаңынан асырмай 30 шаршы метр, осы норма жатақханалар үшін де қолданылады.
      14. Есептегіш құралдары жоқ тұтынушылар үшін өтем шараларымен қамтамасыз етілетін коммуналдық қызметтерді тұтыну нормативтері қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгіленеді.
      Егер шығыстарға тарифтер мен нормативтер заңнамамен белгіленген тәртіпте анықталмаса, шығындарды өтеу нақтылы шығыстар бойынша жүргізіледі.
      15. Тұтынатын коммуналдық қызметтерді есептеу құралы бар тұтынушылар үшін есепке алынатын шығындар қызметтерді жабдықтаушыларға берілген есептеу құралының көрсеткіштері негізінде өткен тоқсанда немесе соңғы тоқсанда нақты шығыстар бойынша белгіленеді, бірақ есептеу құралы жоқ тұтынушылар үшін коммуналдық қызметтер шығындарының белгіленген нормаларынан артық емес.
      16. Электр қуатын төлеу бойынша шығындарды өтеу бір адамға 100 киловатт, электр плитасы, электр су жылытқыштары бар жатақханалар мен үйлерде бір адамға 130 киловатт есебінен, бірақ нақты шығындардан асырмай жүргізіледі.
      17. Телекоммуникациялар желісіне қосылған телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылу өтемақысы "Әлеуметтік тұрғыдан корғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 қаулысымен бекітілген, Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің ережесіне сәйкес жүргізіледі.
      18. Осы Қағидамен белгіленген нормалардан тыс ақысы тұрғын жайдың меншік иелерімен немесе жалдаушыларымен (қосымша жалдаушыларымен) жалпы негізінде жүргізіледі.

3. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру және төлеу тәртібі

      19. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру тиісті жергілікті бюджет қаражаты есебінен, сондай-ақ ағымдағы нысаналы трансферттер қаражаты есебінен (олар бөлінген жағдайда) жүзеге асырылады.
      20. Тұрғын үй көмегін төлеу уәкілетті органмен тұрғын үй көмегі көрсетілетін қызметті алушының өтініші бойынша екінші деңгейдегі банктер немесе банктік операциялардың тиісті түрлеріне лицензиялары бар ұйымдар арқылы тұрғын үй көмегі көрсетілетін қызметті алушының не қызмет көрсетушілердің немесе кондоминиум объектілерін басқару органдарының жеке шоттарына тағайындалған сомаларды аудару жолымен жүзеге асырылады.
      Шоттарға ақшалай сомаларды аудару уәкілетті органмен ай сайын жүргізіледі.

  Мәслихаттың
2014 жылғы 17 қарашадағы
№ 66 шешіміне қосымша

Денисов аудандық мәслихатының
күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізімі

      1. Мәслихаттың 2010 жылғы 21 қазандағы № 243 "Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін белгілеу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірімен 9-8-162 тіркелген, 2010 жылғы 10 желтоқсандағы "Наше время" газетінде жарияланған).
      2. Мәслихаттың 2011 жылғы 23 қыркүйектегі № 63 "Мәслихаттың 2010 жылғы 21 қазандағы № 243 "Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін белгілеу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірімен 9-8-184 тіркелген, 2011 жылғы 4 қарашадағы "Наше время" газетінде жарияланған).
      3. Мәслихаттың 2012 жылғы 18 маусымдағы № 36 "Мәслихаттың 2010 жылғы 21 қазандағы № 243 "Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірімен 9-8-203 тіркелген, 2012 жылғы 3 тамыздағы "Наше время" газетінде жарияланған).
      4. Мәслихаттың 2012 жылғы 5 қарашадағы № 47 "Мәслихаттың 2010 жылғы 21 қазандағы № 243 "Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірімен 3900 тіркелген, 2012 жылғы 14 желтоқсандағы "Наше время" газетінде жарияланған).
      5. Мәслихаттың 2014 жылғы 5 ақпандағы № 2 "Денисов аудандық мәслихатының 2010 жылғы 21 қазандағы № 243 "Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін белгілеу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірімен 4459 тіркелген, 2014 жылғы 17 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).