Аудандық бюджет қаражаты есебінен азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және ветеринария саласындағы мамандарға қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлықақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар мамандар лауазымдарының тізбесін анықтау туралы

Қостанай облысы Амангелді ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 28 ақпандағы № 65 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 3 сәуірде № 4542 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Амангелді ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 13 шілдедегі № 126 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Амангелді ауданы әкімдігінің 13.07.2015 № 126 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 238-бабының 3-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына сәйкес Амангелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудандық бюджет қаражаты есебінен азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және ветеринария саласындағы мамандарға қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлықақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар мамандар лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес анықталсын.
      2. Әкімдіктің 2013 жылғы 8 қарашадағы №185 "Аудандық бюджет қаражаты есебінен кемінде жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар,ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесін анықтау туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне №4329 болып тіркелген, 2013 жылғы 20 желтоқсанда "Аманкелді арайы" аудандық газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Т. Т. Карбозовқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің міндетін атқарушы           М. Қаласов

      КЕЛIСIЛДI:

      Амангелді аудандық
      мәслихатының хатшысы
      __________ Ә. Саматов
 

Әкімдіктің 2014 жылғы 
28 ақпандағы № 65   
қаулысына қосымша   

Аудандық бюджет қаражаты есебінен азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және ветеринария саласындағы мамандарға қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлықақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар мамандар лауазымдарының тізбесі

      1. Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдары:
      1) күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
      2) жұмыспен қамту орталығының басшысы;
      3) жұмыспен қамту орталығының маманы.
      2. Білім беру мамандарының лауазымдары:
      1) мектеп директоры;
      2) директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары;
      3) директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;
      4) директордың ғылыми жұмыстары жөніндегі орынбасары;
      5) әлеуметтік педагог;
      6) педагог-психолог;
      7) қосымша білім беру педагогы;
      8) аға тәрбиеші, тәрбиеші;
      9) музыкалық жетекші;
      10) аға жетекші, жетекші;
      11) дене тәрбиесі жөніндегі нұсқаушы;
      12) нұсқаушы;
      13) аға әдістемеші, әдістемеші;
      14) өндірістік оқыту шебері;
      15) аға шебер;
      16) медициналық бике;
      17) емдәм бикесі;
      18) кітапханашы;
      19) логопед;
      20) суретші;
      21) мектепке дейінгі мекемелердегі ағылшын және орыс тілдері пәнінің мұғалімдері;
      22) көркемдік жетекші;
      23) интернат меңгерушісі;
      24) алғашқы әскери даярлық жөніндегі оқытушы-ұйымдастырушы;
      25) мектептегi барлық мамандықтар бойынша мұғалiмдер;
      26) мектепке дейiнгi ұйымның меңгерушiсi;
      27) шебер, шеберхана меңгерушісі;
      28) кітапхана меңгерушісі;
      29) аға вожатый.
      3. Мәдениет мамандарының лауазымдары:
      1) ұйымның басшысы;
      2) мәдени ұйымдастырушы;
      3) суретші;
      4) кітапханашы;
      5) бөлім меңгерушісі;
      6) әртіс;
      7) режиссер;
      8) редактор;
      9) әдістемеші;
      10) әкімші;
      11) дирижер;
      12) нұсқаушы;
      13) әнші;
      14) библиограф;
      15) көркемдік жетекші;
      16) ұйым басшысының орынбасары;
      17) хореограф;
      18) дыбыс операторы.
      4. Ветеринария мамандарының лауазымдары:
      1) мал дәрiгерi;
      2) ветеринарлық фельдшер.