Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының 28-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Заңының 31, 37-баптарына сәйкес Амангелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Амангелді ауданының аумағында аудандық сайлау комиссиясымен бірлесіп үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Амангелді ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 21 ақпандағы № 37 "Аманкелді ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізіліміне № 9-6-122 болып тіркелген, 2011 жылғы 4 наурызда "Аманкелді арайы" аудандық газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Қ.У. Кеделбаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің |
М. Қаласов |
Әкімдіктің |
Амангелді ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын
орналастыру үшін орындар
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – Қостанай облысы Амангелді ауданы әкімдігінің 16.03.2015 № 41 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - Қостанай облысы Амангелді ауданы әкімдігінің 10.11.2015 № 181 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
№ |
Елді-мекендер |
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар |
1. |
Амангелді ауылы |
А.Байтұрсынов және Ә.Дүйсенбин көшелерінің қиылысында орналасқан тақта. |
2. |
Есір ауылы |
"Амангелді ауданы әкімдігінің білім беру бөлімінің Н.Мейірманов атындағы жалпы білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимараты жанындағы тақта. |
3. |
Кемер ауылы |
Ауылдың орталык көшесіндегі тақта. |
4. |
Қоғалыкөл ауылы |
Ауылдың орталык көшесіндегі тақта. |
5. |
Ақкісі ауылы |
Ауылдың орталык көшесіндегі тақта. |
6. |
Қарасу ауылы |
"Амангелді ауданының Қарасу ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимараты жанындағы тақта; |
7. |
С.Есенбаев ауылы |
Ауылдың орталык көшесіндегі тақта. |
8. |
Ә.Сыздықов ауылы |
Ауылдың орталык көшесіндегі тақта. |
9. |
Ағайдар ауылы |
Ауылдың орталык көшесіндегі тақта. |
10. |
Амантоғай ауылы |
"Амангелді ауданы әкімдігінің білім беру бөлімінің Амантоғай жалпы білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимараты жанындағы тақта. |
11. |
Жалдама ауылы |
"Амангелді ауданы әкімдігінің білім беру бөлімінің Жалдама жалпы білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимараты жанындағы тақта. |
12. |
Шақпақ ауылы |
Ауылдың орталық көшесіндегі тақта. |
13. |
Қарақұдық ауылы |
Ауылдың орталык көшесіндегі тақта. |
14. |
Тасты аулы |
"Амангелді ауданы әкімдігінің білім беру бөлімінің Тасты жалпы білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимараты жанындағы тақта. |
15. |
Қарынсалды ауылы |
"Амангелді ауданы әкімдігінің білім беру бөлімінің Қарынсалды жалпы білім беретін негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимараты жанындағы тақта. |
16. |
Горняк ауылы |
Ауылдың орталық көшесіндегі тақта. |
17. |
Степняк ауылы |
"Амангелді ауданы әкімдігінің білім беру бөлімінің Степняк жалпы білім беретін негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимараты жанындағы тақта. |
18. |
Үштоғай ауылы |
"Амангелді ауданы әкімдігінің білім беру бөлімінің Рассвет жалпы білім беретін негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимараты жанындағы тақта. |
19. |
Ақсай ауылы |
"Амангелді ауданы әкімдігінің білім беру бөлімінің Бүйректал жалпы білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимараты жанындағы тақта. |
20. |
Байғабыл ауылы |
Ауылдық клуб ғимараты жанындағы тақта; "Амангелді ауданы әкімдігінің білім беру бөлімінің А.Нұрманов атындағы жалпы білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимараты жанындағы тақта. |
21. |
Жаңатұрмыс ауылы |
Ауылдың орталық көшесінде орналасқан тақта. |
22. |
Жетібай аулы |
Ауылдың орталық көшесіндегі тақта. |
23. |
Құмкешу ауылы |
"Амангелді ауданы әкімдігінің білім беру бөлімінің Құмкешу жалпы білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимараты жанындағы тақта. |
24. |
Айтбай аулы |
Ауылдың орталық көшесіндегі тақта. |
25. |
Үрпек ауылы |
"Амангелді ауданы әкімдігінің білім беру бөлімінің эстетикалық бағыттағы Жаңаауыл жалпы білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимараты жанындағы тақта. |
26. |
Қосжан ауылы |
Ауылдың орталық көшесіндегі тақта. |
27. |
Ағаштыкөл ауылы |
"Амангелді ауданы әкімдігінің білім беру бөлімінің Ағаштыкөл жалпы білім беретін бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимараты жанындағы тақта. |
28. |
Қарашатөбе ауылы |
Ауылдың орталық көшесінде орналасқан тақта. |
29. |
Қабырға ауылы |
"Амангелді ауданы әкімдігінің білім беру бөлімінің Н.Крупская атындағы жалпы білім беретін негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимараты жанындағы тақта |
30. |
Жаңатай ауылы |
Ауылдың орталық көшесіндегі тақта. |