Мәслихаттың 2013 жылғы 7 қазандағы № 170 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 2014 жылғы 16 мамырдағы № 233 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 3 маусымда № 4785 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 2015 жылғы 23 маусымдағы № 330 шешімімен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 23.06.2015 № 330 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-3-тармағына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес Қостанай қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Мәслихаттың 2013 жылғы 7 қазандағы № 170 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4283 тіркелген, 2013 жылғы 12 қарашада және 2013 жылғы 14 қарашада "Наш Костанай" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларындағы:
      6-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
      "1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне тұрмыстық қажеттіліктеріне 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;".
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және өз әрекетін 2014 жылдың 1 мамырынан бастап туындаған қатынастарға таратады.

      Сессия төрағасы, № 9 сайлау
      округі бойынша депутаты                    И. Бибин

      Қостанай қалалық
      мәслихатының хатшысы                       Н. Халықов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қостанай қаласы әкімдігінің
      жұмыспен қамту және әлеуметтік
      бағдарламалары бөлімі"
      мемлекеттік мекемесі басшысының
      міндеттерін атқарушы
      ________________ Г. Туленова

      "Қостанай қаласы әкімдігінің
      экономика және бюджеттік
      жоспарлау бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің басшысы
      _________________ Н. Дорошок