"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97-бабына және "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қаулысына сәйкес Қостанай қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Мәслихаттың 2010 жылғы 9 шілдедегі № 313 "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-1-152 тіркелген, 2010 жылғы 24 тамызда және 2010 жылғы 26 тамызда "Костанай" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасындағы:
1-тармақтың 6-абзацы алынып тасталсын;
2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"2. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) (бұдан әрі – өтініш беруші) тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган), немесе халыққа қызмет көрсету орталығына (бұдан әрі – орталық) балама негізде өтініш береді және "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету ережесінің 4-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.";
12-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"12. Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.".
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және өз әрекетін 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға таратады.
Сессия төрағасы, № 5 сайлау
округі бойынша депутаты А. Дудин
Қостанай қалалық
мәслихатының хатшысы Н. Халықов
КЕЛІСІЛДІ:
"Қостанай қаласы әкімдігінің
жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалары бөлімі"
мемлекеттік мекемесі басшысының
міндетін атқарушы
________________ Б. Шаяхметов
"Қостанай қаласы әкімдігінің
экономика және бюджеттік
жоспарлау бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
_______________ Н. Дорошок