Жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін 2015 жылға арналған төлемақы ставкаларын бекіту туралы

Қостанай облысы мәслихатының 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 356 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 22 қаңтарда № 5331 болып тіркелді

Қолданыстағы

      2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексінің 38-бабының 5)-тармақшасына, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 487-бабының 1-тармағына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қоса беріліп отырған жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін 2015 жылға арналған төлемақы ставкалары бекітілсін.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Сессия төрайымы

А. Сауденова

      Қостанай облыстық
      мәслихатының хатшысы

С. Ещанов


Мәслихаттың
2014 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 356
шешімімен бекітілген

Жер үсті көздеріндегі
су ресурстарын пайдаланғаны үшін 2015 жылға
арналған төлемақы ставкалары
 


 

Арнаулы су пайдаланудың түрі
 

Өлшем бірлігі
 

Төлемақы ставкалары (теңге)
 

1.
 

Тұрғын-үй пайдалану және коммуналдық қызметтер
 

1000 текше метр
 

98,96
 

2.
 

Өнеркәсіп, жылу энергетикасын қоса есептегенде
 

1000 текше метр
 

282,28
 

3.
 

Ауыл шаруашылығы
 

1000 текше метр
 

77,87
 

4.
 

Су көздерінен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары
 

1000 текше метр
 

77,87
 

5.
 

Су көздерінен балық аулайтын балық шаруашылығы, тұтынушылар
 

1 тонна
 

201,17