Қостанай ауданындағы Қостанай жер асты сулары көздерінің үшінші учаскесінде шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймағын белгілеу туралы

Қостанай облысы әкімдігінің 2014 жылғы 2 қыркүйектегі № 432 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 9 қазанда № 5112 болып тіркелді

Жаңартылған
      2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су Кодексінің 39, 117-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Қаулының кіріспесіне өзгеріс енгізілді – Қостанай облысы әкімдігінің 14.03.2016 № 116 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      1. Қосымшаға сәйкес Қостанай ауданындағы Қостанай жер асты сулары көздерінің үшінші учаскесінде шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймағы белгіленсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі Н. Садуақасов

  Әкімдіктің
2014 жылғы 2 қыркүйектегі
№ 432 қаулысына қосымша

Қостанай ауданындағы Қостанай жер асты сулары көздерінің үшінші учаскесінде шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймағы

Су тарту көзінің атауы

Санитарлық қорғау аймағының мөлшерлері

І - белдеу

ІІ - белдеу

ІІІ - белдеу

шекарасы

ауданы

шекарасы

ауданы

шекарасы

ауданы

Ұңғымалар:
№ 1, № 2, № 3, № 4, № 5, № 6, № 7, № 8, № 9, № 10, № 11, № 12, № 13, № 14, № 15, № 16, № 17, № 18, № 19, № 20, № 21, № 22, № 23, № 24, № 25, № 26, № 27, № 28, № 29, № 30, № 31, № 32, № 33, № 34, № 35, № 36

Ұзындығы – 100 метр

Ені – 110-1000 метр

176 гектар

Ұзындығы – 8125 метр

Ені – 945 метр

592 гектар

Ұзындығы – 9850 метр

Ені – 6650 метр

5782 гектар

      Ескерту: санитарлық қорғау аймағының шекарасы "Қостанай ауданындағы Қостанай жер асты сулары көздерінің үшінші учаскесінде шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймағы" жобасының картографиялық материалында көрсетілген (Тапсырыс беруші - "Қостанай -Су" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны).