Облыс әкімдігінің 2011 жылғы 8 желтоқсандағы № 3 және облыстық мәслихаттың 2011 жылғы 8 желтоқсандағы № 452 "Жер учаскелері жеке меншіке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкаларын белгілеу туралы" қаулысы мен шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Қостанай облысы әкімдігінің 2014 жылғы 14 наурыздағы № 4 қаулысы және Қостанай облысы мәслихатының 2014 жылғы 14 наурыздағы № 260 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 23 сәуірде № 4630 болып тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңының 1-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 43-1-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қостанай облысы әкімдігінің 2011 жылғы 8 желтоқсандағы № 3 және Қостанай облыстық мәслихатының 2011 жылғы 8 желтоқсандағы № 452 "Жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкаларын белгілеу туралы" қаулысы мен шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3792 тіркелген, 2012 жылғы 2 ақпанда "Костанайские новости" газетінде және 2012 жылғы 2 наурызда "Қостанай таңы" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      әкімдіктің көрсетілген қаулысы мен мәслихат шешімінің қосымшасында:
      бүкіл мәтін бойынша "селолық" деген сөз "ауылдық" деген сөзбен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.      

Қостанай облысының әкімі
___________ Н. Садуақасов

Сессия төрайымы
__________ Т. Булгацевич

Қостанай облыстық
мәслихатының хатшысы
____________ С. Ещанов
 

      КЕЛІСІЛДІ

      "Қазақстан Республикасы Өңірлік даму
      министрлігі Жер ресурстарын басқару
      комитетінің Қостанай облысы бойынша
      аумақтық жер инспекциясы" мемлекеттік
      мекемесінің басшысы
      ______________ Т. Төлеубаев