Маңғыстау ауданында әлеуметтік көмек мөлшерлерін және мұқтаж азаматтар санаттарының тізбесін бекіту туралы

Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық мәслихатының 2014 жылғы 11 наурыздағы № 15/128 шешімі. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 18 наурызда № 2368 болып тіркелді. Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық мәслихатының 2014 жылғы 23 шілдедегі № 19/162 шешімімен өзгерістер енгізілді.

Жаңартылған

     РҚАО-ның ескертпесі.
     Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі, «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңдарына, сондай-ақ «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алушылар санатының тізбесі және шекті мөлшерлері № 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Атаулы күндер мен мерекелік күндерге бір жолғы әлеуметтік көмек мөлшері, алушылар санаттарының тізбесі № 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Маңғыстау аудандық мәслихатының әлеуметтік мәселелер, заңдылық, құқық тәртібі, депутаттар өкілеттігі және әдеп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (комиссия төрайымы Қ. Бөбетай).
      4. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен соң осы шешімді аудан әкімдігінің ресми сайтында жариялауды қамтамасыз етсін (Т.Қылаңов).
      5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Сессия төрағасы
      Аудандық
      Мәслихат хатшысы

Т. Абдулаева
 
Т.Қылаңов

      «КЕЛІСІЛДІ»
      «Маңғыстау аудандық жұмыспен қамту
      және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      Каимова Сәнімгүл Нақыпқызы
      11 наурыз 2014 ж.
      «КЕЛІСІЛДІ»
      «Маңғыстау аудандық экономика
      және қаржы бөлімі» мемлекеттік
      мекемесінің басшысы
      Шабикова Рима Нерражимқызы
      11 наурыз 2014 ж.
 

Аудандық мәслихаттың
2014 жылғы 11 наурыздағы
№ 15/128 шешіміне 1 қосымша

Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алушылар санатының тізбесі және шекті мөлшерлері

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгерістер енгізілді - Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық мәслихатының 23.07.2014 № 19/162 (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Ескерту. 1-қосымшаның реттік нөмірі 1 жол жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық мәслихатының 04.03.2015 № 23/193 (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.


р/с

Санаттар тізбесі

Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздеме

Шекті мөлшерлер

Өтініш білдіру мерзімдері

Төлеу мерзімділігі

Табысы есептелмей өмірлік қиын жағдай туындаған кездегі әлеуметтік көмек


1

Өмірлік қиын жағдай туындаған кездегі әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтар

Табиғи зілзала немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасыға) немесе оның мүлігіне зиян келтіру

50 айлық есептік көрсет кіштен артық емес

Өмірлік қиын жағдай туындаған кезден бастап алты айдан кешіктірілмей

Жылына бір рет

Әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы: онкологиялық аурулар,  иммуннитет тапшылығы вирусы және туберкулездің  түрлі нысандары

26 айлық есептік көрсет кіштен артық емес

Өмірлік қиын жағдай туындаған кезден бастап алты айдан кешіктірілмей

Жылына бір рет


Табысы есептеліп өмірлік қиын жағдай туындаған кездегі әлеуметтік көмек

2

мүгедек студенттер
 

Өтініш беру алдындағы он екі айға Маңғыстау облысы бойынша белгіленген, 1,5 еселік ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен, отбасының жан басына шаққандағы орташа табыстың және келісім - шарттың болуы кезінде Қазақстан Республикасының оқу орындарында бакалаврдың академиялық деңгейін алу үшін күндізгі бөлімде оқитын студенттерге білім беру қызметін төлеу

1)оқу орындарында көрсетілетін білім беру қызметінің баға мөлшері;
 
2) 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тамақтануға және тұруға кететін шығындарды ішінара өтейтін ай сайынғы әлеуметтік төлемдер

Жыл сайын
 
 
 
 
 
 
 
Ай сайын

Оқу ақысын төлеу
 
 
 
 
 
 
 
Тамақтануға және тұруға кететін шығындарды ішінара өтейтін ай сайынғы әлеуметтік төлемге төлеу оқу жылының 12 айында жүргізіледі

3

1) тұл жетім студенттер, балалар үйінің, балалар ауылының тәрбиеленушілері;
2) келесі отбасыдан шыққан студенттер:
егер ата-анасының біреуі немесе екеуі де мүгедек болуы, жасы бойынша ата-анасының екеуі де зейнеткер болуы, ата- анасының біреуі қайтыс болуы;
төрт және одан да көп баласы бар, кәмелет жасқа толмаған балалармен бірге тұратын, соның қатарында кәмелет жасқа жеткеннен кейін оқу орнын аяқтаған уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа жеткенге дейін) жоғарғы оқу орнында, орташа, техникалық және кәсіби, орташадан кейінгі білім беру мекемелерінде күндізгі бөлімде оқитын балалары бар отбасылар

Мемлекеттік мекемелерді, мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын, білім беру, денсаулық сақтау, агроөнеркәсіптік, әлеуметтік қорғау, мәдениет және спорт кешендерін қамтамасыз ету үшін білікті мамандарды даярлау мақсатында, өтініш беру алдындағы он екі айға Маңғыстау облысы бойынша белгіленген, 1,5 еселік ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен, отбасының жан басына шаққандағы орташа табыстың және келісім-шарттың болуы кезінде Қазақстан Республикасының оқу орындарында бакалаврдың академиялық деңгейін алу үшін күндізгі бөлімде оқитын студенттерге білім беру қызметін төлеу

1) оқу орындарында көрсетілетін білім беру қызметінің баға мөлшері;
 
 
2) 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тамақтануға және тұруға кететін шығындарды ішінара өтейтін ай сайынғы әлеуметтік төлемдер

Жыл сайын
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Ай сайын

Оқу ақысын төлеу
 
 
 
 
 
 
 
Тамақтануға және тұруға кететін шығындарды ішінара өтейтін ай сайынғы әлеуметтік төлемге төлеу оқу жылының 12 айында жүргізіледі

4

Қазақстан Республикасының «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Заңының 6 бабында қарастырылған негіздеме бойынша тұлғалар (отбасылар);
Емделуге, отбасы мүшесінің біреуі қайтыс болуына байланысты, тұрмыстық қажеттіліктерге, дәрі-дәрмек, мектепке керек-жарақтарын алуға мұқтаж басқа да тұлғалар (отбасылар)

Өтініш беру алдындағы тоқсанға Маңғыстау облысы бойынша белгіленген, 1,5 еселік ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен, отбасының жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы

40 айлық есептік көрсеткіштен артық емес

Өтініш берген күннен бастап

Жылына бір рет


Аудандық мәслихаттың
2014 жылғы 11 наурыздағы
№ 15/128 шешіміне 2 қосымша

Атаулы күндер мен мерекелік күндерге бір жолғы әлеуметтік көмек мөлшері, алушылар санаттарының тізбесі

      Ескерту. 2-қосымшаның реттік нөмірі 2 жол және реттік нөмірі 4 жол жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық мәслихатының 04.03.2015 № 23/193 (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
 


р/c

Атаулы күндер мен мерекелік күндер тізімі

Санаты

Әлеуметтік көмек мөлшері

Әлеуметтік көмек еселігі

Қазақстан Республикасының 5 сәуірдегі 1999 жылғы «Қазақстан Республикасында арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» Заңына сәйкес арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алушылар

1

21-23 наурыз - Наурыз мейрамы

«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көп балалы аналар

2 айлық есептік көрсеткіш

Жылына бір рет



Барлық топтағы мүгедектер, 16 жастан 18 жасқа дейінгі барлық топтағы мүгедек балалар және 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар

5 айлық есептік көрсеткіш

Жылына бір рет

2

1986 жыл 26 сәуір Чернобыль атом электростанциясындағы (әрі қарай - Чернобыль АЭС) апат күні

Чернобыль АЭС апатты жою салдарынан мүгедек болған адамдар

60 айлық есептік көрсеткіш

Жылына бір рет

1986–1987 жылдардағы Чернобыль АЭС апатты жоюға қатысушылар

50 айлық есептік көрсеткіш

Жылына бір рет

1988–1989 жылдардағы Чернобыль АЭС апатты жоюға қатысушылар

20 айлық есептік көрсеткіш

Жылына бір рет

3

1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі мерекесі

Барлық топтағы мүгедектер, 16 жастан 18 жасқа дейінгі барлық топтағы мүгедек балалар және 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар

5 айлық есептік көрсеткіш

Жылына бір рет

4

9 мамыр Жеңіс күні

Ұлы Отан  соғысының қатысушылары мен мүгедектері

100 айлық есептік көрсеткіш

Жылына бір рет

Жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдар (Чернобыль АЭС апатты жою салдарынан мүгедек болған адамдардан басқа)

60 айлық есептік көрсеткіш

Жылына бір рет

Жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдар (1986–1987 жылдардағы Чернобыль АЭС апатты жоюға қатысушылардан басқа)

50 айлық есептік көрсеткіш

Жылына бір рет

Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы  жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі  үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғыс жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған адамдар

40 айлық есептік көрсеткіш

Жылына бір рет

Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердiң ата-аналары және екiншi рет некеге тұрмаған жесiрлерi

40 айлық есептік көрсеткіш

Жылына бір рет

Ауғанстандағы немесе соғыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттердегі соғыс қимылдары кезінде қаза тапқан (хабар ошарсыз кеткен) немесе жаралану, контузия алу, мертігу, ауру салдарынан қайтыс болған әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің отбасылары; бейбіт уақытта әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет атқару    кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің отбасылары, қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан ішкі істер органдары қызметкерлерінің отбасылары; Чернобыль АЭС-тағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарын жою кезінде қаза тапқандардың отбасылары; сәуле аурулары салдарынан қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектердің, сондай-ақ қайтыс болуы Чернобыль АЭС – тағы апаттың  және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың әсеріне белгіленген тәртіппен байланысты болған азаматтардың отбасылары Қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және соларға теңестірілген мүгедектердің әйелі (ері), сондай – ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын әрекет жасаушылардың, «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен немесе «Қоршаудағы Ленинградтың тұрғынына» белгісімен марапатталған азаматтардың, жалпы сырқаттанудың, еңбекте мертігудің және басқа да себептердің (құқыққа қарсыларын қоспағанда) салдарынан мүгедек деп танылғандардың екінші рет некеге отырмаған әйелі (ері)

40 айлық есептік көрсеткіш

Жылына бір рет
 

5

1 маусым- Балаларды қорғау күні

16 жастан 18 жасқа дейінгі барлық топтағы мүгедек балалар және 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар

5 айлық есептік көрсеткіш

Жылына бір рет

6

30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституциясы күні

Асыраушысынан айырылуы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы (балаларға) алушылар

8 айлық есептік көрсеткіш

Жылына бір рет

Қазақстан Республикасы алдында сіңірген ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған тұлғалар

60 айлық есептік көрсеткіш

Жылына бір рет

Барлық топтағы мүгедектер, 16 жастан 18 жасқа дейінгі барлық топтағы мүгедек балалар және 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар

5 айлық есептік көрсеткіш

Жылына бір рет

7

Қазақстан Республикасының мүгедектер күні

Барлық топтағы мүгедектер, 16 жастан 18 жасқа дейінгі барлық топтағы мүгедек балалар және 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар

5 айлық есептік көрсеткіш

Жылына бір рет

8

16 желтоқсан- Тәуелсіздік күні

Барлық топтағы мүгедектер, 16 жастан 18 жасқа дейінгі барлық топтағы мүгедек балалар және 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар

5 айлық есептік көрсеткіш

Жылына бір рет

Қазақстан Республикасының 5 сәуірдегі 1999 жылғы «Қазақстан Республикасында арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» Заңына сәйкес арнаулы мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алмайтын тұлғалар санаты

9

1 қазан - Халықаралық қарттар күні

Жасы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар және 70 жастан асқан зейнеткерлер

2 айлық есептік көрсеткіш

Жылына бір рет

10

30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституциясы күні

1991 жылға дейін Маңғыстау облысы алдында сіңірген ерекше еңбегі үшін дербес зейнетақы тағайындалған тұлғалар

36 айлық есептік көрсеткіш

Жылына бір рет

11

9 мамыр - Жеңіс күні

Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккендер қатарына жататын азаматтар

20 000 теңге

Жылына бір рет


      АЭС - атом электр станциясы