Құрық ауылы бойынша аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) және жер учаскелері үшін төлемақының базалық мөлшерлемесіне түзету коэффициенттерін бекіту туралы

Қарақия аудандық мәслихатының 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 24/236 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 22 қаңтарда № 2598 болып тіркелді.

Жаңартылған

      Ескерту. Тақырыпта және бүкіл мәтін бойынша «ставкаларына»,  деген сөз «мөлшерлемесіне» деген сөзбен ауыстырылды - Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 28.10.2015 № 29/298шешімімен(жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 811 баптарына, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 387 бабына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Қарақия аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қоса беріліп отырған Құрық ауылы бойынша аймақтарға бөлу жобасы (схемасы) және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері бекітілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қарақия аудандық мәслихатының заңдылық, депутаттар өкілеттігі және әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (комиссия төрағасы Е.Таджибаев).
      3. «Қарақия аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі осы шешім мемлекеттік тіркелгеннен кейін, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Сессия төрағасы                         Н.Челеева
      Аудандық мәслихат хатшысының
      өкілеттігін жүзеге асырушы              Қ. Көшенов


      «КЕЛІСІЛДІ»
      «Қарақия аудандық жер қатынастары
      бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы
      Төлегенов Әбдіхалық
      2014 жыл 15 желтоқсан
 

      «Қарақия ауданы бойынша мемлекеттік кіріс
      басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы
      Абилов Баймұрат
      2014 жыл 15 желтоқсан
 
 


Аймақтар сипаттамасы

      I аймақ: Бұл аймаққа Құрық ауылының теңіз жағалауы төртінші аймаққа кіретін (32 км теңіз жағалауымен созылып жатқан) Тоқмақ мүйісінен басқа жерлер жатады.
      II аймақ: Құрық ауылының шығысы мен «Қызылқұм» мүйісі және селоның батысы мен өнеркәсіп жерлері, сонымен қатар жел электр станциясының жері жатады.
      III аймақ: Құрық ауылының оң түстігіне бағытталған тұрғын аумағы жатады. Бұл аймақта Сәтпаев, Қазақ ауыл, Жолшы массив, Барлаушы массив, Уалиханов, Жангельдин, Маметова, Сәлімжан, Автобаза, Авиатор, Алиев, Абай көшелері және 3А, 4, 5, 9, 10, 13, 14 шағын аудандары жатады.
      IV аймақ: Төртінші аймақта Ералиев станциясы орналасқан Құрық ауылының солтүстік-батыс аумағы. 32 км теңіз жағалауымен созылып жатқан «Тоқмақ» мүйісі және ауыл шаруашылығы жерлері орналасқан оңтүстік және оңтүстік-батыс аумағы жатады.