"Ақтау қаласы бойынша әлеуметтік көмектің шекті мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау туралы" 2013 жылғы 12 желтоқсандағы № 16/154 қалалық мәслихаттың шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2014 жылғы 06 маусымдағы № 21/197 шешімі. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 04 шілдеде № 2473 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2016 жылғы 21 қазандағы № 5/58 шешімімен

Күшін жойған
      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 21.10.2016 № 5/58 шешімімен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, "Қазақстан Республикасының жергілікті мемелекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. "Ақтау қаласы бойынша әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау туралы" 2013 жылғы 12 желтоқсандағы № 16/154 қалалық мәслихаттың шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2338 болып тіркелген, № 21-21 (11235-11236) "Маңғыстау" газетінде 2014 жылғы 1 ақпанда жарияланған) төмендегідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген 2 қосымшасында:
       2 тармақ келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
       "2. Мемлекеттік зейнетақы және жәрдемақы алмайтын, әлеуметтік мәні бар ауруы бар тұлғаларға: онкологиялық науқастар, мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық мекемеден шығарылған, туберкулезден қолдаушы фаза емін алып отырған азаматтар, иммунитет тапшылығы вирусын жұқтырып алған тұлғаларға әлеуметтік көмек емделу мен қосымша тамақтандыруға өтініш бойынша табыс есебінсіз, біржолғы, 26 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде (ақшалай немесе жаратынды түрде) көрсетіледі";
       4 тармақ алынып тасталсын;
       келесі мазмұндағы 6-1 тармақпен толықтырылсын:
      "6-1. Қазақстан Республикасының оқу орындарында бакалавр академиялық дәрежесін алу үшін білім беру қызметіне ақы төлеуге күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын мүгедектігі бар, өтініш берген уақыттың алдыңғы он екі айға, Маңғыстау облысы бойынша ең төмен күнкөріс деңгейінің еселік шамасы 1,5-нан төмен жан басына шаққандағы орташа табысы бар отбасыларға көрсетіледі.".
      2. Ақтау қалалық мәслихаты аппаратының басшысы (Д.Телегенова) осы шешім мемлекеттік тіркелгеннен кейін, оның "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін (С.Шудабаева).
      4. Осы шешім Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы,
      қалалық мәслихат хатшысы М.Молдағұлов

      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Ақтау қалалық жұмыспен қамту
      және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      Г. Хайрлиева
      06 маусым 2014 жыл
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Ақтау қалалық экономика
      және бюджеттік жоспарлау бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      А. Ким
      06 маусым 2014 жыл