РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Күші жойылды – Маңғыстау облысы әкімдігінің 31.07.2015 № 231 қаулысымен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2) «Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
3) «Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
4) «Мүмкіндіктері шектеулі балаларды тексеру және оларға психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық көмек көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
5) «Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
6) «Мүмкіндіктері шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға консультациялық көмек көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
7) Күші жойылды – Маңғыстау облысы әкімдігінің 31.07.2015 № 231 қаулысымен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).;
8) «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
9) «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
10) «Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім беру ұйымдарына қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
11) «Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
12) «Аз қамтылған отбасылардағы балалардың қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
2. «Маңғыстау облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Д.Н. Жұмашева) осы қаулының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б.Ғ. Нұрғазиеваға жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Облыс әкімі А. Айдарбаев
«КЕЛІСІЛДІ»
«Маңғыстау облысының
білім басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Д.Н. Жұмашева
08 желтоқсан 2014 жыл
Маңғыстау облысы әкімдігінің
2014 жылғы 08 желтоқсан
№ 301 қаулысымен бекітілген
«Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі жастағы (7 жасқа толмаған) балаларды кезекке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламент
Ескерту. Күші жойылды – Маңғыстау облысы әкімдігінің 31.07.2015 № 231 қаулысымен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Маңғыстау облысы әкімдігінің
2014 жылғы 08 желтоқсан
№ 301 қаулысымен бекітілген
«Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті 1. Жалпы ережелер
1. «Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары, жалпы орта білім беру ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдау және беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі: білім алушыны ата-анасының бірінің немесе заңды өкілінің өтініші негізінде балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымына қабылдау.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс–қимылды) бастауға Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 маусымдағы № 633 қаулысымен бекітілген «Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттардың қоса берілуімен көрсетілетін қызметті алушы ата-анасының өтініші негіздеме болып табылады.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс–қимылдың) мазмұны:
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкерінің құжаттарды қабылдауы және тіркеуі;
2) көрсетілетін қызметті беруші басшысының құжаттарды қарауы және құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына беруі;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысының құжаттарды қарауы және білім алушыны қосымша білім беру ұйымына қабылдау.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.
7. Әрбір рәсімнің (іс–қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс–қимылдардың) реттілігін сипаттау:
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері құжаттарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады – 5 минуттан аспайды;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды тексереді және көрсетілетін қызметті беруші жауапты орындаушысына қарауға береді – 5 минуттан аспайды;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы ұсынылған құжаттарды Стандарттың 9-тармағына сәйкестігін тексереді, ұсынылған құжаттарды тексеріп, талдау жасағаннан кейін білім алушыны балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымына қабылдайды – 5 минуттан аспайды.
8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау осы «Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне (бұдан әрі – Регламент) 1-қосымшаға сәйкес блок-схемамен сүйемелденеді.
9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) реті, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы осы Регламентке 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.
«Балаларға қосымша білім беру бойынша
қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар
қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
1-қосымша
Ескерту: аббревиатураларды ажыратып жазу:
ҚФБ–құрылымдық-функционалдық бірлік
«Балаларға қосымша білім беру бойынша
қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар
қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымша
Маңғыстау облысы әкімдігінің
2014 жылғы 08 желтоқсан
№ 301 қаулысымен бекітілген
«Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Ескерту. Күші жойылды – Маңғыстау облысы әкімдігінің 31.07.2015 № 231 қаулысымен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Маңғыстау облысы әкімдігінің
2014 жылғы 08 желтоқсан
№ 301 қаулысымен бекітілген
«Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті 1. Жалпы ережелер
1. «Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру жөніндегі комитеттің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚКО) арқылы жүзеге асырылады
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі негізгі орта білім туралы куәліктің телнұсқасын, жалпы орта білім туралы аттестат телнұсқасын беру болып табылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс - қимыл тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс–қимылды) бастауға негіздеме көрсетілетін қызметті берушімен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 мамырдағы № 538 қаулысымен бекітілген «Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 9–тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды және өтінішті қабылдауы болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс–қимылдың) мазмұны:
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесі қызметкерінің құжаттарды қабылдауы және тіркеуі;
2) көрсетілетін қызметті беруші басшысының құжаттарды қарауы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысының құжаттарды қарауы;
4) көрсетілетін қызметті беруші басшысының мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесіне қол қоюы;
5) мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға беру.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.
7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарын қабылдайды және тіркейді, құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына береді – 15 минуттан аспайды;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына орындауға береді – 15 минут;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын Стандарттың 9–тармағында көзделген талаптарға сәйкестігін қарайды, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін дайындайды және қол қоюға көрсетілетін қызметті берушінің басшысына береді – 28 күнтізбелік күннен аспайды;
4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қояды – 1 жұмыс күні ішінде;
5) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін береді – 15 минут.
8. Рәсімдердің (іс–қимылдардың) реттілігін сипаттау осы «Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне (бұдан әрі – Регламент) 1–қосымшаға сәйкес блок–схемамен сүйемелденеді.
4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс–қимыл тәртібін, сондай–ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
9. ХҚКО-на жүгіну тәртібін көрсетілетін қызметті берушінің сұрау салуын өңдеу ұзақтығын сипаттау:
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ХҚКО-на жүгінеді;
2) ХҚКО-ның қызметкері көрсетілетін қызметті алушыдан өтінішті қабылдайды және қолхатты береді – 10 минуттан аспайды.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, ХҚКО-ның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және Стандарттың қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхатты береді – 15 минуттан аспайды.
3) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ХҚКО-ның қызметкері көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпия мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісімін алады – 5 минуттан аспайды;
4) ХҚКО-ның қызметкері көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіреді, көрсетілетін қызметті алушы туралы тиісті ақпаратты және берілген құжаттар тізімін ХҚКО ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – ХҚКО АЖ) енгізеді – 5 минуттан аспайды;
5) ХҚКО-ның қызметкері құжаттар топтамасын дайындайды және оны көрсетілетін қызметті алушыға курьерлік немесе өзге де осыған уәкілетті байланыс арқылы жібереді – 1 күннен аспайды;
көрсетілетін қызметті беруші телнұсқаны дайындайды және ХҚКО-на жолдайды – 28 күнтізбелік күннен аспайды;
6) ХҚКО-ның қызметкері құжаттар топтамасын қабылдау туралы қолхатта көрсетілген мерзімде, көрсетілетін қызметті алушыға телнұсқа береді – 15 минуттан аспайды.
10. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс–қимылдардың) реті, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс–қимылдарының толық сипаттамасы, сонымен қатар ХҚКО–мен өзара іс–қимыл тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы Регламентке 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес–процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес–процестерінің анықтамалығы көрсетілетін қызметті берушінің интернет–ресурсында орналастырылады.
«Негізгі орта, жалпы орта білім туралы
құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне 1–қосымша
Ескерту: аббревиатураларды ажыратып жазу:
ҚФБ – құрылымдық-функционалдық бірлік
«Негізгі орта, жалпы орта білім туралы
құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
2–қосымша
Маңғыстау облысы әкімдігінің
2014 жылғы 08 желтоқсан
№ 301 қаулысымен бекітілді
«Аз қамтылған отбасылардағы балалардың қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті 1. Жалпы ережелер
1. «Аз қамтылған отбасылардағы балалардың қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Маңғыстау облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі, аудандардың және қалалардың білім бөлімдері, білім беру ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдау және беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі: қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерге жолдама.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
2. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) iс-қимыл тәртiбiн сипаттау
4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс–қимылды) бастауға негіздеме көрсетілетін қызметті берушімен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 маусымдағы № 633 қаулысымен бекітілген «Аз қамтылған отбасылардағы балалардың қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 9–тармағында көрсетілген құжаттардың және ерікті нысан бойынша өтініштің қабылдануы болып табылады
5. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнiң құрамына кiретiн рәсiмнің (iс-қимылдың) мазмұны:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкерінің құжаттарды қабылдауы және тіркеуі;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысының құжаттарды қарауы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысының құжаттарды қарауы;
4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысының мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қоюы;
5) мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға беру.
3. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызмет берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-қимыл тәртiбiн сипаттау
6. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет процесiне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлiмшелерiнің (қызметкерлерiнің) тiзбесi:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.
7. Әрбір рәсiмнiң (iс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады, құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына береді - 15 минуттан аспайды;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына орындауға береді -10 минуттан аспайды;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттардың Стандарттың 9-тармағында көзделген қойылатын талаптарға сәйкестігін қарайды, қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерге жолдама ресімдейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жолдайды - 15 жұмыс күні;
4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қояды - 5 минуттан аспайды;
5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері жолдаманы көрсетілетін қызметті алушыға береді - 10 минуттан аспайды.
8. Рәсімдердің (іс–қимылдардың) реттілігін сипаттау осы «Аз қамтылған отбасылардағы балалардың қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне (бұдан әрі – Регламент) 1– қосымшаға сәйкес блок–схемамен сүйемелденеді.
9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс–қимылдардың) реті, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс – қимылдарының толық сипаттамасы осы Регламентке 2–қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес–процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес–процестерінің анықтамалығы көрсетілетін қызметті берушінің интернет–ресурсында орналастырылады.
«Аз қамтылған отбасылардағы балалардың
қала сыртындағы және мектеп жанындағы
лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау
және жолдама беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне 1–қосымша
Ескерту: аббревиатураларды ажыратып жазу:
ҚФБ – құрылымдық-функционалдық бірлік
«Аз қамтылған отбасылардағы балалардың
қала сыртындағы және мектеп жанындағы
лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау
және жолдама беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне 2–қосымша
Маңғыстау облысы әкімдігінің
2014 жылғы 08 желтоқсан
№ 301қаулысымен бекітілген
«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті 1. Жалпы ережелер
1. «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдау және беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі: құжаттарды қабылдау туралы қолхат (еркін нысанда).
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдылық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 маусымдағы № 633 қаулысымен бекітілген «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 9-тармағымен көзделген құжаттар және еркін нысандағы өтініш негіздеме болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкерінің құжаттарды қабылдауы және тіркеуі;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысының құжаттарды қарауы;
3) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға беру.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы.
7. Әрбір рәсімнің (іс–қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс–қимылдардың) реттілігін сипаттау:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қабылдайды, оларды тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарауға жібереді - 15 минуттан аспайды;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарайды, қолхатқа қол қояды және кеңсеге жібереді – 1 жұмыс күні;
3) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері қолхатты тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін береді – 15 минуттан аспайды.
8. Рәсімдердің (іс–қимылдардың) реттілігін сипаттау осы «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне (бұдан әрі – Регламент) 1–қосымшаға сәйкес блок–схемамен сүйемелденеді.
9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс–қимылдардың) реті, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс – қимылдарының толық сипаттамасы осы Регламентке 2–қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес–процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес–процестерінің анықтамалығы көрсетілетін қызметті берушінің интернет–ресурсында орналастырылады.
«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру
ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы
бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды
ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымша
Ескерту: аббревиатураларды ажыратып жазу:
ҚФБ – құрылымдық-функционалдық бірлік
«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру
ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы
бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды
ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымша
Маңғыстау облысы әкімдігінің
2014 жылғы 08 желтоқсан
№ 301 қаулысымен бекітілді
«Мүмкіндіктері шектеулі балаларды тексеру және оларға психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық көмек көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті 1. Жалпы ережелер
1. «Мүмкіндіктері шектеулі балаларды тексеру және оларға психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық көмек көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдау және беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі жазбаша қорытынды болып табылады. Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация беру мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі жазбаша ұсыным болып табылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 мамырдағы № 538 қаулысымен бекітілген «Мүмкіндіктері шектеулі балаларды тексеру және оларға психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық көмек көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 9-тармағында көрсетілген құжаттар және еркін нысандағы өтініш негіз болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны:
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкерінің құжаттарды қабылдауы және тіркеуі;
2) көрсетілетін қызметті беруші басшысының құжаттарды қарауы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысының құжаттарды қарауы;
4) көрсетілетін қызметті беруші басшысының мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесіне қол қоюы;
5) көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру.
3.Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.
7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды қабылдауды және оларды тіркеуді жүзеге асырады, құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарауға жолдайды – 15 минуттан аспайды;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын анықтайды – 15 минуттан аспайды;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы келіп түскен құжаттарды қарайды:
тексеру жүргізеді – күнтізбелік 14 күннен аспайды;
консультация көрсетеді – 1 (бір) сағаттан аспайды;
қорытындының/ұсынымның жобасын ресімдейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарауға береді;
4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қорытындыға/ұсынымға қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне жібереді – 15 минуттан аспайды;
5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері қорытындыны/ұсынымды есепке алу журналына тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға береді – 15 минуттан аспайды.
8. Рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау осы «Мүмкіндіктері шектеулі балаларды тексеру және оларға психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық көмек көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне (бұдан әрі – Регламент) 1-қосымшаға сәйкес блок – схемамен сүйемелденеді.
9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) реті, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы осы Регламентке 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.
«Мүмкіндіктері шектеулі балаларды тексеру және
оларға психологиялық-медициналық-педагогикалық
консультациялық көмек көрсету» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымша
Ескерту: аббревиатураларды ажыратып жазу:
ҚФБ – құрылымдық-функционалдық бірлік
«Мүмкіндіктері шектеулі балаларды тексеру және
оларға психологиялық-медициналық-педагогикалық
консультациялық көмек көрсету» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентініне 2-қосымша
Маңғыстау облысы әкімдігінің
2014 жылғы 08 желтоқсан
№ 301қаулысымен бекітілген
«Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға консультациялық көмек көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті 1. Жалпы ережелер
1. «Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға консультациялық көмек көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) оңалту орталықтары, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдау және беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметтің нәтижесі мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға консультациялық көмек көрсету жөніндегі қорытынды болып табылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 мамырдағы № 538 қаулысымен бекітілген «Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға консультациялық көмек көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 9-тармағында көзделген құжаттар және еркін нысандағы өтініш негіздеме болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны:
1) көрсетілетін қызметті беруші әдіскерінің құжаттарды қабылдауы және тіркеуі;
2) көрсетілетін қызметті беруші басшысының құжаттарды қарауы;
3) көрсетілетін қызметті беруші әдіскерінің құжаттарды қарауы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің әдіскері;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің мамандары.
7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:
1) көрсетілетін қызметті берушінің әдіскері құжаттар қабылдауды, оларды тіркеуді жүзеге асырады –15 минуттан аспайды;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттар топтамасымен танысады – 10 минуттан аспайды;
3) көрсетілетін қызметті берушінің әдіскері көрсетілетін қызметті берушінің психофизикалық ерекшеліктерін ескере отырып, консультациялардың санын айқындайды және мемлекеттік қызмет көрсету графигін белгілейді – 10 минуттан аспайды;
4) көрсетілетін қызметті берушінің мамандары мүмкіндігі шектеулі баланы тәрбиелеп отырған отбасыға консультациялық көмек көрсету жөніндегі қорытынды береді – 25 минуттан аспайды.
8. Рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау осы «Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға консультациялық көмек көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне (бұдан әрі – Регламент) 1-қосымшаға сәйкес блок – схемамен сүйемелденеді.
9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) реті, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы осы Регламентке 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.
«Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған
отбасыларға консультациялық көмек көрсету» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымша
Ескерту: аббревиатураларды ажыратып жазу:
ҚФБ – құрылымдық-функционалдық бірлік
«Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған
отбасыларға консультациялық көмек көрсету» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымша
Маңғыстау облысы әкімдігінің
2014 жылғы 08 желтоқсан
№ 301 қаулысымен бекітілген
«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті 1. Жалпы ережелер
1. «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) бастауыш, негізгі орта, жалпы білім беру ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдау және беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) «электрондық үкіметтің» www.edu.gov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық/қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі: бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымына қабылдау туралы бұйрық.
Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі қағаз жеткізгіште рәсімделеді.
Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» білім беру ұйымына қабылданғаны туралы, көрсетілетін қызметті берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында хабарлама келеді.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 маусымдағы № 633 қаулысымен бекітілген «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттардың қоса берілуімен көрсетілетін қызметті алушының өтініші немесе электрондық сұрау салу мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс - қимылды) бастауға негіздеме болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкерінің құжаттарды қабылдауы және тіркеуі;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысының құжаттарды қарауы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысының құжаттарды қарауы;
4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысының бұйрыққа қол қоюы;
5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкерінің бұйрықты тіркеуі.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процессінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.
7. Әрбір рәсімнің (іс–қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс–қимылдардың) реттілігін сипаттау:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады, құжаттардың көшірмелерін құжаттардың түпнұсқаларымен салыстырады, Стандарттың қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттардың қабылданғаны туралы қолхатты бере отыра, түпнұсқаларын қайтарады және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарауға береді - 15 минуттан аспайды;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын анықтайды - жұмыс күні ішінде;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы бұйрық жобасын ресімдейді, көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жібереді - жұмыс күні ішінде;
4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы бұйрық жобасын қарайды, қол қояды және кеңсеге жібереді - жұмыс күні ішінде;
5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері бұйрықты тіркейді - 15 минуттан аспайды.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері: бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымына қабылдау үшін:
оқудың күндізгі және кешкі нысанына – 30 тамыздан кешіктірмей;
бірінші сыныпқа – 1 шілдеден бастап 30 тамыз аралығында.
8. Рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау осы «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне (бұдан әрі – Регламент) 1-қосымшаға сәйкес блок-схемамен сүйемелденеді.
4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жасасу тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
9. Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде жүгіну тәртібін және көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушы рәсімдерінің (іс-қимылдарының) реттілігін сипаттау:
1) көрсетілетін қызметті алушы жеке сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі – ЖСН) және парольдің көмегімен порталда тіркелуді жүзеге асырады;
2) 1-процесс – қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушының порталда ЖСН мен паролін енгізуі (авторизациялау процесі);
3) 1-шарт – ЖСН мен пароль арқылы тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің түпнұсқалығын порталда тексеру;
4) 2-процесс – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарында бұзушылықтың болуына байланысты порталда авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
5) 3-процесс – көрсетілетін қызметті алушының осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсету үшін экранға сұрау салу нысанын шығару және нысан талаптары мен оның құрылымын ескере отырып, көрсетілетін қызметті алушының нысанды толтыруы (деректерді енгізуі), Стандартта көрсетілген қажетті құжаттардың электрондық түріндегі көшірмелерін сұрау салу нысанына бекіту, сондай-ақ сұрау салуды куәландыру (қол қою) үшін көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;
6) 2-шарт – порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолдану мерзімін және қайтарылған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде жоқтығын, сондай-ақ сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін (сұрау салуда көрсетілген ЖСН мен ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН арасында) тексеру;
7) 4-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ расталмауына байланысты сұратылатын қызметтен бас тарту хабарламасын қалыптастыру;
8) 5-процесс – көрсетілетін қызметті беруші сұрауды өңдеу үшін электрондық үкіметінің шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) арқылы көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ-мен куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжат (көрсетілетін қызметтті алушының сұрау салуын) электрондық үкіметтің өңірлік шлюзінің автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі – ЭҮӨШ АЖО) жолдау;
9) 3-шарт – көрсетілетін қызметті берушінің қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушының Стандартта көрсетілген ұсынған құжаттарын қоса берілген құжаттарымен сәйкестігін және негіздерін тексеруі;
10) 6-процесс – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарында бұзушылықтың болуына байланысты сұратылып отырған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
11) 7-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭҮӨШ АЖО қалыптастырылған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін (электрондық құжат нысанындағы хабарламаны) алуы.
10. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы осы Регламентке 2-қосымшада келтірілген.
11. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы Регламентке 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы порталда, көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.
«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім
берудің жалпы білім беретін бағдарламалары
бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына
қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды
қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне 1–қосымша
Ескерту: аббревиатураларды ажыратып жазу:
ҚФБ – құрылымдық-функционалдық бірлік
«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім
берудің жалпы білім беретін бағдарламалары
бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына
қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды
қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне 2–қосымша
«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім
берудің жалпы білім беретін бағдарламалары
бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына
қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды
қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне 3–қосымша
Маңғыстау облысы әкімдігінің
2014 жылғы 08 желтоқсан
№ 301 қаулысымен бекітілді
«Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім беру ұйымдарына қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті 1. Жалпы ережелер
1. «Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім беру ұйымдарына қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) арнайы білім беру ұйымдары, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдау және беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі: арнайы білім беру ұйымына немесе бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымына қабылданғаны туралы бұйрық.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 маусымдағы № 633 қаулысымен бекітілген «Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім беру ұйымдарына қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұда нәрі – Стандарт) 9-тармағымен көзделген құжаттар және еркін нысандағы өтініш болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны:
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері құжаттарды қабылдауы және тіркеуі;
2) көрсетілетін қызметті беруші басшысының құжаттарды қарауы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысының құжаттарды қарауы;
4) көрсетілетін қызметті беруші басшысының бұйрыққа қол қоюы;
5) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері бұйрықты тіркеуі.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлердің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.
7. Әрбір рәсімнің (іс–қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс–қимылдардың) реттілігін сипаттау:
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері арнайы білім беру ұйымына, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымына қабылдау үшін құжаттарын қабылдауды жүзеге асырады (3 минуттан аспайды) - 30 тамыздан кешіктірмей, бірінші сыныпқа – 1 шілдеден бастап 30 тамыз аралығында қабылдайды және көрсетілетін қызмет берушінің басшысына құжаттарды жолдайды;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын анықтайды (2 минуттан аспайды);
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы түскен құжаттарды тексереді, бұйрық жобасын дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына береді (5 минуттан аспайды);
4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы бұйрыққа қол қояды және оны тіркеу үшін мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жолдайды (2 минуттан аспайды);
5) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері бұйрықты тіркейді (3 минуттан аспайды).
8. Рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау осы «Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім беру ұйымдарына қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне (бұдан әрі – Регламент) 1-қосымшаға сәйкес блох-схемамен сүйемелденеді.
9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) реті, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы осы Регламентке 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.
«Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары
бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі
балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім
беру ұйымдарына қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне 1–қосымша
Ескерту: аббревиатураларды ажыратып жазу:
ҚФБ – құрылымдық-функционалдық бірлік
«Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары
бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың
құжаттарын қабылдау және арнайы білім беру ұйымдарына
қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
2–қосымша
Маңғыстау облысы әкімдігінің
2014 жылғы 08 желтоқсан
№ 301 қаулысымен бекітілген
«Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті 1. Жалпы ережелер
1. «Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) оңалту орталықтары, психологиялық – педагогикалық түзету кабинеттері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдау және беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссияның қорытындысы болып табылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 мамырдағы № 538 қаулысымен бекітілген «Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Cтандарт) 9-тармағында көзделген құжаттар және еркін нысандағы өтініш негіз болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны:
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері құжаттарды қабылдауы және тіркеуі;
2) көрсетілетін қызметті беруші басшысының құжаттарды қарауы, психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссияның құрамын анықтауы және көрсетілетін қызметті алушымен шарт жасасуы;
3)психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссияның құжаттарды қарауы, дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеуді жүргізуі, қорытындының жобасын дайындауы;
4) көрсетілетін қызметті беруші басшысының қорытындыға қол қоюы;
5) көрсетілетін қызметті алушыға қорытындыны беруі.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
3) психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссия.
7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қабылдайды және тіркейді, құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына береді – 15 минуттан аспайды;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қарайды, психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссияның құрамын анықтайды және көрсетілетін қызметті алушымен шарт жасасады – 60 минут;
3) психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссия бағдарлама түзіп жасайды, дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеуді жүргізеді, қорытынды жобасын дайындайды – күнтізбелік 90 күннен бастап 180 күнге дейін;
4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қорытындыға қол қояды – 15 минуттан аспайды;
5) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға қорытындыны береді – 15 минуттан аспайды.
8. Рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау осы «Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне (бұдан әрі – Регламент) 1-қосымшаға сәйкес блок – схемамен сүйемелденеді.
9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) реті, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы осы Регламентке 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.
«Дамуында проблемалары бар балалар
мен жасөспірімдерді оңалту және
әлеуметтік бейімдеу» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
1-қосымша
Ескерту: аббревиатураларды ажыратып жазу:
ҚФБ–құрылымдық-функционалдық бірлік
«Дамуында проблемалары бар балалар
мен жасөспірімдерді оңалту және
әлеуметтік бейімдеу» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
2-қосымша
Маңғыстау облысы әкімдігінің
2014 жылғы 08 желтоқсан
№ 301 қаулысымен бекітілген
«Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті 1. Жалпы ережелер
1. «Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдау және беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру болып табылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс–қимылды) бастауға көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 мамырдағы № 538 қаулысымен бекітілген «Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 9–тармағына сәйкес өтінішінің және құжаттарының болуы негіздеме болып табылады.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс–қимылдың) мазмұны:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкерінің құжаттарды қабылдауы және тіркеуі;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысының құжаттарды қарауы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысының құжаттарды қарауы және негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымына жіберуі;
4) негізгі орта, жалпы орта білім беру білім беру ұйымының экстернат нысанында оқуға рұқсат беруі туралы бұйрық шығаруы және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына хат жолдауы;
5) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысының рұқсат берудің жобасын ресімдеуі;
6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысының рұқсат беруге қол қоюы;
7) көрсетілетін қызметті алушыға рұқсат беруді беруі.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіне қатысатын құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;
4) негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымы.
7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтылығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметшілер) арасында рәсімдердің (іс-қимылдың) реттілігін сипаттау:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды қабылдауды және оларды тіркеуді жүзеге асырады, құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарауға жолдайды – 15 минуттан аспайды;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын анықтайды – 15 минуттан аспайды;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы келіп түскен құжаттарды қарайды және негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымына жолдайды – 3 жұмыс күнінен аспайды;
4) негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымы көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қарайды, экстернат нысанында оқуға рұқсат беру туралы бұйрық шығарады және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына хат жолдайды – 6 жұмыс күнінен аспайды;
5) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы бұйрықтың негізінде рұқсат берудің жобасын ресімдейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жібереді – 4 жұмыс күнінен аспайды;
6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы рұқсат беруге қол қоюды және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне жібереді – 1 жұмыс күнінен аспайды;
7) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға рұқсат беруді береді – 15 минуттан аспайды.
8. Рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау осы «Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне (бұдан әрі – Регламент) 1-қосымшаға сәйкес блок-схемамен сүйемелденеді.
9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) реті, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы осы Регламентке 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.
«Негізгі орта, жалпы орта білім беру
ұйымдарында экстернат нысанында
оқуға рұқсат беру» мемлекеттік