РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы әділет министрі орынбасарының 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 13-5-10/И-2954 хатын орындау мақсатында Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қалалық мәслихаттың 2014 жылғы 06 маусымдағы № 21/198 «Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы және мереке күндерінің тізбесін, оны көрсету еселігін бекіту, сондай-ақ әлеуметтік көмектің мөлшерін белгілеу туралы» 2013 жылғы 12 желтоқсандағы № 16/155 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2014 жылғы 08 шілдеде № 2475 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 21 шілдеде және 2014 жылғы 22 шілдедегі № 121 «Маңғыстау» газетінде жарияланған) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
шешімнің мемлекеттік тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді:
1 қосымшаның жоғарғы оң бұрышындағы «Ақтау қалалық маслихатының 2014 жылғы 06 маусымдағы № 21/201 шешімімен бекітілген» деген мәтінде «маслихатының» сөзі жаңа редакцияда жазылсын:
«мәслихатының»;
шешімнің ресми тіліндегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылды.
2. Ақтау қалалық мәслихатының аппарат басшысы (Д.Телегенова) осы шешім Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (С.Шудабаева).
4. Осы шешім Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы,
қалалық мәслихаттың
хатшысы М.Молдағұлов
«КЕЛІСІЛДІ»
«Ақтау қалалық жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Г. Хайрлиева
2014 жылғы 21 қараша
«КЕЛІСІЛДІ»
«Ақтау қалалық экономика
және бюджеттік жоспарлау бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
А. Ким
2014 жылғы 21 қараша