РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек Кодексiнiң 238-бабының 3-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, «Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi туралы» Маңғыстау облыстық мәслихатының 2014 жылғы 30 шілдедегі № 18/275 шешімінің негізінде облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі айқындалсын.
2. «Маңғыстау облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Ж.Ұ. Ұланова) осы қаулының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б.Ғ. Нұрғазиеваға жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі А. Айдарбаев
«КЕЛІСІЛДІ»
«Маңғыстау облысының білім
басқармасы» мемлекеттік
мекемесінің басшысы
Д.Н. Жұмашева
08 қыркүйек 2014 жыл
«Маңғыстау облысының дене
шынықтыру және спорт
басқармасы» мемлекеттік
мекемесінің басшысы
С.И. Пахомов
08 қыркүйек 2014 жыл
«Маңғыстау облысының
денсаулық сақтау басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Р.Ф. Бектубаев
08 қыркүйек 2014 жыл
«Маңғыстау облысының жұмыспен
қамтуды үйлестіру және әлеуметтік
бағдарламалар басқармасы»
мемлекеттік мекемесі басшысының
міндетін атқарушы
Қ.І. Нұрмамедова
08 қыркүйек 2014 жыл
«Маңғыстау облысының мәдениет
басқармасы» мемлекеттік
мекемесінің басшысы
Б.Т. Базарбаев
08 қыркүйек 2014 жыл
«Маңғыстау облысының
экономика және бюджеттік
жоспарлау басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Ж.Ұ. Ұланова
08 қыркүйек 2014 жыл
«Облыстық ауыл шаруашылығы
басқармасы» мемлекеттік мекемесі
басшысының міндетін атқарушы
Т.Ш. Балтабеков
08 қыркүйек 2014 жыл
Маңғыстау облысының әкiмдiгiнiң
2014 жылғы 08 қыркүйек № 215 қаулысына
қосымша
Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының ТІЗБЕСІ
1. Денсаулық сақтау саласындағы мамандар лауазымдары:
1) мемлекеттiк мекеменің және қазыналық кәсiпорынның басшысы мен басшысының орынбасары, оның iшiнде медицина бөлiмi жөнiндегi;
2) бөлімше, станция, филиал, зертхана, орталық, бөлiм басшысы;
3) бөлiмшенің, кабинеттің, учаскенің меңгерушiсi;
4) мамандар (бас, аға), оның iшiнде: барлық мамандықтағы дәрiгерлер, медициналық бике, акушерка, зертханашы, медициналық зертханашы, медициналық статистик, провизор, психолог, статистик, әлеуметтік қызметкер, фармацевт, фельдшер, фельдшер-зертханашы.
2. Әлеуметтiк қамсыздандыру саласындағы мамандар лауазымдары:
1) мемлекеттiк мекеменің және қазыналық кәсiпорынның басшысы мен басшысының орынбасары, оның iшiнде орталықтың;
2) бөлiмше (орталық) меңгерушiсi;
3) мамандар (бас, аға), оның iшiнде: инспектор, консультант, үйде көрсетілетін әлеуметтік қызметкер, күтiм жөнiндегi әлеуметтiк қызметкер, әлеуметтiк жұмыс жөнiндегi маман.
З. Бiлiм беру саласындағы мамандар лауазымдары:
1) мемлекеттiк мекеменің және қазыналық кәсiпорынның басшысы мен басшысының орынбасары (басшының әкімшілік-шаруашылық бөлім жөніндегі орынбасарын қоспағанда);
2) мектепке дейiнгi мемлекеттiк мекеменің және қазыналық кәсiпорынның басшысы;
3) жалпы бiлiм беретiн мектептердiң, мектеп-интернаттардың және басқа да бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, қосымша бiлiм беру ұйымдарындағы директордың ғылыми, оқу, оқу - өндiрiстiк, оқу - тәрбие, тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары;
4) әдiстемелiк кабинеттің басшысы, интернат, оқу кабинетiнің меңгерушiсi;
5) мамандар (бас, аға), оның iшiнде: барлық мамандықтағы мұғалiмдер, кiтапханашы, жетекшi, тәрбиешi, нұсқаушы, мастер, медициналық бике, әдiстемешi, музыкалық жетекшi, оқытушы, үйiрме жетекшiсi, әлеуметтiк педагог, педагог-психолог, педагог-ұйымдастырушы, қосымша бiлiм беру педагогы, логопед- мұғалiм, дефектолог-мұғалiм.
4. Мәдениет саласындағы мамандар лауазымдары:
1) мемлекеттiк мекеменің және қазыналық кәсiпорынның басшысы мен басшысының орынбасары;
2) көркемдiк жетекшi;
3) кiтапхана, клуб, көркемдеп қою, әдеби-драмалық, музыкалық бөлiм меңгерушісі;
4) негізгі қызмет секторының және құрылымдық бөлімшенің (бөлiмінің) басшысы;
5) мамандар (бас, аға), оның iшiнде: аккомпаниатор, актер, музыка өңдеушісі, әртiс, балетмейстер, библиограф, кiтапханашы, дирижер, дыбыс режиссерi, нұсқаушы, барлық мамандықтағы инженер, өнертанушы, кинорежиссер, киномеханик, концертмейстер, мәдени ұйымдастырушы, музыкатанушы, музыкалық жетекшi, әдiстемешi, қоюшы оператор, кино-бейнепроекциялық аппаратурасының басқару пультiнiң операторы, режиссердiң көмекшiсi, режиссер, қоюшы-режиссер, үйірме жетекшісі, солист, хореограф, хормейстер, мұражай қорын сақтаушы, барлық атаудағы суретшiлер, экскурсовод.
5. Спорт саласындағы мамандар лауазымдары:
1) мемлекеттiк мекеменің және қазыналық кәсiпорынның басшысы мен басшысының орынбасары (басшының әкімшілік-шаруашылық бөлім жөніндегі орынбасарын қоспағанда);
2) бөлiмше, филиал, кешен басшысы;
3) спорт клубының меңгерушiсi;
4) мамандар (бас, аға), оның iшiнде: нұсқаушы, жаттықтырушы, мастер, барлық мамандықтағы дәрiгерлер, медициналық бике, әдiстемешi, психолог, фельдшер.
6. Ветеринария саласындағы мамандар лауазымдары:
1) мамандар (бас, аға), оның ішінде: медициналық ветеринария, санитарлық ветеринария.