"Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Сырдария ауданының әкімдігінің 2012 жылғы 19 наурыздағы N 107 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 14 қарашадағы N 438 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 08 желтоқсанда N 4811 болып тіркелді

Қолданыстағы
       «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы, «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес Сырдария ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» Сырдария ауданының әкімдігінің 2012 жылғы 19 наурыздағы № 107 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2012 жылғы 3 сәуірде № 10-8-170 тіркелген, аудандық «Тіршілік тынысы» газетінде 2012 жылы 11 сәуірде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы және «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес Сырдария ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:».
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Әжікеновке жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкіміҒ.Қазантаев