«Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 8 және 27-баптарына сәйкес Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.
Қосымшаға сәйкес Қызылорда қаласында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындар белгіленсін.
2.
Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Н. Ахатовқа жүктелсін.
3.
Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қызылорда қаласының әкімі |
Н. Нәлібаев |
Қызылорда қаласы әкімдігінің |
Қызылорда қаласында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындар
1.
Ғани Мұратбаев және Қожа Ахмет Ясауи көшелері қиылысының солтүстік жағы;
2.
Әбілхайырхан көшесінің бойы (3-ірілендірілген квартал, № 5 үйге қарсы алаң);
3.
«Мерей» мөлтек ауданында орналасқан «Сырдария» сауда үйі мен «Думан» мейрамханасының арасындағы алаң.