Кейбір Қызылорда қаласы әкімдігінің қаулылары мен Қызылорда қалалық мәслихатының шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Қызылорда қаласы мәслихатының 2014 жылғы 18 ақпандағы N 26/4 шешімі және Қызылорда қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 18 ақпандағы N 1610 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 20 наурызда N 4625 болып тіркелді

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына сәйкес Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қызылорда қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Осы қаулы мен шешімнің қосымшасымен ресімделген тізбеге сәйкес кейбір Қызылорда қаласы әкімдігінің қаулылары мен Қызылорда қалалық мәслихатының шешімдеріне өзгерістер енгізілсін.
      2. Осы қаулы мен шешiм олардың алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қызылорда қалалық
      мәслихатының кезектен тыс
      ХХVI сессиясының төрайымы              Г. ЖҰМАШЕВА

      Қызылорда қаласының әкімі              Н. НӘЛІБАЕВ

      Қызылорда қалалық
      мәслихатының хатшысы                   И. ҚҰТТЫҚОЖАЕВ

      Қызылорда қаласы әкімдігінің
      2014 жылғы 18 ақпандағы N 1610 қаулысы мен
      Қызылорда қалалық мәслихатының
      2014 жылғы 18 ақпандағы N 26/4
      шешіміне қосымша

       Кейбiр Қызылорда қаласы әкiмдiгiнiң қаулылары мен Қызылорда қалалық мәслихатының шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер тізбесі

      1. "Қызылорда қаласындағы атауы жоқ көшелерге атау беру туралы" Қызылорда қалалық әкімдігінің 2008 жылғы 28 наурыздағы N 2084 қаулысы және Қызылорда қалалық мәслихатының 2008 жылғы 28 наурыздағы
N 5/8 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік Тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 21 сәуірде N 10-1-86 тіркелген, 2008 жылғы 29 сәуірдегі "Ақмешіт ақшамы" газетінің N 24 санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      аталған қаулы мен шешім жаңа редакцияда жазылсын:
      ""Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы  Заңына және Қызылорда қалалық ономастика комиссиясының 2008 жылғы 19 наурыздағы N 1 ұйғарымына сәйкес Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қызылорда қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қызылорда қаласы "Сәулет" мөлтек ауданындағы атауы жоқ N 221 квартал әдебиет сыншысы, аудармашы, сатирик, Қазақстан Жазушылар одағының "Мағжан Жұмабаев" атындағы сыйлығының иегері Жарасқан Әбдірашев есімімен аталсын.
      2. Осы қаулы мен шешiм олардың алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.".
      2. "Қала көшелеріне жаңадан атау беру туралы" Қызылорда облысы Қызылорда қалалық 2010 жылғы 13 сәуірдегі мәслихатының N 29/9 қала әкімдігінің N 2781 бірлескен шешімі мен қаулысына (Нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тізілімінде 2010 жылғы 5 мамырда N 10-1-135 тіркелген, 2010 жылғы 14 мамырдағы "Ақмешіт ақшамы" газетінің N 21 санында, 2010 жылғы 14 мамырдағы "Қызылорда таймс" газетінің N 20 санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      аталған қаулы мен шешім жаңа редакцияда жазылсын:
      ""Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы  Заңына және Қызылорда қалалық ономастика комиссиясының 2010 жылғы 11 наурыздағы N 2/2, 2010 жылғы 30 наурыздағы N 3/1 ұйғарымдарына сәйкес Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қызылорда қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қызылорда қаласындағы "Федор Киняев – 1", "Федор Киняев – 2" көшелері Мешітбай Қаржаубаев есімімен аталсын.
      2. Қызылорда қаласындағы Жаппасбай батыр көшесінің сол жағындағы перпендикуляр орналасқан (мал базар қиылысы) көше Смағұл Ысқақов есімімен аталсын.
      3. Қызылорда қаласындағы Ізмұхамед Еділбаев көшесі Нұрділдә Сыздықов есімімен аталсын.
      4. Қызылорда қаласындағы Михаил Фрунзе тұйығы Әбди Асаубаев есімімен аталсын.
      5. Қызылорда қаласындағы Мұхамедғали Сужиков көшесінің аяқталған тұсынан дария жағалауындағы (халыққа қызмет көрсету орталығы бағыты) атауы жоқ көше Есен Демесінұлы Демесінов есімімен аталсын.
      6. Қызылорда қаласындағы Чиже Сан Тин атындағы көшесі Бауыржан Момышұлы есімімен аталсын.
      7. Қызылорда қаласындағы Төле би көшесіне параллель Яссауи көшесіне перпендикуляр орналасқан бірінші көше Жұмабай Бәкішев есімімен аталсын.
      8. Қызылорда қаласындағы Жаппасбай батыр көшесінің сол жағындағы параллель орналасқан үшінші көше Күдеріқожа Көшекұлы есімімен аталсын.
      9. Титов мөлтек ауданы бойынша: Көшеней Рүстембеков көшесінің сол жағынан перпендикуляр орналасқан (ұзындығы 200 м – 640 м аралығы) атауы жоқ көше аралығын 9 көше "Жаңақұрылыс-1", "Жаңақұрылыс-2", "Жаңақұрылыс-3", "Жаңақұрылыс-4", "Жаңақұрылыс-5", "Жаңақұрылыс-6", "Жаңақұрылыс-7", "Жаңақұрылыс-8", "Жаңақұрылыс-9" атауымен тиесілінше аталсын.
      10. Осы қаулы мен шешiм олардың алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.".
      3. "Қала көшелеріне жаңадан атау беру туралы" Қызылорда облысы Қызылорда қалалық 2010 жылғы 27 қазандағы мәслихатының N 35/3 қала әкімдігінің N 230 бірлескен шешім мен қаулысына (Нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тізілімінде 2010 жылғы 25 қарашадағы N 10-1-155 тіркелген, 2010 жылғы 3 желтоқсандағы "Ақмешіт ақшамы" газетінің N 51 санында, 2010 жылғы 3 желтоқсандағы "Қызылорда таймс" газетінің N 48 санында жарияланған.) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      аталған қаулы мен шешім жаңа редакцияда жазылсын:
      ""Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы  Заңына және Қызылорда қалалық ономастика комиссиясының 2010 жылғы 2 қыркүйектегі N 7/3, 2010 жылғы 26 қазандағы N 8/1 ұйғарымдарына сәйкес Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қызылорда қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қызылорда қаласындағы К.Рүстембеков көшесінің оң жағындағы перпендикуляр, М.Көкенов көшесіне параллель орналасқан 1-ші көше "Сауранбай болыс" атауымен, ал осы көшеге (Сауранбай болыс) сол жағынан перпендикуляр, К.Рүстембеков көшесінің оң жағындағы параллель орналасқан 1-ші тұйық "Сауранбай болыс тұйығы" атауымен аталсын.
      2. Қызылорда қаласындағы М. Көкенов көшесіне перпендикуляр, К.Рүстембеков көшесінің оң жағындағы параллель орналасқан 2-ші көше Ақаев Абдулла есімімен аталсын.
      3. Қызылорда қаласындағы М. Көкенов көшесіне перпендикуляр орналасқан, К.Рүстембеков көшесінің оң жағындағы параллель 5-ші көше Шамахан Құндызбаев есімімен, ал осы көшеге (Шамахан Құндызбаев) перпендикуляр, М.Көкенов көшесіне параллель орналасқан тұйық "Шамахан Құндызбаев тұйығы" болып аталсын.
      4. Қызылорда қаласындағы М.Көкенов көшесіне перпендикуляр орналасқан, К.Рүстембеков көшесінің оң жағындағы параллель 7-ші көше Бақытбек Ермақашев есімімен аталсын.
      5. Қызылорда қаласындағы Қ. Яссауи көшесіне перпендикуляр, Төле би көшесіне оң жағынан параллель орналасқан Қ. Яссауи тұйығы аталып кеткен 2-ші көше Жанайбек Сақтағанов есімімен аталсын.
      6. Қызылорда қаласындағы Сералы Лапин көшесі мен Бауыржан Момышұлы (бұрынғы Чиже Сан Тин көшесі) көшесінің ортасында перпендикуляр орналасқан N 253 орта мектептің тұсындағы атауы жоқ сол жағынан 1-ші көше Уатай Байменов есімімен аталсын.
      7. Қызылорда қаласындағы КБИ мөлтек ауданындағы П. Артемов көшесінің сол жағындағы перпендикуляр орналасқан "N 308 квартал" аталып кеткен көше Нұрғали Сатығұлов есімімен аталсын.
      8. Қызылорда қаласындағы КБИ мөлтек ауданындағы П. Артемов көшесінің сол жағындағы перпендикуляр орналасқан "N 309 квартал" аталып кеткен көше Жаңалық Әбдірахманов есімімен аталсын.
      9. Қызылорда қаласындағы Сералы Лапин көшесі мен Бауыржан Момышұлы көшесінің ортасында перпендикуляр орналасқан N 253 орта мектептің тұсындағы атауы жоқ сол жағынан 2-ші көше "Сайыпназар ахун" есімімен, ал осы көшеге (Сайыпназар ахун) перпендикуляр, Бауыржан Момышұлы көшесіне параллель орналасқан тұйық "Сайыпназар ахун тұйығы" атауымен аталсын.
      10. Қызылорда қаласындағы Титов тұрғын ауданындағы темір жол мен Ә.Қашаубаев көшесінің ортасындағы параллель орналасқан көше "Желкілдек батыр" атауымен аталсын.
      11. Қызылорда қаласындағы М.Көкенов көшесіне перпендикуляр орналасқан, К.Рүстембеков көшесінің оң жағындағы параллель 6-шы көше Әжіақбар Оңжігітов есімімен аталсын.
      12. Қызылорда қаласындағы М.Көкенов көшесіне перпендикуляр орналасқан, К.Рүстембеков көшесінің оң жағындағы параллель 3-ші көше Төребек Османов есімімен аталсын.
      13. Қалада қаласының "Рисмаш" шағын ауданындағы Қ.Маханбетов көшесі аяқталған жерден, яғни "Қызылорда жылу электр орталығы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының тұсындағы темір жол мен "Ягодка" саяжайына баратын көше аралығындағы "Қызылорда жылу электр орталығы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының алдынан өтетін, бұрын Қаратоғай көшесі аталып кеткен көше Марал Ишан есімімен аталсын.
      14. Бірлескен "Қала көшелеріне жаңадан атау беру туралы" Қызылорда қалалық мәслихатының 2010 жылғы 28 қыркүйектегі N 34/7 шешімі және Қызылорда қалалық әкімдігінің 2010 жылғы 28 қыркүйектегі N 188 қаулысы жойылды деп танылсын.
      15. Осы қаулы мен шешiм олардың алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.".
      4. "Қала көшелеріне жаңадан атау беру туралы" Қызылорда облысы Қызылорда қалалық 2010 жылғы 29 қарашадағы мәслихатының N 36/4 қала әкімдігінің N 4170 бірлескен шешім мен қаулысына (Нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тізілімінде 2010 жылғы 10 желтоқсанда N 10-1-158 тіркелген, 2010 жылғы 17 желтоқсандағы "Ақмешіт ақшамы" газетінің N 53 санында, 2010 жылғы 15 желтоқсандағы "Қызылорда таймс" газетінің N 50 санында жарияланған.) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      аталған қаулы мен шешім жаңа редакцияда жазылсын:
      ""Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы  Заңына және Қызылорда қалалық ономастика комиссиясының 2010 жылғы 26 қарашадағы N 9/4 ұйғарымына сәйкес Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қызылорда қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қызылорда қаласының "Ақмешіт" мөлтек ауданындағы Иван Журба көшесіне перпендикуляр, Мұрат Саламатов көшесінің оң жағындағы параллель орналасқан атауы жоқ бірінші көше Сахи Романов есімімен аталсын.
      2. Қызылорда қаласындағы Смағұл Ысқақов көшесін қиып өтетін, Күдерқожа Көшекұлы көшесінің сол жағында параллель орналасқан "N 303 квартал" аталып кеткен көше Есет батыр Көкіұлы есімінен аталсын.
      3. Осы қаулы мен шешiм олардың алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.".