Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 1 сәуірдегі № 2922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ереже 16-тармағының 52) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 29 тамыздағы № 627 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары қызметкерлерінің арнаулы киім нысандарының түрлері мен сипаттамаларының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1.
Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Академиясын бітіргені туралы белгілерінің және ішкі ведомстволық айырым реквизиттерінің сипаттамасы мен нысаны бекітілсін.
2.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Академиясы заңнамамен белгіленген тәртіпте осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми түрде жариялануын қамтамасыз етсін.
3.
Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Комитет Төрағасы |
Н.Әбіқаев |
Қазақстан Республикасы |
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
Академиясын бітіргені туралы белгілерінің және ішкі ведомстволық
айырым реквизиттерінің сипаттамасы мен нысаны
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Академиясының айырым реквизиттері - шеврон мен эмблеманың
сипаттамасы мен нысаны
1-параграф. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Академиясының айырым реквизиті – шевронның
сипаттамасы мен нысаны
1.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Академиясының (бұдан әрі - ҰҚК Академиясы) шевроны (жең белгісі) қызметкерлердің, курсанттар мен тыңдаушылардың ҰҚК Академиясына тиесілі екендігін білдіретін айырым реквизиті болып табылады. Шевронның негізгі нысаны ҰҚК Академиясының эмблемасы болып табылады.
2.
Салтанатты киім-кешектерге арналған шеврон - ҰҚК Академиясы эмблемасының түрлі-түсті кескінімен (1-сурет) және күнделікті-далалық киімдерге арналған шеврон - ҰҚК Академиясы эмблемасының бүркеніш түсті қарапайым кескінімен (2-сурет) дайындалады.
3.
Айрықша салтанатты киім-кешектерге арналған жең белгісіндегі жиек алтын түстес жіппен тігіледі (1-сурет).
Ескертпе. Шеврон киімнің оң жақ жеңіндегі иық тігісінен төмен қарай 12 см қашықтықта орналастырылады.
1-сурет. Салтанатты киім-кешектерге арналған шеврон |
2-сурет.Күнделікті-далалық киімдерге арналған шеврон |
2-параграф. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Академиясының айырым реквизиті - эмблемасының
сипаттамасы мен нысаны
4.
Қазақстан ҰҚК Академиясының эмблемасы негізі шеңберлі қалқаннан (сыртқы дұшпаннан қорғау), күн сәулесінің аясындағы (жасампаз қуат) қосарлы жеті қырлы жұлдыздан (сенім мен үміт) және ашылған кітап аясындағы (білім бұлағы) жанып тұрған алаудан (білім шамшырағы) құралған элементтерден тұратын мән-мағыналы кескін үлгісін бейнелейтін ұлттық қауіпсіздік органдары жоғары оқу орнының айырым реквизиті болып табылады.
5.
Академия эмблемасының нысаны ашық көгілдір (көгілдір) түсті алаңы бар және сырты мен іші алтын түстес (сары) жиекпен көмкерілген, сырты көк тікен (көк) түсті шеңбері бар дөңгелек қалқан түрінде болады (3-сурет).
Көктікен (көк) түсті қалқанның сыртқы шеңберін бойлай мемлекеттік тілде күміс (ақ) түсті жазбалар орналастырылған: жоғарғы бөлігінде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ», төменгі бөлігінде «ҰҚК АКАДЕМИЯСЫ».
Қалқанның ортасындағы ашық көгілдір (көгілдір) түсті алаңда күн сәулесінің аясында (үшкіл шыңдар арасында бес-бестен) алтын (сары) түсті жеті қырлы негізі бар күрең қызыл (қою қызыл) түсті жеті қырлы жұлдыз орналасқан.
Жақұт жұлдыздың ортасында күміс түстес ақ парақтары бар алтын (сары) мұқабалы ашылған кітап пен от қызыл түсті жалындары бар жанып тұрған алтын (сары) алау орналасқан.
6.
Эмблема түрлі-түсті бөлшекті конструкция (3-сурет) немесе алтын барельеф түрінде (4-сурет) дайындалады.
7.
Эмблеманың кескіні түрлі-түсті (5-сурет) және ақ-қара (қарапайым) сурет түрінде (6-сурет) немесе көлемді конструкция (3-сурет) немесе алтын барельеф түрінде (4-сурет) бейнеленеді.
3-сурет. Көлемді конструкция |
4-сурет. Алтын барельеф |
5-сурет. Түрлі-түсті сурет |
6-сурет. Ақ-қара сурет |
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
Академиясын бітіргені туралы белгілердің сипаттамасы мен нысаны
8.
ҰҚК Академиясын бітіргені туралы белгі алтын жиекті көктікен (көк) түсті ернеудің периметрі бойынша шектелген ашық көгілдір (көгілдір) түсті алаңы бар ромб нысанындағы негізден және ҰҚК Академиясының эмблемасы түріндегі алтын түстес барельфі бар жапсырмадан тұрады (7-сурет).
9.
ҰҚК Академиясының адъюнктурасын бітіргені туралы белгі алтын жиекті ақ түсті ернеудің периметрі бойынша шектелген көктікен (көк) түсті алаңы бар ромб нысанындағы негізден және ҰҚК Академиясының эмблемасы түріндегі алтын түстес барельфі бар жапсырмадан тұрады (8-сурет).
10.
Белгілердің мөлшері: биіктігі 47 мм, ені 27 мм, ернеудің ені 2 мм, жиектің қалыңдығы 0,5 мм. ҰҚК Академиясының эмблемасы нысанындағы жапсырманың диаметрі 18 мм. Белгілердің артқы жағында бекітуге арналған бұранда болады.
7-сурет. ҰҚК Академиясын бітіргені туралы белгі |
8-сурет. ҰҚК Академиясының адъюнктурасын бітіргені туралы белгі |