Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2 сессиясының 2012 жылғы 25 ақпандағы № 2/17 "Жаңаарқа ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8-12-125 болып тіркелген, 2012 жылғы 7 сәуірдегі № 16 (9489) "Жаңаарқа" газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Ереженің 18 тармағының 3) тармақшасы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
"3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі не мекенжай анықтамасы, не өтініш берушінің тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын селолық және/немесе ауылдық әкімдердің анықтамасы;".
2. Осы шешім оның бірінші ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс
XXXI сессиясының төрағасы Б. Бекежанова
Аудандық мәслихат хатшысы М. Абдишев
КЕЛІСІЛДІ:
"Жаңаарқа ауданының жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің басшысы Ш. Ибраева
10 маусым 2014 жыл