Ақтөбе ауылдық округінің Ақтөбе ауылы аумағында карантин белгілеу туралы

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 14 наурыздағы № 09/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 18 наурызда № 2562 болып тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10 бабының 2 тармағының 9) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 18) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 сәуірдегі № 407 "Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық кесiмдердi бекiту туралы" қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ақтөбе ауылдық округінің Ақтөбе ауылы аумағында жылқылар арасында эпизоотикалық лимфангит ауруының пайда болуына байланысты карантин белгіленсін.
      2. "Бұқар жырау ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 26 бабында белгіленген, жануарлардың жұқпалы ауруының таралуына жол бермеу мақсатында, эпизоотия ошағында және қолайсыз пунктте ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайға қол жеткізу, қажетті ветеринариялық-санитариялық іс-шараларды өткізсін.
      3. "Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Бұқар жырау аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің басшысы Ербол Омарбаевич Садировке (келісім бойынша) Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 26 бабымен көзделген шектеу іс-шараларының орындалуын қамтамасыз ету ұсынылсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Талғат Ахметович Елубаевқа жүктелсін.
      5. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Бұқар жырау ауданының әкімі                Н. Кобжанов

      КЕЛІСІЛДІ

      "Қазақстан Республикасы
      ауыл шаруашылығы Министрлігі
      ветеринариялық бақылау және
      қадағалау Комитетінің
      Бұқар жырау аудандық аумақтық
      инспекциясы" басшысы
      Е. Садиров
      2014 жылдың 14 наурыз