Мүгедектерді еңбекпен қамту үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Қарағанды облысы Қаражал қаласының әкімдігінің 2014 жылғы 15 мамырдағы № 54 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 9 маусымда № 2658 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қаражал қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 15 сәуірдегі № 44/5 қаулысымен

Күшін жойған
      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қаражал қаласы әкімдігінің 15.04.2016 № 44/5 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарына сәйкес, Қаражал қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жұмыс орындарының жалпы санынан үш пайыз мөлшерінде мүгедектер үшін квота белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімі орынбасарының міндетін атқарушы М. Мұқашеваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы оның ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қаражал қаласының әкімі
Қ. Шорманбаев