Балқаш қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 19 маусымдағы № 26/05 "Нысаналы топтардың қосымша тізбесі туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қарағанды облысы Балқаш қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 5 қарашадағы № 45/02 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 2 желтоқсанда № 2836 болып тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5 бабын басшылыққа ала отырып, нысаналы топқа жататын жұмыссыз азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында, Балқаш қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Балқаш қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 19 маусымдағы № 26/05 «Нысаналы топтардың қосымша тізбесі туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 2683 болып тіркелген, 2014 жылғы 18 шілдедегі № 76-77 (12183) «Балқаш өңірі», № 75-76 (1254) «Северное Прибалхашье» газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      орыс тіліндегі 2 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
      «2. Признать утратившим силу постановление акимата города Балхаш от 11 апреля 2013 года №13/04 «О дополнительном перечне целевых групп» (регистрационный номер в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 2321, опубликован в газетах «Балқаш өңірі» №50 (12013) и «Северное Прибалхашье» №49 (1086) от 15 мая 2013 года).».
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Балқаш қаласы әкімінің орынбасары Саягуль Жаксылыққызы Жаксылыковаға жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Балқаш қаласының әкімі

А. Райымбеков