РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңдарына, "Өсімдік шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы № 725 қаулысына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) күші жойылды - Қарағанды облысының әкімдігінің 23.09.2015 № 56/03 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен;
2) күші жойылды - Қарағанды облысының әкімдігінің 15.09.2015 № 53/02 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен;
3) күші жойылды - Қарағанды облысының әкімдігінің 23.09.2015 № 56/02 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен;
4) "Тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
5) күші жойылды - Қарағанды облысының әкімдігінің 23.09.2015 № 56/04 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қарағанды облысының әкімдігінің 15.09.2015 № 53/02 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 23.09.2015 № 56/03(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 23.09.2015 № 56/04 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 23.09.2015 № 56/02 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсін.
3. Осы каулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарағанды облысының әкімі Н. Әбдібеков
Қарағанды облысы әкімдігінің
2014 жылғы 25 қыркүйек
№ 50/03 қаулысымен бекітілді
"Басым дақылдарды өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламенті
Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысының әкімдігінің 23.09.2015 № 56/03 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қарағанды облысы әкімдігінің
2014 жылғы 25 қыркүйек
№ 50/03 қаулысымен бекітілді
"Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсiру шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламенті
Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысының әкімдігінің 15.09.2015 № 53/02 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қарағанды облысы әкімдігінің
2014 жылғы 25 қыркүйек
№ 50/03 қаулысымен бекітілді
"Жемiс-жидек дақылдары мен жүзiмнiң көпжылдық екпелерiн отырғызу және өсiру (оның iшiнде қалпына келтiру) шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламенті
Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысының әкімдігінің 23.09.2015 № 56/02 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қарағанды облысы әкімдігінің
2014 жылғы 25 қыркүйек
№ 50/03 қаулысымен бекітілді
"Тыңайтқыштар (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда)
құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. "Тыңайтқыштар (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – көрсетілетін банктік шоттарына тиесілі бюджеттік субсидияларды одан әрі аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшеге төлем шоттарының тізілімін ұсыну.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) іс-қимылдар тәртібін сипаттау
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы "Өсімдік шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" № 725 қаулысымен бекітілген "Тыңайтқыштар (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 9-тармағында көрсетілген құжаттарды және белгіленген нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушымен өтініш беру мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылдар) бастауға негіздеме болып табылады.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) мазмұны және оны орындаудың ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап қабылдауды және оларды тіркеуді жүзеге асырады – 15 (он бес) минуттан аспайды. Нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушыға қабылданған күні және уақыты, өтінімді қабылдаған лауазымды адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон беру;
2) көрсетілетін қызметті беруші өтінімдер мен құжаттарды алғаннан кейін ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді және ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі – ВАК) қарауына енгізеді – 10 (он) жұмыс күні ішінде. Нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушының тексерілген құжаттары;
3) ВАК көрсетілетін қызметті берушімен ұсынған құжаттарды қарастырады және тиесілі субсидиялар сомаларын көрсетумен ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң (бұдан әрі – АШТӨ) тiзiмiн құрастырады және оны аудан (қала) әкіміне бекітуге жібереді - 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде. Нәтижесі – АШТӨ тiзiмi;
4) аудан немесе қала әкімі (бұдан әрі – әкім) АШТӨ тізімін қарастырады және бекітеді - 2 (екі) жұмыс күні ішінде. Нәтижесі – бекітілген АШТӨ тiзiмi;
5) қала немесе аудан ауыл шаруашылығы бөлімі (бұдан әрі – бөлім) әкім АШТӨ тізімін бекіткен соң бөлім тізімді көрсетілетін қызметті берушіге ұсынады, сондай-ақ оны ауданның (қаланың) жергілікті атқарушы органының интернет-ресурсында және ресми баспасөз құралдарында тиесілі субсидиялар сомасын көрсетумен орналастырады - 3 (үш) жұмыс күні ішінде. Нәтижесі – АШТӨ тізімін көрсетілетін қызметті берушіге ұсыну;
6) көрсетілетін қызметті беруші АШТӨ-нің жиынтық тізілімін құрастырады, субсидиялар төлеу үшін ведомость пен төлем шоттарын құрастырады және аумақтық қазынашылық бөлімшеге төлем шоттарының тізілімін ұсынады - 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде. Нәтижесі – төлем шоттарының тізілімі.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) өзара
іс-қимыл тәртібін сипаттау
6. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілер) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті беруші;
2) ВАК;
3) әкім;
4) бөлім.
7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігінің сипаттамасы:
1) көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап қабылдауды және оларды тіркеуді жүзеге асырады – 15 (он бес) минуттан аспайды;
2) көрсетілетін қызметті беруші өтінімдер мен құжаттарды алғаннан кейін ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді және ВАК қарауына енгізеді – 10 (он) жұмыс күні ішінде;
3) ВАК көрсетілетін қызметті берушімен ұсынған құжаттарды қарастырады және тиесілі субсидиялар сомаларын көрсетумен АШТӨ тiзiмiн құрастырады және оны әкімге бекітуге жібереді - 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде;
4) әкім АШТӨ тізімін қарастырады және бекітеді - 2 (екі) жұмыс күні ішінде;
5) әкім АШТӨ тізімін бекіткен соң бөлім тізімді көрсетілетін қызметті берушіге ұсынады, сондай-ақ оны ауданның (қаланың) жергілікті атқарушы органының интернет-ресурсында және ресми баспасөз құралдарында тиесілі субсидиялар сомасын көрсетумен орналастырады - 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
6) көрсетілетін қызметті беруші АШТӨ-нің жиынтық тізілімін құрастырады, субсидиялар төлеу үшін ведомость пен төлем шоттарын құрастырады және аумақтық қазынашылық бөлімшеге төлем шоттарының тізілімін ұсынады - 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде.
8. Рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігінің сипаттамасы осы Регламенттің 1- қосымшасына сәйкес блок-схемамен сүйемелденеді.
9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің толық сипаттамасы құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының, сонымен қатар өзге көрсетілген қызмет берушілермен осы Регламенттің 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
10. Осы "Тыңайтқыштар (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы көрсетілмейді.
"Тыңайтқыштар (органикалық
тыңайтқыштарды қоспағанда)
құнын субсидиялау" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
1-қосымша
Әрбір рәсімді (іс-қимылды) өту блок-схемасы
"Тыңайтқыштар (органикалық
тыңайтқыштарды қоспағанда)
құнын субсидиялау" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
2-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсетудің
бизнес-процестерінің анықтамалығы
Шартты белгілер
Қарағанды облысы әкімдігінің
2014 жылғы 25 қыркүйек
№ 50/03 қаулысымен бекітілді
"Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысының әкімдігінің 23.09.2015 № 56/04 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.