Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің "Консулдық заңдастыру Ережелерін бекіту туралы" 2000 жылғы 21 қарашадағы № 264 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің м.а 2014 жылғы 17 қазандағы № 08-1-1-1/463 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 18 қарашада № 9875 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің м.а. 2017 жылғы 6 желтоқсандағы № 11-1-2/576 бұйрығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 06.12.2017 № 11-1-2/576 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің "Консулдық заңдастыру ережелерін бекіту туралы" 2000 жылғы 21 қарашадағы № 264 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде № 1350 болып тіркелген, 2001 жылғы № 2 Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      аталған бұйрықпен бекітілген Консулдық заңдастыру ережелерінде:

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегі Заңына сәйкес тіркелген заңды тұлғалардың, олардың филиалдарының және өкілдіктерінің құрылтайшылық құжаттары нотариалдық куәландырылған көшiрмелер түрiнде заңдастырылады.";

      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. Осы Ережелерге сәйкес құжаттар мен актiлердi заңдастыру бойынша iс-қимылдар жасаған үшiн мүдделi жеке және заңды тұлғалардан "Салықтар және басқа да бюджетке міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес консулдық алым алынады.".

      2. Консулдық қызмет департаменті осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министрдің міндетін атқарушы

А. Волков