РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Жамбыл облысы әкімдігінің Регламентін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 27 ақпандағы № 26 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2148 болып тіркелген, 2014 жылдың 17 сәуірінде № 41 (17914) "Ақ-жол" және № 51-52 (17908-17909) "Знамя труда" газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Жамбыл облысы әкімдігінің Регламентiне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
18 тармағының екінші бөлігін "сақтай отырып" деген сөздерден кейін "әкiмдік мәжiлiсінің жария етілген күнінен 7 жұмыс күн, ал кезектен тыс әкiмдік мәжiлiсінің жария етілген күнінен 3 жұмыс күн бұрын" деген сөздермен толықтырылсын;
26 тармағындағы "аппаратқа" деген сөздер "аппараттың құжаттама және бақылау бөліміне" деген сөздермен ауыстырылсын;
33 тармағындағы "Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiн қол қоюға дайындау, келiсу, ұсыну және Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерi мен тапсырмаларын орындауды бақылау тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 2 қазандағы № 4097 Жарлығына" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауының жобасын дайындау, келісу және Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауын іске асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 976 Жарлығына" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Облыс әкімі аппаратының құжаттама және бақылау бөлімі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберуді;
3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімі аппаратының басшысы Р. Рахманбердиевке жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі |
К. Көкрекбаев |