РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
2) «Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
3) «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, банктерге, ішкі істер органдарына кәмелетке толмаған балалардың мүлкіне иелік ету және кәмелетке толмаған балаларға мұра ресімдеу үшін анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
4) «Кәмелетке толмаған балаларға меншік құқығында тиесілі мүлікпен жасалатын мәмілелерді ресімдеу үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық бойынша функцияларды жүзеге асыратын органдардың анықтамаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
5) «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
6) «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
7) «Қамқоршыларға немесе қорғаншыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті.
2. «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберуді;
3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е. Манжуовқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі К. Көкрекбаев
Жамбыл облысы әкімдігінің
2014 жылғы 27 наурыздағы
№ 95 қаулысымен бекітілген
«Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет)Жамбыл облысының аудандар мен Тараз қаласының білім бөлімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру:
1) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталықтары» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – халыққа қызмет көрсету орталығы);
2) «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал): www.e.gov.kz арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет:
1) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы;
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 ақпандағы № 115 қаулысымен бекітілген «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру»мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - стандарт) негізінде көрсетіледі.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жүзінде.
4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес жетім балаға (балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеу туралы анықтама.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі электрондық форматта ұсынылады. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті қағаз жеткізгіште алу үшін өтініш берген жағдайда, нәтижесі электрондық форматта ресімделеді, қағазға басып шығарылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолымен расталады.
Порталда мемлекеттік қызмет көрсетуді қарау нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған электрондық құжат форматында жіберіледі.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті
берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл
тәртібін сипаттау
5. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша іс-қимылды бастау үшін негіздеме болып:
халыққа қызмет көрсету орталығына жүгінген кезде стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
порталға жүгінген кезде қызметті берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған электрондық құжат нысанында өтініш болып табылады.
6. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі стандарттың 9 тармағында көрсетілген.
Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін және уақытын көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсетуге сұраудың қабылданғаны туралы хабарлама-есеп жіберіледі.
7. Көрсетілетін қызметті алушы осы стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және мемлекеттік қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы қолхат береді.
8. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) халыққа қызмет көрсету орталығына құжаттарды тапсырған, сондай-ақ портал арқылы өтініш берген сәттен бастап - 5 минуттан аспайды;
2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттарды тапсыруы үшін күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 15 минуттан аспайды;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 5 минуттан аспайды.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде құрылымдық бөлімшелер
(қызметкерлер) мен көрсетілетін қызметті берушілердің өзара
іс-қимыл тәртібін сипаттау
9. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіне қатысатын қызмет берушілердің, құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
халыққа қызмет көрсету орталығының операторы,
электрондық үкімет порталы,
көрсетілетін қызметті беруші.
10. Құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау (осы регламентке 1-қосымшаға сәйкес блок-схемамен сүйемелденген):
1) мемлекеттік қызметті көрсету үшін халыққа қызмет көрсету орталығының операторы халыққа қызмет көрсету орталығы ақпараттық жүйесі автоматтандырылған жұмыс орнында логин және парольді енгізеді (авторизация үдерісі);
2) халыққа қызмет көрсету орталығы операторы осы регламентте көрсетілген қызметті таңдау, қызметті көрсету үшін экранға сұраныс нысанын шығару және халыққа қызмет көрсету орталығы операторымен көрсетілетін қызметті алушының деректерін, сондай-ақ, көрсетілетін қызметті алушының өкілінің деректерін (нотариалды куәләндырылған сенімхат болғанда, басқа жолмен куәләндырылған сенімхат деректері толтырылмайды) енгізу;
3) электрондық үкiмет шлюзi арқылы көрсетілетін қызметті алушының деректері туралы «Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер қорына, сондай ақ, көрсетілетін қызметті алушы өкілінің сенімхат деректері туралы бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйесіне сұраныс жолдау;
4) «Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер қорында көрсетілетін қызметті алушының деректерінің, бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйесінде сенімхат деректерінің болуын тексеру;
5) «Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер қорында көрсетілетін қызметті алушының деректерінің, бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйесіндесенімхат деректерінің болмауына байланысты деректерді беру мүмкін еместігі туралы хабарламаны қалыптастыру;
6) халыққа қызмет көрсету орталығы операторы құжаттардың қағаз нысанында болуы бөлігінде сұраныс нысанын толтырады, көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды сканерлеп, оларды сұраныс нысанына тіркеу және қызмет көрсетуге толтырылған сұраныс нысанын (енгізілген деректерді) электрондық цифралық қолтаңба арқылы куәләндыру;
7) халыққа қызмет көрсету орталығыоператорының электрондық цифралық қолтаңбасы арқылы куәләндырылған (қол қойылған) электронды құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұранысын) электрондық үкiмет шлюзi арқылы аймақтық электрондық үкімет шлюзіне жолдау;
8) аймақтық «электрондық үкімет» шлюзі автоматталған жұмыс орнында электронды құжатты тіркеу;
9) көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушымен тіркелген құжаттардың стандартта көрсетілген құжаттарға және қызмет көрсету негіздеріне сәйкестігін тексеру;
10) көрсетілетін қызметті алушы құжаттарында бұзушылықтардың болуына байланысты сұрау салынған қызмет көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
11) көрсетілетін қызметті алушының халыққа қызмет көрсету орталығыоператорынан қағаз анықтама түрінде қызмет көрсету нәтижесін алуы.
4. Көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін,
сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық
жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
11. «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілген қызмет беруші мен көрсетілген қызмет алушының жүгіну және рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігі тәртібін сипаттау:
1) көрсетілетін қызметті алушыжеке сәйкестендiру нөмiрi және паролі арқылы электрондық үкімет порталында тіркеледі (электрондық үкімет порталында тіркелмегендер үшін жүзеге асырылады);
2) қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушының электрондық үкімет порталына жеке сәйкестендiру нөмiрi және парольді енгiзу (авторизациялау үдерісі) үдерісі;
3) жеке сәйкестендiру нөмiрi және пароль арқылы электрондық үкімет порталында тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің тұпнұсқалығын тексеру;
4) көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтар болуына байланысты электрондық үкімет порталында авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
5) көрсетілетін қызметті алушының осы регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсету және оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, көрсетілетін қызметті алушының (ақпаратты енгізу) нысанды толтыруы үшін сұрау салу нысанын экранға шығару, сұраныс формасына стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттардың көшірмелерін тіркеу;
6) электрондық үкімет порталында көрсетілетін қызметті алушының сәйкестендіру деректері мен тіркелген электрондық цифралық қолтаңба куәлігінің әрекет ету мерзімі және оның кері қайтарылған (жойылған) тіркеу куәліктері тізімінде болмауы туралы мәліметтерді, сондай-ақ, сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін (сұраныста көрсетілген жеке сәйкестендiру нөмiрi мен электрондық цифралық қолтаңбаның тіркеу куәлігінде көрсетілген жеке сәйкестендiру нөмiрi арасында) тексеру;
7) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифралық қолтаңбасының түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұрау салынатын қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
8) қызмет көрсетуге сұрау салудың толтырылған нысаны (енгізілген деректерді) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифралық қолтаңбасы арқылы бекіту (қол қою);
9)қызмет көрсетушінің өндеуі үшін аймақтық электрондық үкімет шлюзіавтоматтандырылған жұмыс орнына электрондық үкiмет шлюзi арқылы көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифралық қолтаңбасымен бекітілген (қол қойылған) электронды құжаттарды (көрсетілетін қызметті алушының сұранысын) бағыттау;
10) аймақтық электрондық үкімет шлюзіавтоматтандырылған жұмыс орнында электронды құжатты тіркеу;
11) көрсетілетін қызметті беруші қызмет алушымен тіркелген құжаттардың стандартта көрсетілген құжаттарға және негіздемеліріне сәйкестігін тексереді;
12) көрсетілетін қызметті алушының құжаттарында бұзушылықтардың болуына байланысты сұраныс салныған қызмет көрсетудің бас тарту туралы хабарламаны электрондық үкімет порталында қалыптастыру;
13) Көрсетілетін қызметті алушының электрондық үкімет порталында қалыптастырған қызмет көрсету нәтижесін алуы (электронды құжат түріндегі хабарлама). Электронды құжат қызмет көрсетушінің өкілетті тұлғаның электрондық цифралық қолтаңба пайдалану арқылы қалыптасады.
«Қорғаншылық және қамқоршылық
жөнінде анықтама беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
1 қосымша
Жамбыл облысы әкімдігінің
2014 жылғы 27 наурыздағы
№ 95 қаулысымен бекітілген
«Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе
қорғаншылық белгілеу» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Жамбыл облысының аудандар мен Тараз қаласының білім бөлімдерімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал): www.e.gov.kz арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет:
1) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы;
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 ақпандағы № 115 қаулысымен бекітілген «Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - стандарт) негізінде көрсетіледі.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жүзінде.
4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – осы мемлекеттік қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) және жетім балаға (жетім балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу туралы анықтама не мемлекеттік қызмет стандартының 10-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі электрондық форматта ұсынылады. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті қағаз жеткізгіште алу үшін өтініш берген жағдайда, нәтижесі электрондық форматта ресімделеді, қағазға басып шығарылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолымен расталады.
Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі көрсетілетін қызметті алушы «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған электрондық құжат форматында жіберіледі.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті
берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл
тәртібін сипаттау
5. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша іс-қимылды бастау үшін негіздеме болып:
көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
порталға жүгінген кезде қызметті берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған электрондық құжат нысанында өтініш болып табылады.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезде – күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде;
2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 20 минуттан аспайды;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 20 минуттан аспайды.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі стандарттың 9 тармағында көрсетілген.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оларды орындау ұзақтығы:
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды қабылдау және тіркеу жұмыстарын жүргізеді - 20 минуттан артық емес.
8. Нәтиже – көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдау немесе стандарттың 4-қосымшасына сәйкес қабылдаудан бас тарту туралы қолхат беру;
2) көрсетілетінқызметті берушінің басшысы келіп түскен құжаттармен танысады және жауапты орындаушыға жолдайды (1 жұмыс күнінен артық емес);
3) жауапты қызметкер келіп түскен құжаттарды қарайды, қызмет алушыға анықтама немесе дәлелді бас тарту туралы жауап жобасын дайындайды (3 жұмыс күнінен артық емес);
4) басшы анықтамаға немесе дәлелді бас тарту туралы жауапқа қол қояды (1 жұмыс күнінен артық емес).
Нәтиже – көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін беру.
9. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетілетін қызмет алушының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша стандарттың 10-тармағында қарастырылған тәртіппен көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсiздiгiне) шағымдануға, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқығы бар.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті
берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара
іс-қимыл тәртібін сипаттау
10. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіне қатысатын қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
кеңсе қызметкері
жауапты қызметкер;
мемлекеттік қызмет берушінің басшысы.
11. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігінің сипаттамасы (осы регламентке 1 қосымшаға сәйкес блог-схемамен сүйемелденген):
1) кеңсе қызметкерімен көрсетілетін қызметті алушыдан салыстырып тексеру (бірдейлендіру) үшін түпнұсқалары мен көшірмелерін қоса стандарттың 9 тармағында көрсетілген құжаттар топтамасын қабылдау – 5 минуттан аспайды;
Салыстырып тексергеннен (бірдейлендіргеннен) кейін құжаттардың түпнұсқалары көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.
2) кеңсе қызметкерімен ұсынылған құжаттар топтамасының стандарттың 9 тармағында көрсетілген құжаттар тізбесіне сәйкестігіне талдау жүргізу - 10 минуттан аспайды;
3) көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды қабылдау немесе стандартқа 3 қосымшаға сәйкес қабылдаудан бас тарту туралы қолхатты беру – 5 минуттан аспайды.
4) құжаттар топтамасын тіркеу және бұрыштама қою үшін қызмет берушінің басшысына жолдау – 30 минуттан аспайды;
5) қызмет берушінің басшысы жауапты қызметкерге бұрыштамасын қоя отырып құжаттар топтамасын орындауға жолдау–2 сағаттан аспайды;
6) жауапты қызметкермен құжаттарды қарастыру және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін дайындау – 28 күнінен аспайды;
7) қызмет берушінің басшысына қол қою үшін мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін жолдау – 30 минуттан аспайды;
8) мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қойып, көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін жауапты кеңсе қызметкеріне жолдау – 2 сағаттан аспайды;
9) кеңсе қызметкерімен көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін немесе бас тарту туралы дәйекті жауап беру – 15 минуттан аспайды.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді
қолданудың іс-қимыл тәртібін сипаттау
12. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі жолығу тәртібін және көрсетілетін қызметті беруші мен қызмет алушының рәсімдерінің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:
1) қызмет алушы жеке сәйкестендіру нөмірінің, сондай-ақ паролінің көмегімен порталда тіркеледі;
2) қызметті алу үшін көрсетілетінқызметті алушы порталда жеке сәйкестендiру нөмiрi және паролін (авторизациялау үдерісі) енгізеді;
3) жеке сәйкестендiру нөмiрi және пароль арқылы порталда тіркелген қызмет алушы деректерінің тұпсұсқалығын тексереді;
4) көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтың болғандығына байланысты порталмен авторизациялаудан бас тарту жөнінде хабарлама қалыптастырады;
5)көрсетілетін қызметті алушының осы регламентте көрсетілген қызметті таңдайды, қызметті көрсету үшін экранға сұраныс нысанын шығарады және де пішімді талаптары мен оның құрылымын ескере отырып, қызмет алушының нысанды(деректерді енгізу) толтырады, стандарттың 9 - тармағында көрсетілген қажетті құжаттардың электрондық түріндегі көшірмелерін сұраныс нысанына бекітеді, сондай-ақ сұранысты куәләндіру (қол қою) үшін қызмет алушы электрондық цифралық қолтаңба тіркеу куәлігін алады;
6) Порталда электрондық цифралық қолтаңба тіркеу куәлігінің қолдану мерзімін және қайтарылған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде жоқтығын, сондай-ақ сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін (сұраныста көрсетілген жеке сәйкестендiру нөмiрi мен электрондық цифралық қолтаңба тіркеу куәлігінде көрсетілген жеке сәйкестендiру нөмiрi арасында) тексереді;
7) көрсетілетінқызметті алушының электрондық цифралық қолтаңбасының расталмауына байланысты сұратылып жатқан қызметтен бас тарту жөнінде хабарлама қалыптастыру;
8) көрсетілетінқызметті берушімен сұранысты өңдеу үшін электрондық үкiмет шлюзi арқылы көрсетілетінқызметті алушының электрондық цифралық қолтаңбасымен куәләндырылған (қол қойылған) электрондық құжаттарын (қызмет алушының сұранысы) аймақтық электрондық үкімет шлюзі автоматтандырылған жұмыс орнына жолдайды;
9) көрсетілетін қызметті беруші қызмет алушымен тіркелген құжаттардың стандартта көрсетілген құжаттарға және негіздемеліріне сәйкестігін тексереді;
10) көрсетілетін қызметті алушының құжаттарында бұзушылықтың болуына байланысты, сұратылып отырған қызметтен бас тарту жөнінде хабарламаны қалыптастырады;
11) қызмет алушымен порталда қалыптастырылған қызметтің нәтижесін (электрондық құжат нысаны бойынша хабарлама) алады. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі қызмет берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифралық қолтаңбасымен куәләндырылған электрондық құжат түрінде қызмет алушының «жеке кабинетіне» жолданады.
«Жетім балаға (жетім балаларға) және
ата-анасының қамқорлығынсыз
қалған балаға (балаларға) қамқоршылық
немесе қорғаншылық белгілеу» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне 1 қосымша
Жамбыл облысы әкімдігінің
2014 жылғы 27 наурыздағы
№ 95 қаулысымен бекітілген
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ерікті
жинақтаушы зейнетақы қорына, банктерге, ішкі істер органдарына
кәмелетке толмаған балалардың мүлкіне иелік ету және кәмелетке
толмаған балаларға мұра ресімдеу үшін анықтамалар беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, банктерге, ішкі істер органдарына кәмелетке толмаған балалардың мүлкіне иелік ету және кәмелетке толмаған балаларға мұра ресімдеу үшін анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Жамбыл облысының аудандар мен Тараз қаласының білім бөлімдерімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру:
1) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитеті «Халыққа қызмет көрсету орталықтары» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – халыққа қызмет көрсету орталығы);
2) «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) www.e.gov.kz арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет:
1) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы;
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 ақпандағы № 115 қаулысымен бекітілген «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, банктерге, ішкі істер органдарына кәмелетке толмаған балалардың мүлкіне иелік ету және кәмелетке толмаған балаларға мұра ресімдеу үшін анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - стандарт) негізінде көрсетіледі.
3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жүзінде.
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетудің нәтижесі – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, банктерге, ішкі істер органдарына кәмелетке толмаған балаларға мұраны ресімдеу үшін, ішкі істер органдарына кәмелетке толмаған балалардың мүліктеріне иелік ету үшін, банктерге кәмелетке толмаған балалардың мүліктеріне иелік ету үшін берілетін анықтамалар.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі электрондық форматта ұсынылады. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті қағаз жеткізгіште алу үшін өтініш берген жағдайда, нәтижесі электрондық форматта ресімделеді, қағазға басып шығарылады және көрсетілетін қызмет беруші басшысының қолымен расталады.
Порталда мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат форматында жіберіледі.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті
берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл
тәртібін сипаттау
5. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша іс-қимылды бастау үшін негіздеме болып:
халыққа қызмет көрсету орталығына жүгінген кезде стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
порталға жүгінген кезде қызметті берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған электрондық құжат нысанында өтініш болып табылады.
6. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі стандарттың 9 тармағында көрсетілген.
Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін және уақытын көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсетуге сұраудың қабылданғаны туралы хабарлама-есеп жіберіледі.
7. Көрсетілетін қызметті алушы стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және мемлекеттік қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы қолхат береді.
8. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) халыққа қызмет көрсету орталығына құжаттарды тапсырған (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді), сондай-ақ портал арқылы өтініш берген сәттен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірілмейді;
2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттарды тапсыруы үшін күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты 5 минуттан аспайды;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты 5 минуттан аспайды.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде құрылымдық бөлімшелер
(қызметкерлер) мен көрсетілетін қызметті берушінің өзара
іс-қимыл тәртібін сипаттау
9. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіне қатысатын қызмет берушілердің, құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
Халыққа қызмет көрсету орталығының операторы,
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері,
көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері
көрсетілетін қызметті берушінің басшысы.
10. Құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау (осы регламентке 1-қосымшаға сәйкес блок-схемамен сүйемелденген):
1) халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерімен көрсетілетін қызметті алушыдан салыстырып тексеру (бірдейлендіру) үшін түпнұсқалары мен көшірмелерін қоса стандарттың 9 тармағында көрсетілген құжаттар топтамасын қабылдау – 5 минуттан аспайды;
Салыстырып тексергеннен (бірдейлендіргеннен) кейін құжаттардың түпнұсқалары көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.
2) халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерімен ұсынылған құжаттар топтамасының стандарттың 9 тармағында көрсетілген құжаттар тізбесіне сәйкестігіне талдау жүргізу – 5 минуттан аспайды;
3) көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды қабылдау немесе қабылдаудан бас тарту туралы қолхатты беру – 5 минуттан аспайды;
4) құжаттар топтамасын қызмет берушіге жолдау – 1 күннен аспайды;
5) кеңсе қызметкерімен халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерінен құжаттар топтамасын қабылдау – 5 минуттан аспайды;
6) құжаттар топтамасын тіркеу және шешім қабылдау үшін қызмет берушінің басшысына жолдау – 30 минуттан аспайды;
7) қызмет берушінің басшысымен жауапты қызметкерге бұрыштамасын қоя отырып, құжаттар топтамасын орындауға жолдау – 2 сағаттан аспайды;
8) жауапты қызметкермен құжаттарды қарастыру және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ресімдеу – 3 күннен аспайды;
9) мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін қызмет берушінің басшысына қол қою үшін жолдау;
10) мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қойып, көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін кеңсе қызметкеріне жолдау – 2 сағаттан аспайды;
11) халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкеріне мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәйекті жауап беру – 1 күннен аспайды;
12) халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерімен қызмет алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәйекті жауап беру – 15 минуттан аспайды.
4. Көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін,
сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық
жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
11. «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілген қызмет беруші мен көрсетілген қызмет алушының жүгіну және рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігі тәртібін сипаттау
1) көрсетілетін қызметті алушы жеке сәйкестендiру нөмiрi және паролі арқылы электрондық үкімет порталында тіркеледі (электрондық үкімет порталында тіркелмегендер үшін жүзеге асырылады);
2) қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушының электрондық үкімет порталына жеке сәйкестендiру нөмiрi және парольді енгiзу (авторизациялау үдерісі) үдерісі;
3) жеке сәйкестендiру нөмiрi және пароль арқылы электрондық үкімет порталында тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің тұпнұсқалығын тексеру;
4) көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтар болуына байланысты электрондық үкімет порталында авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
5) көрсетілетін қызметті алушының осы регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсету және оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, көрсетілетін қызметті алушының (ақпаратты енгізу) нысанды толтыруы үшін сұрау салу нысанын экранға шығару, сұраныс формасына стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттардың көшірмелерін тіркеу;
6) электрондық үкімет порталында көрсетілетін қызметті алушының сәйкестендіру деректері мен тіркелген электрондық цифралық қолтаңба куәлігінің әрекет ету мерзімі және оның кері қайтарылған (жойылған) тіркеу куәліктері тізімінде болмауы туралы мәліметтерді, сондай-ақ, сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін (сұраныста көрсетілген жеке сәйкестендiру нөмiрi мен электрондық цифралық қолтаңбаның тіркеу куәлігінде көрсетілген жеке сәйкестендiру нөмiрi арасында) тексеру;
7) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифралық қолтаңбасының түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұрау салынатын қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
8) қызмет көрсетуге сұрау салудың толтырылған нысаны (енгізілген деректерді) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифралық қолтаңбасы арқылы бекіту (қол қою);
9)қызмет көрсетушінің өндеуі үшін аймақтық электрондық үкімет шлюзі автоматтандырылған жұмыс орнына электрондық үкiмет шлюзi арқылы көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифралық қолтаңбасымен бекітілген (қол қойылған) электронды құжаттарды (көрсетілетін қызметті алушының сұранысын) бағыттау;
10) аймақтық электрондық үкімет шлюзі автоматтандырылған жұмыс орнында электронды құжатты тіркеу;
11) көрсетілетін қызметті беруші қызмет алушымен тіркелген құжаттардың стандартта көрсетілген құжаттарға және негіздемеліріне сәйкестігін тексереді;
12) көрсетілетін қызметті алушының құжаттарында бұзушылықтардың болуына байланысты сұраныс салныған қызмет көрсетудің бас тарту туралы хабарламаны электрондық үкімет порталында қалыптастыру;
13) Көрсетілетін қызметті алушының электрондық үкімет порталында қалыптастырған қызмет көрсету нәтижесін алуы (электронды құжат түріндегі хабарлама). Электронды құжат қызмет көрсетушінің өкілетті тұлғаның электрондық цифралық қолтаңба пайдалану арқылы қалыптасады.
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына
және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы
қорына, банктерге, ішкі істер органдарына
кәмелетке толмаған балалардың мүлкіне
иелік ету және кәмелетке толмаған балаларға
мұра рәсемдеу үшін анықтамалар беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне 1 қосымша
Жамбыл облысы әкімдігінің
2014 жылғы 27 наурыздағы
№ 95 қаулысымен бекітілген
«Кәмелетке толмаған балаларға меншік құқығында тиесілі мүлікпен
жасалатын мәмілелерді ресімдеу үшін қорғаншылық немесе
қамқоршылық бойынша функцияларды жүзеге асыратын органдардың
анықтамаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметрегламенті 1. Жалпы ережелер
1. «Кәмелетке толмаған балаларға меншік құқығында тиесілі мүлікпен жасалатын мәмілелерді ресімдеу үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық бойынша функцияларды жүзеге асыратын органдардың анықтамаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін(бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет)Жамбыл облысының аудандары мен Тараз қаласының білім бөлімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру:
1) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталықтары» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО);
2) «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал): www.e.gov.kz арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет:
1) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы;
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19-ақпандағы № 115 қаулысымен бекітілген «Кәмелетке толмаған балаларға меншік құқығында тиесілі мүлікпен жасалатын мәмілелерді ресімдеу үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық бойынша функцияларды жүзеге асыратын органдардың анықтамаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - стандарт) негізінде көрсетіледі.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жүзінде.
4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кәмелетке толмаған балаларға меншік құқығында тиесілі мүлікпен жасалатын мәмілелерді ресімдеу үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық бойынша функцияларды жүзеге асыратын органдардың жылжымайтын мүліктің орналасқан жері бойынша беретін анықтамасы, не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі электрондық форматта ұсынылады. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті қағаз жеткізгіште алу үшін өтініш берген жағдайда, нәтижесі электрондық форматта ресімделеді, қағазға басып шығарылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолымен расталады.
Порталда мемлекеттік қызмет көрсетуді қарау нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат форматында жіберіледі.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті
берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл
тәртібін сипаттау
5. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша іс-қимылды бастау үшін негіздеме болып:
халыққа қызмет көрсету орталығына жүгінген кезде стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
порталға жүгінген кезде қызметті берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған электрондық құжат нысанында өтініш болып табылады.
6. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі стандарттың 9 тармағында көрсетілген.
Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін және уақытын көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсетуге сұраудың қабылданғаны туралы хабарлама-есеп жіберіледі.
7. Көрсетілетін қызметті алушы осы стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және мемлекеттік қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы қолхат береді.
8. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) халыққа қызмет көрсету орталығына құжаттарды тапсырған (құжаттарды қабылдаған күн мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi), сондай-ақ портал арқылы жүгінген сәттен бастап – бес жұмыс күнінен кешіктірілмейді;
2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттарды тапсыруы үшін күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 15 минуттан аспайды;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты - 15 минуттан аспайды.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде құрылымдық бөлімшелер
(қызметкерлер) мен көрсетілетін қызметті берушінің өзара
іс-қимыл тәртібін сипаттау
9. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіне қатысатын қызмет берушілердің, құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
Халыққа қызмет көрсету орталығының операторы,
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері,
көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері
көрсетілетін қызметті берушінің басшысы.
10. Құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау (осы регламентке 1-қосымшаға сәйкес блок-схемамен сүйемелденген):
1) халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерімен көрсетілетін қызметті алушыдан салыстырып тексеру (бірдейлендіру) үшін түпнұсқалары мен көшірмелерін қоса стандарттың 9 тармағында көрсетілген құжаттар топтамасын қабылдау – 5 минуттан аспайды;
Салыстырып тексергеннен (бірдейлендіргеннен) кейін құжаттардың түпнұсқалары көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.
2) халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерімен ұсынылған құжаттар топтамасының стандарттың 9 тармағында көрсетілген құжаттар тізбесіне сәйкестігіне талдау жүргізу – 5 минуттан аспайды;
3) көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды қабылдау немесе қабылдаудан бас тарту туралы қолхатты беру – 5 минуттан аспайды;
4) құжаттар топтамасын қызмет берушіге жолдау – 1 күннен аспайды;
5) кеңсе қызметкерімен халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерінен құжаттар топтамасын қабылдау – 5 минуттан аспайды;
6) құжаттар топтамасын тіркеу және шешім қабылдау үшін қызмет берушінің басшысына жолдау – 30 минуттан аспайды;
7) қызмет берушінің басшысымен жауапты қызметкерге бұрыштамасын қоя отырып, құжаттар топтамасын орындауға жолдау – 2 сағаттан аспайды;
8) жауапты қызметкермен құжаттарды қарастыру және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ресімдеу – 3 күннен аспайды;
9) мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін қызмет берушінің басшысына қол қою үшін жолдау;
10) мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қойып, көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін кеңсе қызметкеріне жолдау – 2 сағаттан аспайды;
11) халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкеріне мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәйекті жауап беру – 1 күннен аспайды;
12) халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерімен қызмет алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәйекті жауап беру – 15 минуттан аспайды.
4. Көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін,
сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық
жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
11. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі жолығу тәртібін және көрсетілетін қызметті беруші мен қызмет алушының рәсімдерінің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:
1) қызмет алушы жеке сәйкестендіру нөмірінің, сондай-ақ паролінің көмегімен порталда тіркеледі;
2) қызметті алу үшін көрсетілетінқызметті алушы порталда жеке сәйкестендiру нөмiрi және паролін (авторизациялау үдерісі) енгізеді;
3) жеке сәйкестендiру нөмiрi және пароль арқылы порталда тіркелген қызмет алушы деректерінің тұпсұсқалығын тексереді;
4) көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтың болғандығына байланысты порталмен авторизациялаудан бас тарту жөнінде хабарлама қалыптастырады;
5)көрсетілетін қызметті алушының осы регламентте көрсетілген қызметті таңдайды, қызметті көрсету үшін экранға сұраныс нысанын шығарады және де пішімді талаптары мен оның құрылымын ескере отырып, қызмет алушының нысанды(деректерді енгізу) толтырады, стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттардың электрондық түріндегі көшірмелерін сұраныс нысанына бекітеді, сондай-ақ сұранысты куәләндіру (қол қою) үшін қызмет алушы электрондық цифралық қолтаңба тіркеу куәлігін алады;
6) Порталда электрондық цифралық қолтаңба тіркеу куәлігінің қолдану мерзімін және қайтарылған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде жоқтығын, сондай-ақ сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін (сұраныста көрсетілген жеке сәйкестендiру нөмiрi менэлектрондық цифралық қолтаңба тіркеу куәлігінде көрсетілген жеке сәйкестендiру нөмiрi арасында) тексереді;
7) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифралық қолтаңбасының расталмауына байланысты сұратылып жатқан қызметтен бас тарту жөнінде хабарлама қалыптастыру;
8) көрсетілетін қызметті берушімен сұранысты өңдеу үшін электрондық үкiмет шлюзi арқылы көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифралық қолтаңбасымен куәләндырылған (қол қойылған) электрондық құжаттарын (қызмет алушының сұранысы) аймақтық электрондық үкімет шлюзі автоматтандырылған жұмыс орнына жолдайды;
9) көрсетілетін қызметті беруші қызмет алушымен тіркелген құжаттардың стандартта көрсетілген құжаттарға және негіздемеліріне сәйкестігін тексереді;
10) көрсетілетін қызметті алушының құжаттарында бұзушылықтың болуына байланысты, сұратылып отырған қызметтен бас тарту жөнінде хабарламаны қалыптастырады;
11) қызмет алушымен порталда қалыптастырылған қызметтің нәтижесін (электрондық құжат нысаны бойынша хабарлама) алады. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі қызмет берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифралық қолтаңбасымен куәләндырылған электрондық құжат түрінде қызмет алушының «жеке кабинетіне» жолданады.
«Кәмелетке толмаған балаларға меншік құқығында
тиесілі мүлікпен жасалатын мәмілерді рәсімдеу
үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық бойынша
функцияларды жүзеге асыратын органдардың
анықтамаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне 1 қосымша
Жамбыл облысы әкімдігінің
2014 жылғы 27 наурыздағы
№ 95 қаулысымен бекітілген
«Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды
жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне
тегін тасымалдауды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызметі кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің аппаратымен (бұдан әрі-мемлекеттік қызметті көрсетуші) көрсетіледі.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет:
1) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы;
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 ақпандағы № 115 қаулысымен бекітілген «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - стандарт) негізінде көрсетіледі.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз жүзінде.
4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды қамтамасыз ету жөніндегі анықтама.
Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны – қағаз жүзінде.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті
берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл
тәртібін сипаттау
5. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, көрсетілетін қызметті берушінің белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес, стандарттың 4-тармағында көрсетілген мерзімдерде көрсетіледі.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша іс-қимылды бастау үшін негіздеме болып көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш табылады.
7. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі стандарттың 9 тармағында көрсетілген.
8. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оларды орындау ұзақтығы:
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды қабылдау және тіркеу жұмыстарын жүргізеді-20 минуттан аспайды;
Нәтиже – көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдау немесе стандарттың 4-қосымшасына сәйкес қабылдаудан бас тарту туралы қолхат беру;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы келіп түскен құжаттармен танысады және жауапты орындаушыға жолдайды (1 жұмыс күнінен аспайды);
3) жауапты қызметкер келіп түскен құжаттарды қарайды, қызмет алушыға анықтама немесе дәлелді бас тарту туралы жауап жобасын дайындайды (3 жұмыс күнінен аспайды);
4) басшы анықтамаға немесе дәлелді бас тарту туралы жауапқа қол қояды (1 жұмыс күнінен аспайды).
Нәтиже – көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін беру.
9. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетілетін қызмет алушының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша стандарттың 10-тармағында қарастырылған тәртіппен көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсiздiгiне) шағымдануға, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқығы бар.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті
берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара
іс-қимыл тәртібін сипаттау
10. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіне қатысатын қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
кеңсе қызметкері
жауапты қызметкер;
мемлекеттік қызмет берушінің басшысы.
11. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігінің сипаттамасы (осы регламентке 1 қосымшаға сәйкес блог-схемамен сүйемелденген):
1) кеңсе қызметкерімен көрсетілетін қызметті алушыдан салыстырып тексеру (бірдейлендіру) үшін түпнұсқалары мен көшірмелерін қоса стандарттың 9 тармағында көрсетілген құжаттар топтамасын қабылдау – 5 минуттан аспайды;
Салыстырып тексергеннен (бірдейлендіргеннен) кейін құжаттардың түпнұсқалары көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.
2) кеңсе қызметкерімен ұсынылған құжаттар топтамасының стандарттың 9 тармағында көрсетілген құжаттар тізбесіне сәйкестігіне талдау жүргізу - 10 минуттан аспайды;
3) көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды қабылдау немесе стандартқа 4 қосымшаға сәйкес қабылдаудан бас тарту туралы қолхатты беру – 5 минуттан аспайды.
4) құжаттар топтамасын тіркеу және бұрыштама қою үшін қызмет берушінің басшысына жолдау – 30 минуттан аспайды;
5) қызмет берушінің басшысы жауапты қызметкерге бұрыштамасын қоя отырып құжаттар топтамасын орындауға жолдау – 2 сағаттан аспайды;
6) жауапты қызметкермен құжаттарды қарастыру және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін дайындау – 3 жұмыс күнінен аспайды;
7) қызмет берушінің басшысына қол қою үшін мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін жолдау – 30 минуттан аспайды;
8) мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қойып, көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін жауапты кеңсе қызметкеріне жолдау – 2 сағаттан аспайды;
9) кеңсе қызметкерімен көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін немесе бас тарту туралы дәйекті жауап беру – 15 минуттан аспайды.
«Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде
тұратын балаларды жалпы білім беру
ұйымдарына және кері қарай үйлеріне
тегін тасымалдауды ұсыну» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне 1 қосымша
Жамбыл облысы әкімдігінің
2014 жылғы 27 наурыздағы
№ 95 қаулысымен бекітілген
4. «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен
тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды
ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызметі Жамбыл облысы аудандары мен Тараз қаласының жергілікті атқарушы органдарымен (бұдан әрі - мемлекеттік қызметті көрсетуші) көрсетіледі.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру:
Мемлекеттік қызметті беруші;
«электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал)арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет:
1) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы;
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 ақпандағы № 115 қаулысымен бекітілген «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - стандарт) негізінде көрсетіледі.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жүзінде.
4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес жалпы білім беретін мектепте тегін тамақтандыруды ұсыну туралы анықтама.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – электрондық форматта ұсынылады. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті қағаз тасымалдағышта алу үшін өтініш берген жағдайда нәтижесі электрондық түрде ресімделеді, қағазға басып шығарылады және көрсетілетін қызметті берушінің басшысының қолымен расталады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті
берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл
тәртібін сипаттау
5. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша іс-қимылды бастау үшін негіздеме болып:
көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
порталға жүгінген кезде қызметті берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған электрондық құжат нысанында өтініш болып табылады.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі стандарттың 9 тармағында көрсетілген.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оларды орындау ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды қабылдау және тіркеу жұмыстарын жүргізеді - 20 минуттан аспайды;
Нәтиже – көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдау немесе стандарттың 4-қосымшасына сәйкес қабылдаудан бас тарту туралы қолхат беру;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы келіп түскен құжаттармен танысады және жауапты қызметкерге жолдайды (1 жұмыс күнінен аспайды);
3) жауапты қызметкер келіп түскен құжаттарды қарайды, қызмет алушыға анықтама немесе дәлелді бас тарту туралы жауап жобасын дайындайды (3 жұмыс күнінен аспайды);
4) басшы анықтамаға немесе дәлелді бас тарту туралы жауапқа қол қояды. Нәтиже – көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін беру.
8. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетілетін қызмет алушының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша стандарттың 10-тармағында қарастырылған тәртіппен көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсiздiгiне) шағымдануға, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқығы бар.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті
берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара
іс-қимыл тәртібін сипаттау
10. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіне қатысатын қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
кеңсе қызметкері
жауапты қызметкер;
мемлекеттік қызмет берушінің басшысы.
11. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігінің сипаттамасы (осы регламентке 1 қосымшаға сәйкес блог-схемамен сүйемелденген):
1) кеңсе қызметкерімен көрсетілетін қызметті алушыдан салыстырып тексеру (бірдейлендіру) үшін түпнұсқалары мен көшірмелерін қоса стандарттың 9 тармағында көрсетілген құжаттар топтамасын қабылдау – 5 минуттан аспайды;
Салыстырып тексергеннен (бірдейлендіргеннен) кейін құжаттардың түпнұсқалары көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.
2) кеңсе қызметкерімен ұсынылған құжаттар топтамасының стандарттың 9 тармағында көрсетілген құжаттар тізбесіне сәйкестігіне талдау жүргізу - 10 минуттан аспайды;
3) көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды қабылдау немесе стандартқа 3 қосымшаға сәйкес қабылдаудан бас тарту туралы қолхатты беру – 5 минуттан аспайды.
4) құжаттар топтамасын тіркеу және бұрыштама қою үшін қызмет берушінің басшысына жолдау – 30 минуттан аспайды;
5) қызмет берушінің басшысы жауапты қызметкерге бұрыштамасын қоя отырып құжаттар топтамасын орындауға жолдау – 2 сағаттан аспайды;
6) жауапты қызметкермен құжаттарды қарастыру және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін дайындау – 3 жұмыс күнінен аспайды;
7) қызмет берушінің басшысына қол қою үшін мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін жолдау – 30 минуттан аспайды;
8) мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қойып, көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін жауапты кеңсе қызметкеріне жолдау – 2 сағаттан аспайды;
9) кеңсе қызметкерімен көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін немесе бас тарту туралы дәйекті жауап беру – 15 минуттан аспайды.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді
қолданудың іс-қимыл тәртібін сипаттау
12. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі жолығу тәртібін және көрсетілетін қызметті беруші мен қызмет алушының рәсімдерінің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:
1) қызмет алушы жеке сәйкестендіру нөмірінің, сондай-ақ паролінің көмегімен порталда тіркеледі;
2) қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы порталда жеке сәйкестендiру нөмiрi және паролін (авторизациялау үдерісі) енгізеді;
3) жеке сәйкестендiру нөмiрi және пароль арқылы порталда тіркелген қызмет алушы деректерінің тұпсұсқалығын тексереді;
4) көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтың болғандығына байланысты порталмен авторизациялаудан бас тарту жөнінде хабарлама қалыптастырады;
5)көрсетілетін қызметті алушының осы регламентте көрсетілген қызметті таңдайды, қызметті көрсету үшін экранға сұраныс нысанын шығарады және де пішімді талаптары мен оның құрылымын ескере отырып, қызмет алушының нысанды(деректерді енгізу) толтырады, стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттардың электрондық түріндегі көшірмелерін сұраныс нысанына бекітеді, сондай-ақ сұранысты куәләндіру (қол қою) үшін қызмет алушы электрондық цифралық қолтаңба тіркеу куәлігін алады;
6) Порталда электрондық цифралық қолтаңба тіркеу куәлігінің қолдану мерзімін және қайтарылған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде жоқтығын, сондай-ақ сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін (сұраныста көрсетілген жеке сәйкестендiру нөмiрi мен электрондық цифралық қолтаңба тіркеу куәлігінде көрсетілген жеке сәйкестендiру нөмiрi арасында) тексереді;
7) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифралық қолтаңбасының расталмауына байланысты сұратылып жатқан қызметтен бас тарту жөнінде хабарлама қалыптастыру;
8) көрсетілетін қызметті берушімен сұранысты өңдеу үшін электрондық үкiмет шлюзi арқылы көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифралық қолтаңбасымен куәләндырылған (қол қойылған) электрондық құжаттарын (қызмет алушының сұранысы) аймақтық электрондық үкімет шлюзі автоматтандырылған жұмыс орнына жолдайды;
9) көрсетілетін қызметті беруші қызмет алушымен тіркелген құжаттардың стандартта көрсетілген құжаттарға және негіздемеліріне сәйкестігін тексереді;
10) көрсетілетін қызметті алушының құжаттарында бұзушылықтың болуына байланысты, сұратылып отырған қызметтен бас тарту жөнінде хабарламаны қалыптастырады;
11) қызмет алушымен порталда қалыптастырылған қызметтің нәтижесін (электрондық құжат нысаны бойынша хабарлама) алады. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі қызмет берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифралық қолтаңбасымен куәләндырылған электрондық құжат түрінде қызмет алушының «жеке кабинетіне» жолданады.
«Жалпы білім беретін мектептердегі білім
алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген
санаттарына тегін тамақтандыруды ұсыну»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне 1 қосымша
Жамбыл облысы әкімдігінің
2014 жылғы 27 наурыздағы
№ 95 қаулысымен бекітілген
«Қамқоршыларға немесе қорғаншыларға жетім баланы (жетім
балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы
(балаларды) асырап-бағуға жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Қамқоршыларға немесе қорғаншыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Жамбыл облысының аудандары мен Тараз қаласының білім бөлімдерімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет:
1) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы;
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 ақпандағы № 115 қаулысымен бекітілген «Қамқоршыларға немесе қорғаншыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - стандарт) негізінде көрсетіледі.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз жүзінде.
4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қамқоршыларға немесе қорғаншыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға жәрдемақы тағайындау туралы шешім.
Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны – қағаз жүзінде.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті
берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл
тәртібін сипаттау
5. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, көрсетілетін қызметті берушінің белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес, стандарттың 4-тармағында көрсетілген мерзімдерде көрсетіледі.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша іс-қимылды бастау үшін негіздеме болып стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш табылады.
7. Көрсетілетін қызметті алушыкөрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі стандарттың 9 тармағында көрсетілген.
8. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оларды орындау ұзақтығы:
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды қабылдау және тіркеу жұмыстарын жүргізеді - 20 минуттан аспайды;
Нәтиже – көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдау немесе стандарттың 4-қосымшасына сәйкес қабылдаудан бас тарту туралы қолхат беру;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы келіп түскен құжаттармен танысады және жауапты орындаушыға жолдайды (1 жұмыс күнінен аспайды);
3) жауапты қызметкер келіп түскен құжаттарды қарайды, қызмет алушыға анықтама немесе дәлелді бас тарту туралы жауап жобасын дайындайды (8 жұмыс күнінен аспайды);
4) басшы анықтамаға немесе дәлелді бас тарту туралы жауапқа қол қояды.
Нәтиже – көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін беру.
9. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетілетін қызмет алушының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша стандарттың 10-тармағында қарастырылған тәртіппен көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсiздiгiне) шағымдануға, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқығы бар.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті
берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара
іс-қимыл тәртібін сипаттау
10. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіне қатысатын қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
кеңсе қызметкері;
жауапты қызметкер;
көрсетілетін қызметтрі берушінің басшысы.
11. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігінің сипаттамасы (осы регламентке 1 қосымшаға сәйкес блог-схемамен сүйемелденген):
1) кеңсе қызметкерімен көрсетілетін қызметті алушыдан салыстырып тексеру (бірдейлендіру) үшін түпнұсқалары мен көшірмелерін қоса стандарттың 9 тармағында көрсетілген құжаттар топтамасын қабылдау – 5 минуттан аспайды;
Салыстырып тексергеннен (бірдейлендіргеннен) кейін құжаттардың түпнұсқалары көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.
2) кеңсе қызметкерімен ұсынылған құжаттар топтамасының стандарттың 9 тармағында көрсетілген құжаттар тізбесіне сәйкестігіне талдау жүргізу - 10 минуттан аспайды;
3) көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды қабылдау немесе стандартқа 3 қосымшаға сәйкес қабылдаудан бас тарту туралы қолхатты беру – 5 минуттан аспайды;
4) құжаттар топтамасын тіркеу және бұрыштама қою үшін қызмет берушінің басшысына жолдау – 30 минуттан аспайды;
5) қызмет берушінің басшысы жауапты қызметкерге бұрыштамасын қоя отырып, құжаттар топтамасын орындауға жолдау – 2 сағаттан аспайды;
6) жауапты қызметкермен құжаттарды қарастыру және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін дайындау – 8 жұмыс күнінен аспайды;