Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100%-ға дейін өтеуге арналған субсидиялар нормативтері, сондай-ақ жеткізушіге қойылатын өлшемдер мен талаптарды бекіту туралы

Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 19 наурыздағы № 56 қаулысы. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 8 сәуірде № 2149 болып тіркелді

Қолданыстағы

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына және «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 18 ақпандағы № 103 қаулысына сәйкес, Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 1, 2 қосымшаларға сәйкес:
      1) жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100 %-ға дейін өтеуге арналған субсидиялар нормативтері;
      2) жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыруға жеткізушіге қойылатын өлшемдер мен талаптар бекітілсін.
      2. «Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберуді;
      3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.Жолдасбаевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      
      Облыс әкімі                                К. Көкрекбаев

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің м.а.
Г.С. Исаева
«26»  наурыз 2014 жыл

Жамбыл облысы әкімдігінің
2014 жылғы 19-шы наурыздағы
№ 56 қаулысына 1-қосымша

Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын
қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100 %-ға дейін өтеуге
арналған субсидиялар нормативі

Субсидиялау бағыты

Өлшем бірлігі

1 бірлікке арналған субсидиялар нормативтері, теңге

Ірі қара мал шаруашылығы

1

Жеке қосалқы шаруашылықтардағы ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100 %-ға дейін өтеу

бас

2 801,82

Жамбыл облысы әкімдігінің
2014 жылғы 19-шы наурыздағы
№ 56 қаулысына 2-қосымша

Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын
қолдан ұрықтандыруға жеткізушіге қойылатын өлшемдер
мен талаптар

Р/с№

Субсидиялау бағыттары

Өлшемдер мен талаптар

1.

Жеке қосалқы шаруашылықтардағы ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100%-ға дейін өтеу

1. Ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыруға қажетті құрал жабдықтардың болуы;
2. Азот және бұқа ұрықтарын таситын арнайы техниканың болуы;
3. Арнайы жануарларды қолдан ұрықтандырушы маманның болуы;
4. Жеке қосалқы шаруашылықтардағы ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтер көрсету жөніндегі шарттының болуы;
5. Жеке қосалқы шаруашылықтардағы ірі қара малдың бір аналық мал басын қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтер көрсету жөніндегі шығындарды есептеу-анықтамасы;
6. Ұрықтандырылған ірі қара малдың аналық басына ұрықтандыру актісінің және тексеру жүргізу актісі;
7. Отандық асылдандыру орталығынан (асылдандыру орталықтарын есепке алмағанда) ұрықты сатып алуға шарттың болуы.