"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 27 ақпандағы № 23 қаулысы. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 8 сәуірде № 2146 болып тіркелді

Қолданыстағы

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Басқарма) Ережесі бекітілсін.
      2. Басқарма заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е.Н. Манжуовқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      
      Облыс әкімі                                К. Көкрекбаев

Жамбыл облысы әкімдігінің
2014 жылғы 27 ақпандағы
№ 23 қаулысымен бекітілген

«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы
Ереже І. Жалпы ережелер

      1. «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі облыс аймағындағы орта, бастауыш кәсіптік, орта кәсіптік, Жамбыл облысының аумағында мектепке дейінгі және қосымша білім беру саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
      3. «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: пошталық индексі 080012, Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Төле би даңғылы, № 35.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы - «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерінен жүзеге асырылады.
      13. «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттемелері

      14. «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы: облыста білім саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, сапалы білімге қол жеткізу.
      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен және Бала құқықтары туралы конвенциямен көзделген барлық заңды құқықтарды сақтау негізінде адамгершілік басымдықтарды және рухани бағдарларды қалыптастыру, балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша тиімді жүйе жасау.
      15. Негізгі міндеттері:
      1) Аймақтағы демографиялық және басқа да ерекшеліктерді ескере отырып, облыстағы орта, бастауыш және орта кәсіптік білім беру, мектепке дейінгі және қосымша білім беру саласындағы бірегей мемлекеттік саясатты жүзеге асыру; балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған тұжырымдамаларды, бағдарламаларды жүзеге асуы;
      2) Облыстағы білім беру жүйесінің қызметін мемлекеттік қамтамасыз ету және оны қоғамның қажеттілігі мен әлеуметтік-экономикалық жағдайларға сәйкес әлеуметтік қорғау;
      3) Ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде жеке тұлғаны қалыптастыру, дамыту және кәсіптік қалыптасуына бағытталған білім беруге қажетті жағдай жасау;
      4) Білім беруде, оның ішінде білім беру мекемелерін басқаруда инновациялық процестерді кеңейту;
      5) Білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасын дамыту, қаржылай қамтамасыз етілуін жақсарту;
      6) Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмағандарға қорғаншы болуды және қамқоршылыққа алуды ұйымдастыру;
      7) Балаларға қатысты зәбір-зомбылық пен қатал айналымның алдын алу және ескерту, балалар еңбегінің төмен пішіні, өмірдің қиын жағдайларына түскен балаларға көмек көрсету, олардың өмірлік жағдайларын жақсарту.
      8) Балалар құқығын қорғау туралы конвенцияның, адами-рухани тәрбиелеу бағдарламаларының жүзеге асырылуының мониторингісі, балалардың әлеуметтік игілігіне және рухани өсуін талдау және болжам жасау, өңірдегі баланың өмірін жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлеу. Балалар құқықтары мен олардың жүзеге асырылуыы туралы халықтың ақпараттану деңгейін арттыру.
      9) Жергілікті деңгейде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, балалардың барлық санаттағы құқықтарын жүзеге асыруға байланысты ведомоствоаралық ынтымақтастықты үйлестіру және іс-шаралар кешенінің жүзеге асырылуын бақылау.
      16. Функциялары:
      1) Жергілікті атқарушы органдармен бірге аудандық, қалалық білім бөлімдерінің тікелей қатысуымен мектеп жасындағы барлық балалардың міндетті орта білім алуына, балалардың орта білім алғанға дейінгі есебін ұйымдастыруға, ауылдық жердегі балалардың тегін көлік қатынасын ұйымдастыруға, оқушылардың ыстық тамақпен қамтамасыз етілуіне ықпал ету;
      2) Өңірлік бағдарламаларды жасауға қатысады және білім беруді дамытудың жоспарларын жүзеге асырады; балалар құқығы мен мүддесін қорғаудағы өңірлік бағдарламалық құжаттар, бала мен отбасына сүйеніш, балалар құқығын қорғаудағы халықаралық келісімдер мен Қазақстан Республикасының заңнамаларының жүзеге асырылуын мониторингілеу, әлеуметтік және құқықтық кепілдемені қамсыздандыру, мемлекеттік ең төмен әлеуметтік стандарттарды сақтау, өңірлердің өзгешеліктерін ескере отырып бала өмірін жақсарту, балалардың жағдайы туралы жыл сайын өңірлік есеп беру.
      3) Орта, бастауыш және орта кәсіптік, мектепке дейінгі білім беру саласында жалпы білім берудің стандарттарын енгізуді ұйымдастырады;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес білім беру саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамалары мен нормативтік-құқықтық актілерінің, мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттарының, ведомстволық қарасты ұйымдарда бюджеттік және қаржылық тәртіптің орындалуына бақылау жасауды жүзеге асыру;
      5) Заңнамада белгіленген тәртіппен педагогикалық кадрларды аттестаттауды ұйымдастыру;
      6) Ұлттық-өңірлік ерекшеліктерге сәйкес әр түрлі үлгідегі оқу-тәрбие мекемелерін құруға жағдай жасау;
      7) Облыстағы орта, бастауыш және кәсіптік білім, мектепке дейінгі білім беруді, тәрбие жұмыстарын дамытудың стратегиялық бағдарламасын жасау. Белгіленген тәртіпте шетелдік гранттарды, несиелерді және инвестицияларды пайдалану жөнінде ұсыныстар енгізу;
      8) Білім беру үрдісін жетілдіру бойынша талдау жасау, оның даму үрдістерін айқындау және ұсыныстар енгізу;
      9) Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы және Тараз мемлекеттік педагогикалық институтымен орта, бастауыш және орта кәсіптік білім беру, мектепке дейінгі тәрбие мәселелері бойынша өзара қарым-қатынаста болады;
      10) Білім берудегі мемлекеттік басқару жүйесін іске асырады және дамытады, орта білім беру жүйесін басқарудың тиімді формаларын ойластырады және енгізеді, басқару еңбегінің мәдениетін дамытады, басшы мамандардың біліктілігін көтеру жұмыстарын жүргізеді;
      11) Балалар мен оқушы жастардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету, кәмелетке жасы толмаған панасыз қалған жасөспірімдерді қамқорлыққа алуды аудандық және қалалық білім бөлімдерімен бірге ұйымдастырады. Педагог қызметкерлерді әлеуметтік жағынан қорғау, олардың қоғамдағы әлеуметтік статусын көтеру шараларын үйлестіреді. Өмірдің қиын жағдайына тап болған және қолайсыз отбасынан шыққан кәмелетке толмаған балаларды аймақтық есепке алу, профилактикалық жұмысты ұйымдастыру.
      12) Оқу процесіне жаңа ақпараттық технологияларды енгізу.
      13) Арнайы білім беру мекемелерінің (арнайы мектеп, интернат, балалар үйі) жұмыстарына жетекшілік және бақылау жасайды, жетім және панасыз қалған балаларды қабылдау және шығару барысын реттейді, жетім балаларды қамқоршылық кеңесі арқылы асырап алу мәселесін үйлестіреді. Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, ақыл-есі дамуында кемшіліктер бар және басқа да мемлекеттің көмегіне мұқтаж балаларды оқыту, тәрбиелеу, еңбекке баулу және әлеуметтік бейімдеу үшін жағдайлар жасайды;
      14) Өңірдегі білім беру жүйесін қолдау және дамыту, жаңа білім беру мекемелерін ашу туралы әкімшілікке, Министрлікке ұсыныс дайындайды;
      15) Оқушылардың денсаулығы мен өмірін қоғауға, білім беру мен тәрбиелеуге қатысты эксперименттерді өткізу жұмыстарын ғылыми-әдістемелік және психологтік-дәрігерлік-педагогикалық жағынан қамтамасыз етеді. Білім мен тәрбие берудегі жаңалықтар мен жаңа технологияларды енгізу үшін мектептер базасынан эксперименталды алаңдар ұйымдастырады. Жаңа оқулықтарды, жаңа оқу жоспарлары мен білім беру бағдарламаларын, педагогикалық және басқару жаңалықтарын жан-жақты сынақтан өткізіп, оның енгізілуіне нұсқау береді; құқық бұзушылықтың алдын алу шараларының қызметін атқаратын коммерциялық емес және өзге ұйымдарға ұйымдастырушы-әдістемелік көмек беру, кәмелетке толмағандар арасында қадағалаусыздықтын және қорғансыздықтын алдын алу шаралары, салауатты өмір салтын насихаттау,  жасөспірімнің құқықтық сауаттылығының көтермелеу;
      16) Аудандық, қалалық білім бөлімдерінің, білім мекемелерінің қызметін талдайды, олардың алдағы дамуын болжайды, Қазақстан Республикасы заңдарының орындалуын, мемлекеттік стандарттың сақталуын бақылайды.
      17) Облыстық білім басқармасына қарасты мектеп басшыларының және аудандық, қалалық білім бөлімдері қызметкерлерінің жаңалықтарын, тың ізденістерін қолдайды, оларды зерттеп, озық тәжірибелерін таратады. Білім беру мекемелерінің педагогикалық процесті дамыту бағытындағы озық үлгілерін, іс-шараларын жетілдіреді, жүзеге асырады; әлеуметтік  жағымсыз әсерден, ақпараттық, насихат пен үгіттің денсаулыққа, адамдық және рухани дамуына балалардың құқығын қорғаудағы мақсатымен информациялық-түсіндіруші және ағартушылық қызметті жасайды.
       18) Облыстағы білім беру мекемелерінің оқулықтармен және әдістемелік әдебиеттермен қамтылуына талдау жасайды. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне басылым беруге және қайта бастыруға жоспар және тапсырыс дайындайды. Оқулықтар мен бағдарламалар, әдістемелік материалдардың жоспарға сай облысқа жеткізілуін бақылайды;
      19) Білім беру жүйесінің материалдық-техникалық базасын нығайту, жаңа объектілерді жобалау және салу жөнінде ұсыныстар әзірлеп, облыс әкімі аппаратына ұсынады, білім беру мекемелері мен ұйымдарына күрделі жөндеу жасауды жоспарлайды және тапсырыстарды орналастырады;
      20) Облыс бюджеті бойынша білім беруді қаржыландыру мен білім беру шығыстары жоспарларының жобасын әзірлейді және облыс әкімі аппаратына ұсынады. Облыстық ведомстволық қарасты мекемелер мен ұйымдарды қаржыландыруды жүзеге асырады;
      21) Балаларды оқыту мен тәрбиелеу саласында ерекше еңбегі сіңген қызметкерлерді белгіленген тәртіп бойынша мемлекеттік наградаларға және атақтарға ұсынады;
      22) Белгіленген тәртіп бойынша облыстық іс-шаралардың жеңімпаздарын дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапаттау мәселесін шешеді;
      23) Азаматтардың хаттарын, арыз-шағымдарын қарайды, тиісті шаралар қолданады. Азаматтарды жеке сұрақтармен қабылдайды;
      24) Әдістемелік кабинеттердің материалдық-техникалық базасын қамтамасыз етеді.
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі негізгі міндеттерді іске асыру және қызметін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мыналарға:
      1) Ведомстволық қарасты ұйымдар басшыларын қызметке тағайындауға және қызметтен босатуға;
      2) Мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан, сондай-ақ лауазымды тұлғалар мен азаматтардан өзіне жүктелген міндеттер мен қызметтерді орындауға қажетті құжаттар мен мәліметтер сұратуға және алуға;
      3) Өзінің құзыреті шегінде шешімдер қабылдауға;
      4) Өзінің құзыреті шегінде ұйымдар құру, қайта құру және тарату жөнінде ұсыныстар беруге;
      5) Баспа қызметімен айналысуға;
      6) Облыс әкімінің шешімдері, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің бұйрықтары мен өзге де нормативтік құжаттары негізінде және оларды орындау үшін бұйрықтар, нұсқаулықтар, ережелер шығаруға, олардың орындалуына бақылау жасауға;
      7) Қазақстан Республикасының білім саласындағы қолданыстағы заңнамаларына қайшы келетін жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың нормативтік құқықтық құжаттарының күшін бұзу немесе облыс аумағында қолданылуын тоқтата тұру жөнінде облыс әкіміне ұсыныстар жасауға;
      8) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша облыстың білім беру мекемелері мен ұйымдарында тексеру жүргізуге;
      9) Белгіленген тәртіппен Басқарма жанындағы білім беру, ғылыми-әдістемелік және өндірістік бірлестіктерге, шаруашылық есеп орталықтарына және саланың әлеуметтік дамуына ықпал ететін қызмет көрсету бағытындағы өзге де ұйымдар мен кәсіпорындарға құрылтайшы болуға және ашуға;
      10) Басқарма құзыретіне жататын мәселелер бойынша конференциялар, семинарлар, көрмелер, кеңестер өткізуге; білім беру бағдарламаларын, соның ішінде халықаралық бағдарламалар әзірлеуге қатысуға, жақын және алыс шет елдердің білім беру органдарымен және мекемелерімен тікелей байланыстар орнатуға және ынтымақтастық туралы келісімдер жасауға;
      11) Балалардың құқығын қорғаудағы мақсатпен және адамдық рухани өсуіне өкілетті органдар мен білім мекемелерімен әлеуметтік әріптестігінің дамуына ықпал ету;
      12) Балалардың құқығын қорғаудағы мемлекеттік саясаттың жүзеге асуы аймақтарда меценаттықтың және қайырымдылықтың шығармашылық бастамасын арттыру.
      13) Меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан балаларды тәрбиелеумен айналысатын барлық білім мекемелеріне кедергісіз қолжетімділігін қамтамасыз ету.
      14) Орта білім, интернат, кәсіптік, мектепке дейінгі және мектептен тыс мекемелердің, колледждердің жұмыстары туралы білім мекемелері мен басқару органдарынан статистикалық және ағымдағы есепті алуға және талап етуге;
      15) Жоғары оқу орындарының алдыңғы қатарлы ғалымдары мен жаңашыл мұғалімдерді оқу-бағдарламалық құжаттарды, әдістемелік нұсқауларды жасауға қатыстыруға, білім беру мәселесі бойынша уақытша шығармашылық топ құруға;
      16) Белгіленген тәртіпке сай білім беру мекемелерін ашу, қайта құру және жабу, білім беру мекемелерінің жүйесін реформалау туралы Министрлікке, облыс әкімдігіне ұсыныс енгізуге;
      17) Барлық меншіктегі білім беру мекемелерінің педагог кадрларына жоғарғы біліктілік санатын беру туралы шешімді бекітуге, облыстық білім басқармасының қызметкерлеріне, білім беру органдарының басшыларына аттестация жүргізуге, білім беру басқармасына қарасты мекемелердің басшыларымен және облыстық білім басқармасына жаңадан қабылданатын қызметкерлермен келісім-шартқа отыруға құқығы бар.
      Міндеттемелері:
      1) Облыстағы орта, бастауыш және орта кәсіптік оқу орындары, мектепке дейінгі және қосымша білім беруде аймақтық демографиялық және басқа да ерекшеліктерін есепке ала отырып, бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру; балалардың құқығы мен мүдделерін қорғаудағы тұжырымдаманың, бағдарламалардың жүзеге асуы;

      2) Қоғамның қажеттілігіне және әлеуметтік экономикалық жағдайларға сәйкес облыстың білім беру жүйесін дамыту және әлеуметтік қорғау;
      3) Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде жеке тұлғаны қалыптастыру, дамыту және кәсіптік бағдарлауға бағытталған білім беруге қажетті жағдай жасау;
      4) Білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасын дамыту, қаржылай қамтамасыз етілуін жақсарту;
      5) Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмағандарға қорғаншы болуды және қамқоршылыққа алуды ұйымдастыру;

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      18. «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      19. «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің келісімімен Жамбыл облысының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
      21. «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) Мекеменің құрылымдық бөлімдеріне, оған бағынышты ұйымдарға, мекемелерге басшылық жасайды;
      2) Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді;
      3) Мекеме басшысы орынбасарларының, құрылымдық бөлім басшыларының және басқа да қызметкерлердің міндеттері мен дәрежесін белгілейді;
      4) Мекеменің құрылымына және штаттық кестесіне өзгеріс енгізеді, әрі оны бекітеді. Еңбекақы қорының көлемінде қызметтік жалақы белгілейді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңдылықтарына сай оларға қосымша жалақы төлейтін қаржы көздерін қарастырады;
      5) Мекеменің қызметіне қатысты бөлімдердің құрылымдық ережесін бекітеді;
      6) Мекеме құзыретіне сәйкес белгілі заңдылықтарға сай мемлекеттік мекемелерде өзін танытады;
      7) Мекемеден қаржыланатын білім мекемелерінің басшыларын тағайындайды және жұмыстан босатады, білім бөлімдерінің жалпы орта, лицей, гимназия, бағдарлы мектептердің директорларын тағайындау және босату туралы ұсынысына келісім береді;
      8) Өз құзретінің шеңберіндегі мемлекеттік органдарда қолданыстағы заңнамалардын сәйкестігін ұсынады;
      9) Заңнамамен бекітілген өзге де қызметтерді жүзеге асырады.
      «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезенде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      22. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      23. «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      24. «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5.Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      26. «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі

      1) Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Қ.Сарымолдаев атындағы № 1 балалар үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      2) Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Облыстық жасөспірімдер үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      3) Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      4) Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Нұрғиса Тілендиев атындағы көп балалы және аз қамсыздандырылған отбасы балаларына арналған мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      5) Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Гранитагор санаториялық мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      6) Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «В.Савва атындағы жетім және ата-аналардың қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      7) Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Үш тілде оқытатын мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      8) Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Ерекше дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      9) Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Айша-бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған қазақ-түрік мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      10) Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған қазақ-түрік мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      11) Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Ақыл ойы дамуында кемістігі бар балаларға арналған мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      12) Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Үміт қимыл-тірек аппараты бұзылған балаларға арналған арнайы мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      13) Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Саңырау және нашар еститін балаларға арналған облыстық «Мейірім» арнайы түзету мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      14) Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Соқыр және нашар көретін арнайы балаларға арналған «Болашақ» мектеп –интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      15) «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының балалар мен жасөспірімдердің арнаулы мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      16) Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      17) Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Жамбыл политехникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      18) Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      19) Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Жамбыл қазақ-түрік есеп-экономикалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      20) Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Қаратау гуманитарлық-техникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      21) Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Құлан ауыл шаруашылығы колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      22) Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Қордай ауылшаруашылық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      23) Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Жанатас көпсалалы колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      24) Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Ғылыми-тәжірибелік дене шынықтыру орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      25) Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесі орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      26) Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      27) Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «№ 1 колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      28) Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «№ 2 Қаратау колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      29) Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «№ 3 Байзақ колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      30) Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «№4 Құлан колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      31) Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «№ 5 Жаңатас колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      32) Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «№ 6 Әулиеата колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      33) Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «№ 7 Бетқайнар колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      34) Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «№ 8 Мойынқұм колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      35) Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «№ 9 Меркі колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      36) Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «№ 10 Шу колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      37) Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «№ 11 Сарысу колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      38) Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «№ 12 Тараз колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      39) Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «№ 13 Тараз теміржол колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      40) Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «№ 14 Талас колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      41) Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «№ 15 Түзету мекемесі жанындағы колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      42) Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «№ 16 Жуалы колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      43) Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «№ 17 Жамбыл колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      44) Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «№ 18 Ақыртөбе колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      45) Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «№ 19 Қордай колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      46) Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының "Жамбыл облыстық ведомствоаралық психологиялық-медициналық педагогикалық консультациясы" мемлекеттік мекемесі;
      47) Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Т.Рысқұлов ауданының ведомствоаралық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясы» мемлекеттік мекемесі
      48) Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Талас ауданының ведомствоаралық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясы» мемлекеттік мекемесі;
      49) Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Шу ауданының ведомствоаралық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясы» мемлекеттік мекемесі;
      50) Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Тараз қаласының психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» мемлекеттік мекемесі;
      51) Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Байзақ ауданының психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» мемлекеттік мекемесі;
      52) Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Жамбыл ауданының психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» мемлекеттік мекемесі;
      53) Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Жуалы ауданының психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» мемлекеттік мекемесі;
      54) Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Қордай ауданының психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» мемлекеттік мекемесі;
      55) Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Меркі ауданының психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» мемлекеттік мекемесі;
      56) Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Мойынқұм ауданының психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» мемлекеттік мекемесі;
      57) Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Сарысу ауданының психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» мемлекеттік мекемесі;
      58) Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Оңалту орталығы» мемлекеттік мекемесі;
      59) Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Оқу-әдістемелік кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.