Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды және мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдерін бекіту туралы

Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 19 наурыздағы № 55 қаулысы. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 3 сәуірде № 2142 тіркелді

Қолданыстағы

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамыту мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына және «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 18 ақпандағы № 103 қаулысына сәйкес, Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Субсидиялар көлемдері бекітілсін:
      1) асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау  бағыттары бойынша 1 қосымшаға сәйкес;
      2) мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша 2 қосымшаға сәйкес.
      2. «Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтүзбелік күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберуді;
      3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурстарында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Мұратбай Сматайұлы Жолдасбаевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
      
      Облыс әкімі                                К. Көкрекбаев

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің м.а.
Г.С. Исаева

«26» наурыз 2014 жыл
Жамбыл облысы әкімдігінің
2014 жылғы 19 наурыздағы
№ 55 қаулысына 1-қосымша

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау бағыттары
бойынша субсидиялар көлемі

Субсидиялау бағыты

Өлшем бірлігі

Субсидиялау нормативі, теңге

Субсидияланатын көлем

Субсидия соммасы, мың теңге

Асыл тұқымды ірі қара малдың аналық мал басына асыл тұқымды және селекциялық жұмысты жүргізу

бас

20 000

6 500

130 000

Тұқымдық түрлендірумен қамтылған ірі қара малдың аналық басына асыл тұқымды және селекциялық жұмысты жүргізу

бас

18 000

17 500

315 000

Тұқымдық түрлендірумен қамтылған аналық қой басына және асыл тұқымдық зауыттар мен шаруашылықтардағы асыл тұқымдық аналық қой басына селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарды жүргізу

бас

1 500

170 000

255 000

Отандық асыл тұқымды ірі қара малды сатып алу

бас

154 000

1 643

253 022

Импортталған асыл тұқымды ет бағытындағы ірі қара малды (Австралиядан, Америка Құрама Штаттарынан, Канададан) сатып алу

бас

200 000

685

137 000

Импортталған селекциялық ірі қара мал (Ресейден, Белоруссиядан және Украинадан әкелінген асыл тұқымды малды қоса есептегенде) сатып алу

бас

118 000

315

37 170

Ата-тектік, ата-енелік нысандары бар отандық асыл тұқымды құс фабрикаларынан жұмыртқа бағыттағы асыл тұқымды тәулiктiк балапандарды (ақырғы) сатып алу

бас

50

26 140

1 307

Асыл тұқымды тоқтылар мен тұсақтарды сатып алу

бас

8 000

40 942

327 536

Асыл тұқымды жылқыларды сатып алу

бас

40 000

531

21 240

Асыл тұқымды шошқаларды сатып алу

бас

15 000

565

8 475

Жеке қосалқы шаруашылықтардағы ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру

бас

2801,82

44 000

123 280

Барлығы:




1 609 030

Жамбыл облысы әкімдігінің
2014 жылғы 19 наурыздағы
№ 55 қаулысына 2-қосымша

Мал шаруашылығы өнімінің өнімдігілігі мен сапасын арттыруды
субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемі

Субсидиялау бағыты

Өлшем бірлігі

Субсидиялау нормативі, теңге

Субсидияланатын көлем

Субсидия соммасы, мың теңге

Сиыр етін өндіру үшін мал азығы құнын арзандату

тонна


1 622

244 045

2 деңгей

тонна

170 000

987

167 790

3 деңгей

тонна

120 000

635

76 200

Сүт өндіру үшін мал азығы құнын арзандату

тонна


3536

43 045

2 деңгей

тонна

15 000

1 537

23 055

3 деңгей

тонна

10 000

1 999

19 990

Тағамдық жұмыртқа өндіру үшін азық құнын арзандату

мың дана


35 780

71 560

3 деңгей

мың дана

2 000

35 780

71 560

Қой етін өндіру үшін азық құнын арзандату

тонна

100 000

940

94 000

Биязы жүн өндіру үшін азық құнын арзандату

тонна

130 000

342,515

44 527

Жылқы етін өндіру үшін азық құнын арзандату

тонна

92 000

294

27 048

Қымыз өндіру үшін азық құнын арзандату

тонна

60 000

240

14 400

Шошқа етін өндіруге арналған азық құнын арзандату

тонна

98 000

2 500

245 000

Шұбат өндіру үшін азық құнын арзандату

тонна

55 000

80

4 400

Жиыны:




787 970