Кредиттер, сондай-ақ технологиялық жабдықтың және ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы № 9-1/613 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 8 желтоқсанда № 9939 тіркелді

Қолданыстағы

      «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы 1 тармақтың 41) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Кредиттер, сондай-ақ технологиялық жабдықтың және ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Инвестициалық саясаты департаменті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгiнде мемлекеттік тiркелуiн және заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін вице-министрге жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланнан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр

А. Мамытбеков

      «КЕЛІСІЛГЕН»                      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасы             Қазақстан Республикасы
      Қаржы министрі                     Ұлттық экономика министрі
      ___________ Б. Сұлтанов            _____________ Е. Досаев
      2014 жылғы 24 қараша               2014 жылғы 24 қараша


Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2014 жылғы 25 қарашадағы
№ 9-1/613 бұйрығымен
бекітілген

Кредиттер, сондай-ақ технологиялық жабдықтың және ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Кредиттер, сондай-ақ технологиялық жабдықтың және ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және кредиттер, сондай-ақ технологиялық жабдықтың және ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау тәртібі мен шарттарын айқындайды.
      2. Кредиттер, сондай-ақ технологиялық жабдықтың және ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялаудың негізгі мақсаты агроөнеркәсіптік кешен (бұдан әрі – АӨК) субъектілеріне қаржылық қызметтердің қолжетімдігін арттыру болып табылады.
      3. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
      1) ауыл шаруашылығы жануарларының шартты мал басы – осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген ауыл шаруашылығы жануарларының шартты ірі қара мал басына айналдыру коэффициенттеріне сәйкес ауыл шаруашылығы жануарларының бас санын ірі қара малдың шартты мал басына ауыстыру;
      2) бюджеттік бағдарламаның әкімшісі (бұдан әрі – әкімші) – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі;
      3) комиссия – әкімшінің мүдделі құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері, сондай-ақ басқа мемлекеттік органдардың, қаржы институттары мен мүдделі салалық қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысатын, әкімші басшысының орынбасары басқаратын консультациялық-кеңесші орган;
      4) кредиттер, сондай-ақ технологиялық жабдықтың және ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау шарты – әкімші, қаржы институты және оператор арасында жасалатын, қаражат аударудың тәртібі мен шарттарын, тараптардың жауапкершілігін, қарыз алушылардың тізбесін көздейтін жазбаша келісім, оған сәйкес әкімші қарыз алушының қарыз шарты бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялайды;
      5) қарыз шарты – кредиттік шарт – қаржы институты мен қарыз алушы арасында жасалатын шарт, оның шарттарына сәйкес қаржы институты кредит/лизинг ұсынады;
      6) қаржы институттары – екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларын жүзеге асыру құқығына лицензиялары бар кредиттік ұйымдар, сондай-ақ АӨК саласындағы лизингтік компаниялар мен кредиттік серіктестіктер;
      7) қарыз алушы – ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен және/немесе өңдеумен айналысатын шаруа (фермер) қожалықтарын қоса алғанда, меншік нысанына қарамастан жеке, заңды тұлға, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындау, сақтау, тасымалдау және өткізу бойынша қызметтерді көрсететін жеке немесе заңды тұлға;
      8) қызмет көрсетуші банк – қарыз шарттары бойынша субсидияларды аударуға және есептен шығаруға арналған қаржы институтының арнайы ағымдағы шотын жүргізу бойынша функцияларды жүзеге асыруға қаржы институты уәкілеттік берген (заңды тұлғалардың банктік шоттарын жүргізуге және ашуға құқығы жоқ лизингтік компаниялар мен ауылдық кредиттік серіктестіктер үшін) екінші деңгейдегі банк;
      9) лизинг – қаржы институтының кәсіпкерлік мақсаттар үшін кейіннен сатып алу құқығымен ауыл шаруашылығы техникасын, технологиялық жабдықты уақытша иеленуге және пайдалануға беруі;
      10) оператор – қарыз шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау бойынша оператордың қызметін көрсету жөніндегі шарт негізінде АӨК саласындағы мамандандырылған ұйым ретінде тартылатын «Қазагромаркетинг» акционерлік қоғамы;
      11) субсидиялау – қарыз шарттары бойынша пайыздық сыйақы мөлшерлемесін ішінара арзандату үшін пайдаланылатын қарыз алушыны мемлекеттік қаржылық қолдау нысаны;
      12) технологиялық жабдық – тікелей және қосалқы мақсаттағы жабдықтардан тұратын, оларды қолданбаусыз толық технологиялық цикл қамтамасыз етілмейтін, ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісі мен қайта өңдеу жөніндегі жабдықтар;
      4. АӨК саласындағы кредит/лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға:
      1) айналым қаражатын толықтыруға, негізгі құралдарды сатып алу және салу;
      2) технологиялық жабдықты, ауыл шаруашылығы техникасының лизингке алу.
      Субсидиялау қайтарылатын лизингтік, қосымша лизингтік шарттар бойынша жүзеге асырылмайды.
      Сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау бұрын жасалған субсидиялау шарттарын ескере отырып, тиісті қаржы жылының 227 «Ауыл шаруашылығын қолдауға берілетін кредиттер (лизинг) бойынша сыйақы ставкасын өтеу» республикалық бюджеттік бағдарламасы шеңберінде көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады.
      5. Комиссия мақұлдаған қарыз шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау шарттардың бүкіл қолдану мерзімінде жүзеге асырылады,
      Қарыз шарттарының қолданылу мерзімдері ұзартылған кезде субсидиялау мерзімдері ұзартылмайды.
      Субсидиялар көлемдерін есептеу қаржы институттары бұрын берген қарыз шарттары бойынша жүзеге асырылады, бұл ретте субсидияны есептеу операторға осы Қағидалардың 2-қосымшадағы үлгіге сәйкес, кредиттер, сондай-ақ технологиялық жабдықтың және ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидияландыру үшін өтінім (бұдан әрі – субсидияландыру үшін өтінім) берілген жылының 1 қаңтардан басталады.
       Операторға субсидияландыру үшін өтінім берген жылы жасалған қарыз шарттары бойынша субсидия көлемдерін есептеу кредит немесе лизингтік затты берген уақыттан басталады.
      Бюджеттік бағдарлама шеңберінде 2013 жылы сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау жүзеге асырылған қарыз шарттары бойынша 2014 жылы субсидиялар көлемдерін есептеу:
      1) 214 «Өсімдік шаруашылығын дамыту және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасының 104 «Ауыл шаруашылығы техникасының кредиттері (лизингі) бойынша пайыздық сыйақы ставкаларын арзандату» кіші бағдарламасы шеңберінде субсидиялау шарттың қолданылуының қалған мерзіміне 2014 жылғы 1 қаңтардан басталады;
      2) 213 «Қайта өңдеу өндірісін дамыту» бюджеттік бағдарламасының 100 «Ауыл шаруашылығын қолдауға арналған кредиттер (лизинг) бойынша сыйақы ставкаларын өтеу» кіші бағдарламасы шеңберінде шарттың қолданылуының қалған мерзіміне 2013 жылдың субсидияларын бөлгеннен кейінгі келесі төлем күнінен басталады.
      Қаржы институты шетелдік валютамен немесе шетелдік валютаға байланыстырылған теңгемен берген кредит/лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауды әкімші субсидиялар сомасын қаржы институттарына аудару күніне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген бағам бойынша теңгемен жүзеге асырады. Оң бағамдық айырмашылық пайда болған жағдайда, оны болашақ субсидиялар есебіне есептейді, ал егер кері бағамдық айырмашылық пайда болған жағдайда, оны қарыз алушы төлейді. Бұл ретте индекстеу жеке кестемен көрсетіледі.
 

2. Кредиттер, сондай-ақ технологиялық жабдықтың және ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау тәртібі

      6. Әкімші мен оператор арасындағы өзара қарым-қатынастарды реттеу үшін тиісті қаржы жылының 15 қаңтарынан кешіктірмей оператор қызметтеріне төлеу сомаларын көрсете отырып, оператордың қызметтер ұсыну тәртібін, шарттарын, сондай-ақ тараптардың жауапкершіліктерін және өзге де шарттарды көздейтін кредиттер/лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау бойынша оператордың қызметтерін көрсету жөніндегі шарт (бұдан әрі – қызметтер көрсету жөніндегі шарт) жасалады.
      7. Оператордың көрсететін қызметтерін әкімші тиісті қаржы жылына жасалатын қызметтер көрсету жөніндегі шартқа сәйкес 227 «Ауыл шаруашылығын қолдауға берілетін кредиттер және лизинг бойынша сыйақы ставкасын өтеу» республикалық бюджеттік бағдарламасында көзделген қаражат шегінде төлейді.
      8. Қарыз алушылардың кредиттерін/лизингін субсидиялауды жүзеге асыру үшін оператор қызметтер көрсету жөніндегі шарт күшіне енгеннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және өзінің интернет-ренсурсына (әкімші өзінің интернет-ресурсына тиісті хабарландыру орналастырады) сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау үшін қаржы институттарынан құжаттарды қабылдаудың басталғаны туралы хабарландыру орналастырады.
      9. Субсидиялау кредиттік шарттар бойынша теңгемен жылдық 14 %-дан артық емес және шетелдік валютамен жылдық 10 (он) %-дан артық емес бекітілген номиналды сыйақы мөлшерлемесімен жүзеге асырылады, оның бір бөлігін мемлекет субсидиялайды, ал қалған бөлігін қарыз алушы төлейді.
      10. Кредиттік шарттар бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау осы Қағидалардың 11-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, оны теңгемен жылдық 7 (жеті) %-ға және шетелдік валютамен жылдық 5 (бес) %-ға төмендету жолымен жүзеге асырылады.
      11. Сыйақы мөлшерлемесін теңгемен жылдық 10 (он) %-ға және шетелдік валютамен жылдық 7 (жеті) %-ға төмендету жолымен оны субсидиялау мыналардың:
      мал шаруашылығымен айналысатын агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін жемшөппен қамтамсыз ететін мамандандырылған ұйымдардың;
      мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі саласындағы ауыл шаруашылығы техникалары мен жабдықтардың мынадай түрлерін (жиынтықта) сатып алуға арналған кредиттік шарттар бойынша жүзеге асырылады:
      1) комбайндар, тракторлар, тракторлық тіркемелер, сепкіштер, су таситын техникалар;
      2) өздігінен жүретін және тіркемелі дестелегіштер;
      3) жұмыс органдары ауыстырмалы құрама әмбебап аспалар;
      4) механикалық күректер;
      5) тырмалардың, соқалардың, қопсытқыштардың барлық түрі;
      6) суаратын жүйелер;
      7) тырмалар, аударғыштар, ысырғыштар, десте қалауыштар, десте жасауыштар;
      8) жемшөп жинайтын комбайндар, жемшөп жинайтын машиналар;
      9) нығыздап-сораптаушы, пішен маялағыштар;
      10) жемшөп араластырғыштар, жемшөп үлестіргіштер, ұсатқыштар, араластырғыштар және ұсақтағыштар;
      11) тиеуіштер және теңдер мен оралған шөптерді тасымалдауға арналған арбалар, оралған шөпті кескіш пен оралған шөпті жіппен орауыш;
      12) сауу қондырғылары;
      13) мал шаруашылығы фермаларына арналған шетен қора жабдығы және көң шығару жүйесі;
      14) автонауалар, жеке науалар;
      15) құрама жем қондырғылары және шағын зауыттар;
      16) сүт салқындатқыштар және салқындатқыш-танктер;
      17) сүт талдағыштар;
      18) сүт қабылдауға арналған қондырғылар;
      19) пастеризаторлар;
      20) өзі құйып алатын сепараторлар;
      21) деаэраторлар;
      22) майлылықты автоматты түрде стандарттау қондырғылары;
      23) мал тасымалдауға арналған арнайы көлік құралдары;
      24) сүт тасығыштар;
      25) зооветеринариялық өңдеуге арналған бекіткіш-станоктар;
      26) шалғылар (өздігінен жүретін, аспалы, роторлық, дискілі, тіркемелі, жартылай аспалы, жаныштағыштар, ұсақтағыш-шалғылар);
      27) ауыл шаруашылығы малдарын жаюға және ұстауға арналған жабдықтар, сондай-ақ мал шаруашылығында қолданылатын озық технологиялар (электрлі қоршаулар, электр энергиясының балама көздері, су көтеруге арналған жел сорғылары, радиобайланыс және бейнебақылау жүйелері, GPS навигация жүйелері).
      Кредиттік шартта осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) – 7) тармақшаларында көрсетілген техникалар мен жабдықтар алу көзделген жағдайда, қарыз алушыда ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендірудің деректер базасында тіркелген 50-ден кем емес ауыл шаруашылығы жануарларының шартты мал басының немесе жемшөп дақылдарын өсіруге пайдаланатын жер учаскелерінің бар екендігі туралы растау ұсынылады. Бұл жағдайда бір қарыз алушыға техника мен жабдықтың әрбір түрінен бірден артық емес бірлігі субсидиялауға жатады.
      Бір түрдегі техника мен жабдықтың екінші және одан кейінгі бірліктері қарыз алушыда талап етілетін нормативке сәйкес жеткілікті ауыл шаруашылығы жануарларының басы немесе жемшөп дақылдарын өсіретін жерлері болған жағдайда осы тармақта көрсетілген шарттар бойынша субсидияланады. Бір түрдегі техника мен жабдықтың бір бірлігіне мал басының ұйғарымды нормативі 200 шартты ауыл шаруашылығы жануарларының басы немесе жемшөп өсіру үшін пайдаланылатын 300 гектар жерді құрайды.
      Осы тармақтың шарттарына сәйкес субсидияланатын бір түрдегі техника мен жабдықтың екінші және одан кейінгі бірліктері осы Қағидалардың 3-қосымшасында көрсетілген мал шаруашылығы мен жемшөп өндірісінде саласындағы бір түрдегі техника мен жабдықтың екінші және одан кейінгі бірліктерін субсидиялау есебіне сәйкес айқындалады.
      Егер жеке төлем кестесі ұсынылмаған жағдайда субсидиялау осы Қағидалардың 10-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
      12. Егер қарыз алушының қарыз шарттары бойынша номиналды сыйақы мөлшерлемесі сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігіне тең немесе аз болса, онда кредиттік шарттар бойынша номиналды сыйақы мөлшерлемесі толық субсидияланады.
      13. Басқа мемлекеттік және/немесе бюджеттік бағдарламалар бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау түрінде қолдау жүзеге асырылатын қарыз шарттары, сондай-ақ республикалық бюджеттің және Қазақстан Республикасы Ұлттық Қордың қаражаты есебінен қаржыландырылған қарыз шарттары субсидиялауға жатпайды.
      Қаржы институтына субсидиялау үшін өтінім берілген күнге негізгі қарыздар мен сыйақыны өтеу бойынша орындалмаған міндеттемелері бар қарыз шарттары субсидиялауға жатпайды.
      Кредиттер/лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауды қарыздарды кепілдендіру және сақтандыру, негізгі құралдарды (оның ішінде биологиялық активтерді) сатып алу кезінде оның құнын арзандатуға субсидиялау, жаңа өндірістік қуаттар құруға не қолданыстағыларын кеңейтуге бағытталған инвестициялық салымдар кезінде АӨК субъектілері тартқан шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларымен біріктіруге жол беріледі.
      14. Қаржы институттары/қарыз алышылар мынадай құжаттарды қалыптастырады және оларды операторға жолдайды:
      1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пайыздық сыйақы мөлшерлемесін субсидияландыру үшін өтінім. Бұл ретте, субсидияландыру үшін өтінімге оның ажырамас бөлігі ретінде мыналар қоса беріледі:
      қаржы институты мен қарыз алушы арасында жасалған негізгі борыш пен сыйақыны өтеу кестесі қоса берілген қарыз шартының қаржы институты куәландырған көшірмесі;
      кредитті/лизингті мақсатты пайдаланғандығын растайтын қаржы институты куәландырған құжаттардың көшірмелері: кредиттік қарызды мақсатты пайдаланғандығының актісі, кредит алғаны туралы қарыз алушының кредиттік шоттың үзіндісі (екінші деңгейдегі банктер үшін) немесе кредиті аударуын/лизингтік затты беруін анықтайтын құжаттар;
      егер субсидияландыру үшін өтінім қаржы институтының бірінші басшысымен қол қойылмаған жағдайда, басқа адамның қол қою құқығына бұйрықтың немесе сенімхаттың көшірмесі;
      қарыз алушының кредиттер, сондай-ақ технологиялық жабдықтың және
ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау бағдарламасына қатысуына келісімі туралы қаржы институтының хаты (қарыз алушымен субсидияландыру үшін өтінім берген жағдайда ұсынылады);
      2) бар болса, банк операцияларын жүзеге асыру құқығына лицензияның нотариалды куәландырылған көшірмесі (бірінші өтінімді беру кезінде бір рет ұсынылады).
      Субсидияландыру үшін өтінімге қаржы институтының уәкілетті адамы немесе қол қою құқығына сенімхаты бар адам қол қоюы және қаржы институтының мөрімен бекітілуі тиіс. Бұл ретте қаржы институтының филиалдарынан (өкілдіктерінен) жекелеген өтінімдер қабылданбайды.
      Қажет болған жағдайда қаржы институттары сыйақы мөлшерлемесін есептеу әдісіне түсіндірмесімен толық есебін ұсынады.
      15. Осы Қағидалар шеңберінде субсидия қаражаттарын бөлу үшін әкімші құрамында комиссия төрағасы, төрағаның орынбасары, мүшелері және хатшысы бар, әкімші басшысының бұйрығымен бекітілетін комиссия (бұдан әрі – комиссия) құрады. Бұл ретте комиссияның сандық құрамы тақ болуы және жеті адамнан кем болмауы тиіс. Комиссия хатшысы комиссияның мүшесі болып табылмайды.
      16. Егер комиссия отырысына мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, комиссияның отырысы заңды болып есептеледі.
      17. Субсидияландыру үшін өтінімдер мен осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасы болған жағдайда оператор:
      1) құжаттарды алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын және осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкестігін тексеруді;
      2) осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі/сәйкес еместігі туралы қорытынды ресімдеуді жүзеге асырады, Қағидалардың талаптарына сәйкес сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау пайызын ұсынады және әрбір қарыз шарты бойынша тиесілі субсидиялар көлемінің есебін жүргізеді;
      3) әкімшіге электрондық тасығышта осы Қағидалардың 14-тармағында көзделген құжаттарды, қарыз алушының осы Қағидалардың шарттарына сәйкестігі/сәйкес еместігі туралы оператордың қорытындысын, әрбір қарыз шарты бойынша тиесілі субсидиялар көлемінің есебін, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендірудің деректер базынан үзіндіні немесе жемшөп дақылдарын еккен аумақтары туралы статистикалық органның растамасын (осы Қағидалардың 9-тармағының шарттарына сәйкес) жолдайды;
      4) комиссияның отырысын шақырады. Комиссияның отырысын өткізу орнын, уақыты мен күнін комиссия төрағасымен келісім бойынша оператор айқындайды.
      18. Қарыз алушылардың субсидияландыру үшін өтінімдерін мақұлдау/мақұлдамау туралы шешімді комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылдайды және хаттама түрінде рәсімделеді. Өтінімі қаралатын қарыз алушыны білдіретін немесе субсидияландыру үшін өтінімді берген қаржы институтын білдіретін комиссия мүшелері дауыс беруге қатыспайды.
      Бұл ретте комиссия қарыз алушылардың өтінімдерін мақұлдау/мақұлдамау туралы шешім қабылдау кезінде оператордың қорытындысын және осы Қағидалардың 17-тармағында көрсетілген құжаттарды басшылыққа алады.
      19. Комиссияның хаттамалық шешімінде:
      1) қаржы институтының атауы және орналасқан жері;
      2) мақұлданған/мақұлданбаған қарыз алушылардың атаулы тізбесін, бас тарту себептері;
      3) қарыз алушылардың әрбір қарыз шарттары бойынша кредит/лизинг сомасы;
      4) әрбір қарыз алушы бойынша әрбір қарыз шартының әрекет ету мерзімі;
      5) әрбір қарыз шарты бойынша субсидиялау мерзімі;
      6) қарыз алушының әрбір қарыз шарты бойынша нысаналы мақсатын;
      7) қарыз алушының әрбір қарыз шарты бойынша субсидияланатын сыйақы мөлшерлемесінің пайызы;
      8) қарыз алушының әрбір қарыз шарты бойынша субсидияның жалпы сомасы қамтылады.
      20. Осы Қағидаларға 4-қосымшада көрсетілген АӨК саласындағы басым қызметтер түрлерін субсидияландыру үшін өтінімді қарастыру мынадай кезекті сақтай отырып: бірінші кезекте лизингтік шарттары, екінші кезекте кредиттік шарттар бойынша, Операторға субсидияландыру үшін өтінім түскен күннен жуық уақыттағы комиссия отырысында жүзеге асырылады.
      Бұл ретте, бюджетте көзделген қаражаттың кемінде 50 (елу) %-ы осы Қағидаларға 4-қосымшада көзделген ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу қызметімен айналысатын қарыз алушылардың қарыз шарттарын субсидиялауға бағытталады. Тиісті қаржы жылының 1 шілдесіндегі жағдай бойынша бөлінбеген көрсетілген қаражат болған жағдайда, комиссия оларды осы Қағидалардың 21-тармағына сәйкес АӨК саласындағы қызметтің басқа түрлеріне қайта бөледі.
      Қызметтің басым түрлеріне қосылмаған АӨК саласындағы қызметтің қалған түрлері осы Қағидаларға 4-қосымшада көзделген, АӨК саласындағы басымды қызмет түрлері бойынша қажеттіліктер комиссияның бір отырысы шеңберінде толық қанағаттандырылғаннан кейін қаралатын болады.
      21. Егер бюджетте көзделген қаражат барлық өтінімдерді субсидиялау үшін жеткіліксіз болған жағдайда, субсидиялар сомасын бір отырыс шеңберінде бөлу осы Қағидаларға 4-қосымшада көрсетілген АӨК саласындағы қызметтер түрлерінің басымдылығына сәйкес жүргізіледі.
      Бұл ретте қызметтердің көрсетілген түрлерінің басымдылығы келесі кезектіліктің субсидияландыру үшін өтінімдерді қанағаттандыруға көшкенге дейін жоғары тұрған кезектіліктің қажеттілігін толық қанағаттандыруды көздейді. Бір кезектілік шеңберінде субсидиялар сомасын бөлу қарыз алушының өтінім ұсыну күніне байланысты жүзеге асырылады.
      22. Оператор комиссия отырысының күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде комиссия мүшелерінің қолдарын жинайды және қол қойылғаннан кейін бір күндік мерзімде субсидиялау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасынан үзінді көшірменің хатшының қолы қойылған, мөрмен расталған түпнұсқасын комиссия мүшелері хаттамаға қол қойғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде кейіннен жолдай отырып, осы үзінді көшірмені қаржы институтына/қарыз алушыға электрондық почта арқылы жолдайды.
      23. Кредиттік шарттар бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау үшін ақша ұсыну кредиттер, сондай-ақ технологиялық жабдықтың және ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау шарттарына сәйкес жүзеге асырылады (бұдан әрі – субсидиялау шарты).
      24. Субсидиялау шарты осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша комиссия шешімі негізінде жасалады.
      25. Субсидиялау шартына қол қою тәртібі:
      1) оператор мен қаржы институты арасында – қаржы институты субсидиялау бойынша оң шешім туралы комиссия отырысының хаттамасынан үзінді көшірменің түпнұсқасын алған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде;
      2) әкімші – оператордан субсидиялау шартын алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде.
      26. Қаржы институты сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін алу үшін операторға Субсидиялау шартының 1 қосымшасына сәйкес үлгіде, республикалық бюджеттен кредиттер, сондай-ақ технологиялық жабдықтың және ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидияландыру үшін қаражы аударуға өтінімді (аудару өтінімі) жолдайды.
      27. Оператор 3 (үш) жұмыс күні ішінде өтінім сомасының субсидиялау шарттары бойынша субсидиялау шартының 2 қосымшасына сәйкес, қарыз алушылардың субсидиялау кестелерімен аудару өтінімі сомасының сәйкестігін, сондай-ақ субсидиялау шартының 3 қосымшасына сәйкес үлгіде, субсидияларды нақты пайдалану туралы есепті тексеруді жүзеге асырады және әкімшіге қосымшасында субсидиялау үшін кезекті ақша траншын аударуға өтінімімен хат енгізеді. Субсидияларды аударуға бірінші өтінім берген кезде субсидияны нақты пайдалану туралы есепті ұсыну талап етілмейді.
      28. Қаржы институты жасалған субсидиялау шарттары бойынша субсидиялар сомаларын әкімшінің аударуы үшін арнайы банктік шот ашады, ал мұндай мүмкіндік болмаған жағдайда қызмет көрсетуші банкте арнайы шот ашады.
      29. Жасалған субсидиялау шартына сәйкес әкімші сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін қаржы институтының арнайы банктік шотына алдыңғы тоқсанның соңғы айында аванстық төлеммен аударады. Бұл үшін әкімші 3 (үш) жұмыс күні ішінде оператордың өтінімі негізінде тиісті төлем шоттарын қазынашылық органдарға жолдайды.
      30. Қаржы институты арнайы банктік шоттағы ақшалай қаражатты тек қарыз алушылардың қарыз шарты бойынша сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бір бөлігін өтеуге пайдаланады.
      31. Қаржы институты қарыз алушыдан сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланбайтын бөлігін алған кезде (осы Қағидалардың 10-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда) қарыз шартқа өтеу кестесіне сәйкес сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін арнайы банктік шоттан есептен шығаруды жүзеге асырады.
      32. Қарыз алушы кредиттік шарттың кестесі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін толық өтеген жағдайда, қаржы институты арнайы банктік шоттан қарыз алушының есептік шотына субсидиялар сомасын аудару жолымен сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін өтеуді жүзеге асырады.
      33. Қаржы институты тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың
20-күніне дейін операторға қаржы институты куәландырған арнайы банктік шоттан үзінді-көшірмені қоса бере отырып, субсидиялау шартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есеп ұсынады.
      34. Оператор қаржы институтынан субсидиялау туралы есепті алғаннан кейін оған сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігінің төленген қаражатының осы Қағидалардың шарттарына сәйкестігі тұрғысынан талдау жүргізеді.
      35. Қолданыстағы қарыз шартының талаптарын (сыйақы мөлшерлемесін, сыйақыны төлеу мерзімін, негізгі борышты және/немесе сыйақыны төлеу бойынша кейінге шегеруді ұсынуды) өзгерткен жағдайда, қаржы институты операторға қаржыландыру шарттарын өзгерту жөнінде қабылданған шешімнің көшірмесін, негізгі борышты және сыйақыны өтеудің жаңартылған кестесін қамтитын құжаттар топтамасымен хат жолдайды. Бұл ретте қолданыстағы қарыз шартының талаптарын қарыз алушының келісімімен ғана өзгертуге болады.
      36. Оператор осы Қағидалардың 35-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасын қабылдайды, негізгі борышты және сыйақыны өтеудің мерзімі жаңартылған кестесін есептеудің дұрыстығын тексеруді жүзеге асырады және қолданыстағы кредиттік шарттың талаптарын өзгерту жөніндегі хатты алған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірмей қорытынды жасайды және құжаттарды комиссияның кезекті отырысында қарау үшін жолдайды.
      Комиссияның оң шешімі болған жағдайда тиісті өзгерістер субсидиялау шартына енгізіледі.
      37. Қарыз алушы қарыз шарты бойынша негізгі борышты мерзімінен бұрын ішінара өтеген жағдайда, қаржы институты есептелген сыйақы фактісі бойынша есептелген субсидияларды есепке қосуды жүргізеді.
      38. Субсидиялауды тоқтату комиссияның шешімі бойынша:
      1) қарыз алушының мерзімі күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам негізгі борышты және/немесе сыйақыны өтеу бойынша орындалмаған міндеттемелері болған;
      2) қарыз шарты бойынша қаражатты мақсатсыз пайдаланғаны;
      3) заңды күшіне енген сот шешімі бойынша қарыз алушының шотына тыйым салынған;
      4) қарыз алушы қарыз шарты бойынша қаржы институты алдындағы міндеттемелерін толығымен өтеген;
      5) қарыз алушы бюджеттік субсидияны алудан бас тартуы туралы жазбаша өтінген;
      6) қарыз шартты бұзған жағдайда жүзеге асырылады.
      39. Осы Қағидалардың 38-тармағында көрсетілген негіздемелер бойынша субсидиялауды тоқтату қаржы институтының бастамасы бойынша жүзеге асырылады, ол өзіне көрсетілген фактілер туралы белгілі болған сәттен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде тиісті өтінімді операторға беруі тиіс. Оператор қаржы институты ұсынған өтінім негізінде қарыз алушының сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауды тоқтату туралы мәселені комиссияның кезекті отырысының қарауына шығарады.
      40. Оператор субсидиялау жөніндегі комиссия субсидиялауды тоқтату туралы шешім қабылдаған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қабылданған шешімнің себептерін көрсете отырып, қаржы институты мен қарыз алушыны хатпен хабардар етеді, одан кейін қаржы институты пайдаланылмаған субсидиялар сомасын республикалық бюджет кірісіне қайтаруды жүргізеді.
 


Кредиттер, сондай-ақ
технологиялық жабдықтың және
ауыл шаруашылығы
техникасының лизингі бойынша
сыйақы мөлшерлемелерін
субсидиялау қағидаларына
1-қосымша

Ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын ірі қара малдың шартты мал басына ауыстыру коэффициенті
 

Малдың түрлері
 

Ауыстыру коэффициенті

Ірі қара мал

1

Шошқа

0,3

Қой және ешкі

0,1

Түйе

1

Жылқы

1


Кредиттер, сондай-ақ
технологиялық жабдықтың және
ауыл шаруашылығы
техникасының лизингі бойынша
сыйақы мөлшерлемелерін
субсидиялау қағидаларына
2-қосымша

      Үлгі

Кредиттер/лизинг бойынша пайыздық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға өтінім

      Қаржы
институты: ______________________________________________________________________
                                    (қаржы институтының атауы)
      Қарыз
алушы: _________________________________________________________________________
      (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (бұдан әрі – Т.А.Ә) жеке тұлға немесе
                              заңы тұлғаның толық атауы)
      Кімге: __________________________________________________________________________
                                    (оператордың атауы)

      1. Қатысушы туралы мәліметтер

1

Қарыз алушының атауы


2

Бірінші басшының Т.А.Ә.


3

Қарыз алушыны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің немесе анықтаманың нөмірі және күні (нөмірі, берілген жері мен күні, БСН/ЖСН)


4

ӘҚЖЖ бойынша қызметтің түрі


5

Заңды мекенжайы


6

Нақты мекенжайы


7

Банк деректемелері


8

Байланыс телефондары


9

Осы өтінімде көрсетілген, АӨК саласында алдыңғы алынған кредиттер бойынша субсидиялар, сондай-ақ техникалық жабдықтар және ауыл шаруашылығы техникалары бойынша лизингі туралы мәлімет (бар болса): шарт №, күні, сомасы, қаржы институтының атауы


       2. Субсидиялауға жататын Кредит беру шарттары (бұдан әрі – КШ) туралы ақпарат

КШ
(№ және күні)

Сомасы, теңге
 

Сыйақы мөлшерлемесі, %

Көрсетілген күнге негізгі қарыз бойынша борыш қалдығы

КШ қолданылу мерзімінің аяқталу күні

Кредит беру валютасы

1

2

3

4

5

6

7

1







2







3







Кредит берудің/лизингтің мақсаты*

Кредиттің/лизингтің нысанасы,
саны

Лизинг нысанасын өндіруші ел


8

9

10

1




2




3




             *айналым қаражатын толықтыру/ негізгі қаражатты алу/ құрылыс/ технологиялық жабдықтарды және ауыл шаруашылығы техникасын лизингке алу (керегін қою)
      Осымен:
      1) қарыз алушының кредиттік және лизингтік шарттары бойынша басқа мемлекеттік және/немесе бюджеттік бағдарламалар бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау түрінде қолдау көрсетілмейтіні;
      2) қаржылық берешегін және жеделдетілген сауықтыру рәсімін қайта құрылымдау жағдайларын қоспағанда, қарыз алушының қызметі ұйымдық-құқықтық нысанын өзгерту, тарату немесе банкротқа ұшырау сатысында тұрмағаны, сондай-ақ қызметі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тоқтатылмағаны расталады.
      Қарыз алушының Т.А.Ә. және қолы _______________________
                                          М.О.
      Қаржы институтының бірінші басшысының Т.А.Ә. және қолы
      __________________________________________________________
                              М.О.
      Қаржы институтының/қарыз алушының
      өтінім берген күні 20___ ж. «____»_________
      Оператордың өтінімді қабылдаған күні 20__ж. «____»___________
 

Өтінімді қабылдаған адамның Т.А.Ә. және телефон нөмірі

____________________________________________
 


Кредиттер, сондай-ақ
технологиялық жабдықтың және
ауыл шаруашылығы
техникасының лизингі бойынша
сыйақы мөлшерлемелерін
субсидиялау қағидаларына
3-қосымша

      Мал шаруашылығы мен жемшөп өндірісі саласындағы бір түрдегі екінші және одан кейінгі бірліктегі техникалар мен жабдықтарды субсидиялау есебі.
      Wк = Wж / Н, бұнда:
      Wк – субсидиялауға жататын бір түрдегі техника мен жабдықтар саны;
      Wж – осы қағидалардың 1 қосымшада көрсетілген коэффицентке сәйкес ауыл шаруашылығы жануарларының басын ірі қара малдың шартты басына есептелген, қарыз алушыда тіркелген ауыл шаруашылық жануарларының саны немесе жемшөп дақылдарын өсіруге пайдаланатын жер көлемі;
      Н – ұйғарымды норматив.
      Егерде бөлшек сандар шыққан жағдайда нәтижесін азайту жағына қарай толық санға айналдырылады.
 


Кредиттер, сондай-ақ
технологиялық жабдықтың және
ауыл шаруашылығы
техникасының лизингі бойынша
сыйақы мөлшерлемелерін
субсидиялау қағидаларына
4-қосымша

      Агроөнеркәсіптік кешені саласындағы басымды қызмет түрлері

      Етті мал шаруашылығы:
      1) ірі қара мал үшін репродукторға негізгі және/немесе айналым қаражатын алу;
      2) етті мал шаруашылығында жемшөп өндірісі үшін суару жүйелеріне негізгі және/немесе айналым қаражатын алу;
      3) ірі қара мал өсіру үшін тауарлы фермаларға негізгі және/немесе айналым қаражатын алу;
      4) бордақылау алаңына негізгі және/немесе айналым қаражатын алу;
      5) ірі қара малдың импорттық асыл тұқымды мал басын сатып алу;
      6) отандық асыл тұқымды ірі қара малды сатып алу (аналық мал басы мен асыл тұқымды бұқалар).
      Сүтті мал шаруашылығы:
      1) сүтті-тауарлы фермаларда азық өндірісі үшін суару жүйелеріне негізгі және/немесе айналым қаражатын алу;
      2) сүтті-тауарлы фермаларға ірі қара малдың асыл тұқымды мал басын сатып алу.
      Қой шаруашылығы:
      1) тауарлы фермаларға негізгі және/немесе айналым қаражатын алу;
      2) қойлардың аналық мал басын сатып алу.
      Бақтар отырғызуға негізгі және/немесе айналым қаражатын алу (қарқынды, отбасылық).
      Ауыл шаруашылығы өнімін өңдеу:
      1) сүт бойынша сервистік-дайындау орталықтарына негізгі және/немесе айналым қаражатын алу;
      2) сүт өңдейтін кәсіпорындардың негізгі және/немесе айналым қаражатын алуы;
      3) ет өңдейтін кәсіпорындардың, ет комбинаттарының негізгі және/немесе айналым қаражатын алуы;
      4) сүт таситын, мал таситын, тоңазытқыш көлік құралдарын алу.
 


Кредиттер, сондай-ақ
технологиялық жабдықтың және
ауыл шаруашылығы
техникасының лизингі бойынша
сыйақы мөлшерлемелерін
субсидиялау қағидаларына
5-қосымша

      Үлгі

      Кредиттер, сондай-ақ технологиялық жабдықтың және ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау шарты

      Астана қ.                                                20__ жылғы «___»________
      Бұдан әрі «Әкімші» деп аталатын, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі атынан, 20__ жылғы ______________________ № ________ сенімхаттың негізінде әрекет ететін, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі _____________________________, бір тараптан, бұдан әрі «Оператор» деп аталатын, «Қазагромаркетинг» АҚ атынан, ______________________ негізінде әрекет ететін, _________________________, екінші тараптан және бұдан әрі «Қаржы институты» деп аталатын, ______________________ негізінде әрекет ететін, ____________________, үшінші тараптан, бұдан әрі бірлесіп «Тараптар», ал жекелеп «Тарап» деп аталатындар, төмендегілер туралы Кредиттер, сондай-ақ технологиялық жабдықтың және ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау туралы осы шартты (бұдан әрі – Шарт) жасасты.
 

      1. Терминдер мен анықтамалар

      1. Осы Шартта Кредиттер, сондай-ақ технологиялық жабдықтың және ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларының 3-тармағында көрсетілген терминдер мен анықтамалар пайдаланылады.
 

      2. Шарттың нысанасы

      2. Осы Шарт қаржы институтына ақша қаражатын аудару тәртібі мен шарттарын, қарыз алушының сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін қаржы институтының есептен шығару процесіне Оператордың мониторинг жүргізу шарттарын, Тараптардың жауапкершіліктері мен өзге де шарттарды көздейді.
 

      3. Шарттың талаптары

      3. Осы Шарт бойынша Әкімші Шартта айқындалатын талаптарда осы Шарттың 2-қосымшада көрсетілген, қарыз алушыларды субсидиялау кестесіне (бұдан әрі - қарыз алушыларды субсидиялау кестесі) сәйкес 227 «Ауыл шаруашылығын қолдауға берілетін кредиттер және лизинг бойынша сыйақы ставкасын өтеу» бюджеттік бағдарламасы бойынша бөлінген ақша сомасы шегінде субсидиялауды жүзеге асыруға міндеттенеді.
      Осы Шарт бойынша субсидия сомасы қарыз алушы өзінің субсидиялау кестесінде көрсетілген міндеттемелерін ішінара немесе толығымен мерзімінен бұрын өтеген жағдайда немесе Кредиттер, сондай-ақ технологиялық жабдықтың және ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларында көзделген өзге де жағдайларда түзетілуі мүмкін.
      4. Қаржы институты сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін алу үшін Операторға республикалық бюджеттен қаражат аударуға кредиттер, сондай-ақ технологиялық жабдықтың және ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау үшін осы Шарттың 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінімді жолдайды, бұл ретте субсидия сомасы субсидиялау кестесіне сәйкес айқындалады.
      5. Оператор 3 (үш) жұмыс күні ішінде өтінім сомасының субсидиялау кестесіне сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады және Әкімшіге субсидиялау үшін ақша қаражатының кезекті траншын аудару туралы ұсыныс енгізеді.
      6. Әкімші сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін қаржы институтының арнайы банктік шотына, алдыңғы тоқсанның соңғы айында, тиісті қаржы жылында көзделген сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін аванстық төлеммен аударады. Бұл үшін Әкімші 3 (үш) жұмыс күні ішінде Оператордың өтінімі негізінде тиісті төлем шоттарын қазынашылық органдарына жолдайды.
      7. Қаржы институты қарыз алушыдан сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланбайтын бөлігін алған кезде қарыз шартқа өтеу кестесіне сәйкес арнайы банк шотынан сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін есептен шығарады.
      8. Қарыз алушы кредиттік шарт кестесі бойынша сыйақы мөлшерлемесін толық өтеген жағдайда, қаржы институты субсидия сомасын арнайы банк шотынан қарыз алушының есеп шотына аудару жолымен сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін өтеуді жүзеге асырады.
 

      4. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      9. Әкімші:
      1) осы Шартта белгіленген, Тараптар үшін көзделген міндеттемелерді орындау мерзімінің сақталуын бақылауды жүзеге асыруға және олардың уақтылы орындалуын талап етуге;
      2) қаржы институтынан қарыз алушының өтеу кестесіне сәйкес төлемдерді жүзеге асыру бойынша қаржы институтының алдындағы міндеттемелерді орындау барысы туралы құжаттар мен ақпараттарды сұратып алуға құқылы.
      10. Әкімші:
      1) Шартта көзделген мерзімде субсидия сомасын қаржы институтының арнайы банк шотына аударуға;
      2) республикалық бюджетте қаражат болмаған жағдайда, субсидияны аудару мүмкін еместігі туралы қаржы институтын хабардар етуге;
      3) Оператор осы Шарттың 5-тармағында көрсетілген құжатты жолдағаннан кейін, Әкімші күнтізбелік отыз күн ішінде ақша қаражатын аудармаған немесе қаржы институты оны алмаған жағдайда, мұндай факт анықталған күннен бастап он жұмыс күні ішінде Операторды хабардар етуге міндеттенеді.
      11. Оператор:
      1) өзінің құқықтарын және өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру үшін қаржы институтынан қажетті ақпаратты, оның ішінде коммерциялық және банк құпиясы қамтылған мәліметтерді, субсидиялау рәсіміне қатысатын қарыз алушы туралы құжаттар мен ақпаратты сұратуға және оларды алуға;
      2) құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған не белгіленген нысанға сәйкес емес құжаттарды ұсынған немесе өтінім сомасы сәйкес келмеген жағдайда, құжаттарды алған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде осы Шарттың 4-тармағында көрсетілген құжаттарды қаржы институтына пысықтауға қайтаруға құқылы.
      12. Оператор:
      1) осы Шартта белгіленген мерзімде өтінім сомасы мен субсидиялау кестесіне сәйкестігін тексеруді жүзеге асыруға. Өтінім деректері сәйкес келмеген жағдайда, осы факті туралы қаржы институтын хабардар етуге;
      2) сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін есептен шығару үшін қаражаттың нақты пайдаланылуы тұрғысынан есептерді тексеруді жүзеге асыруға;
      3) осы Шартта белгіленген мерзімде өтінім сомасы мен қарыз алушыларды субсидиялау кестесінің сәйкестігін тексеру негізінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау үшін ақша қаражатының кезекті траншын аудару туралы Әкімшіге тиісті ұсыныстар енгізуге;
      4) Оператор тоқсан сайын, есепті айдан кейінгі айдың 30 (отызы) күніне дейін Әкімшіге осы Шартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидияның нақты пайдаланылуы туралы есепті жолдайды;
      5) осы Шарт талаптарын өзгерту, Қарыз алушының сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауды тоқтату туралы мәселені Субсидия қаражатын бөлу жөніндегі комиссияның қарауына енгізуге;
      6) Қарыз алушының кредитті мақсатты пайдалануына, Қарыз алушының негізгі борышының бөлігі мен сыйақыны уақытылы өтеуіне, Қаржы институты ұсынған құжаттардың негізінде субсидияланатын кредит шартын Қарыз алушының мерзімінен бұрын өтеуіне мониторингті жүзеге асыруға және Әкімшіні хабардар етуге міндетті.
      13. Қаржы институты:
      1) Қарыз алушыны субсидиялауды тоқтату жағдайын қоспағанда, Әкімшіден осы Шарттың шеңберінде көзделген сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін уақтылы аударуды талап етуге;
      2) Қарыз алушыны субсидиялауға арналған қаражаттың жеткіліксіздігі туралы Әкімшіні хабардар етуге;
      3) Қаржы институтының ішкі нормативтік құжаттарында белгіленген тәртіпте Қарыз алушының міндеттемелерін өтеу кестесіне өзгерістер енгізуге құқылы.
      14. Қаржы институты:
      1) есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-күніне дейін Операторға осы Шартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидияның нақты пайдаланылғаны туралы есеп беруге;
      2) Қарыз алушы негізгі борыш пен сыйақыны өтеу бойынша міндеттемелерді 3 (үш) айдан артық уақыт орындамаған жағдайда, Қаржы институты осы факті анықталған сәттен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде бұл туралы Операторға жазбаша хабарлауға;
      3) қолданыстағы кредит шартының талаптары (сыйақы мөлшерлемесі, сыйақыны төлеу мерзімдері, негізгі борышты және/немесе сыйақыны төлеу бойынша кейінге шегеруді ұсыну, негізгі борышты ішінара мерзімінен бұрын өтеу) өзгерген жағдайда, Қаржы институты Операторға қаржыландыру шарттарын өзгерту жөнінде қабылданған шешімнің көшірмесін (негізгі борышты ішінара мерзімінен бұрын өтеген кезде комиссия шешімі қажет етілмейді), негізгі борышты және сыйақыны өтеудің жаңартылған кестесін қамтитын құжаттар топтамасымен бірге хат жолдауға;
      4) Операторға осы Шартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім беруге міндетті.
 

      5. Тараптардың жауапкершілігі

      15. Осы Шарт бойынша Тараптар осы Шарттан туындайтын міндеттемелерді орындамағаны және/немесе тиісінше орындамағаны үшін осы Шартқа және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
 

      6. Форс-мажорлық жағдайлар

      16. Егер орындаудың мүмкін еместігі форс-мажорлық жағдайлардың салдары болса, Тараптар осы Шарт бойынша міндеттемелерін орындамағаны не тиісінше орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.
      17. Форс-мажорлық жағдайлар басталған кезде, осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындай алмау мүмкіндігі туындаған Тарап олар туындаған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде осындай жағдайлар туралы екінші Тарапты уақтылы хабардар етуі тиіс. Бұл ретте форс-мажорлық жағдайлардың сипаты, әрекет ету кезеңі, басталу фактісі уәкілетті мемлекеттік органдардың тиісті құжаттарымен расталуға тиіс.
      18. Уақтылы хабарлау болмаған кезде Тарап екінші Тарапқа хабарламаудан немесе уақтылы хабарламаудан келтірілген залалдың орнын толтыруға міндетті.
      19. Форс-мажорлық жағдайлардың басталуы осы Шарттың орындалу мерзімін олардың әрекет ету кезеңіне ұлғайтуға әкеліп соғады.
      20. Егер мұндай жағдайлар қатарынан үш айдан артық жалғасатын болса, онда Тараптардың кез келгені осы Шарт бойынша міндеттемелерін одан әрі орындаудан бас тартуға құқылы.
 

       7. Қорытынды ережелер

      21. Хат-хабар тиісті түрде ресімделген (хат-хабар бланкіде берілген немесе мөрмен бекітілген, басшының қолы қойылған және тіркеу нөмірі, күні жазылған кезде, ол тиісті түрде ресімделген болып саналады), қолма-қол табысталса, қатысушы Тараптың мекенжайына почта арқылы (хабарламамен қоса тапсырыс хатпен) немесе курьерлік байланыс арқылы жеткізілсе, ол тиісті түрде ұсынылған немесе жолданған болып саналады.
      22. Осы Шарт талаптарының, оның ішінде осы Шарттың қолданылу мерзімінің кез келген өзгертілуі, тоқтатылуы, егер осы Шартта өзгеше көзделмесе, Тараптардың уәкілетті өкілдерінің қолдары қойылған Тараптардың қосымша келісімімен ресімделеді.
      23. Осы Шарт бойынша туындайтын барлық наразылықтар Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Шартқа сәйкес қойылуға тиіс. Бұл ретте Тараптар дауларды, наразылықтарды міндетті түрде сотқа дейінгі шешу тәртібі туралы келісті. Барлық жағдайларда қолданылуға тиіс заңнама Қазақстан Республикасының заңнамасы болып табылады.
      24. Осы Шарт барлық Тараптардың уәкілетті өкілдері қолдарын қойған күннен бастап күшіне енеді және субсидиялау кестесі сәйкес кредиттік шарттар мерзімі аяқталғанға дейін қолданылады.
      25. Осы Шартта реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.
      26. Осы Шарт заңдық күші бірдей мемлекеттік және орыс тілдерінде 6 (алты) данада, Тараптардың әрқайсысы үшін мемлекеттік және орыс тілдерінде бір-бірден екі данада жасалды. Осы Шарттың мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндері арасында қайшылықтар туындаған жағдайда, Тараптар Шарттың орыс тіліндегі мәтінін басшылыққа алады.
      27. Осы Шартқа 123-қосымшалар оның ажырамас бөлігі болып табылады.
 

      8. Тараптардың мекенжайлары, банк деректемелері, қолтаңбалары
 

Әкімші:

Оператор:

Қаржы институты






Кредиттер, сондай-ақ
технологиялық жабдықтың және
ауыл шаруашылығы
техникасының лизингі бойынша
сыйақы мөлшерлемелерін
субсидиялау шартына
1-қосымша

Кредиттер, сондай-ақ технологиялық жабдықтың және ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауға республикалық бюджеттен қаражат аударуға өтінім

      ____ __________20__ ж.
      _______________________________________қаржы институты 227 «Ауыл шаруашылығын қолдауға берілетін кредиттер және лизинг бойынша сыйақы ставкасын өтеу» бюджеттік бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінен 20___ жылғы ______________ № _____ субсидиялау шартына сәйкес республикалық бюджеттен қаржы институтының № ________________________шотына ____________________ кезеңге _____________________теңге сомасында қаражат аударуды сұрайды.
      Қаржы институтының басшысы ___________________________________
      М.О.                                    (қолы, Т.А.Ә.)
 


Кредиттер, сондай-ақ
технологиялық жабдықтың және
ауыл шаруашылығы
техникасының лизингі бойынша
сыйақы мөлшерлемелерін
субсидиялау шартына
2-қосымша

Комиссия отырысының 201__жылғы «___» ______________№___ хаттамасына сәйкес субсидиялауға жататын Қарыз алушылардың міндеттемелерін өтеу кестесі
 

Р/с №

Қарыз алушының атауы

Кредиттік шарттардың жасалған күні, нөмірі.

Кредиттің/лизингтің нысаналы мақсаты

Кредиттік шарттың сомасы, теңге

Кредиттік шарт бойынша негізгі
борышты қайтару мерзімі

Кредиттік шарт кестесі бойынша сыйақы мөлшерлемесін өтеу мерзімі

Сыйақы мөлшерлемесі, %

Кредиттік шарттың барлық мерзіміне сыйақы мөлшерлемесінің сомасы, теңге

Жалпы

Субсидияланатын

Қарыз алушы төлейтін

Жалпы

Субсидияланатын

Қарыз алушы төлейтін

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

 






10.01.14







 






10.04.14







 






10.07.14







 

Жиыны













      кестенің жалғасы

2014 жыл

20___ жыл

Сыйақының жалпы сомасы, теңге

Мемлекет төлейтін сыйақы мөлшерлемесі бөлігінің сомасы (субсидияланатын), теңге

Қарыз алушы төлейтін сыйақы мөлшерлемесі бөлігінің сомасы, теңге

Сыйақының жалпы сомасы, теңге

Мемлекет төлейтін сыйақы мөлшерлемесі бөлігінің сомасы (субсидияланатын), теңге

Қарыз алушы төлейтін сыйақы мөлшерлемесі бөлігінің сомасы, теңге

Барлығы:

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

Барлығы:

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

Барлығы:

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

Барлығы:

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

Барлығы:

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

Барлығы:

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

32

33

34

35

36

37

38

39

40

41

42

43

 






























 






























 






























 































      Әкімші            __________________                  ________________
                        М.О.            қолы                              (Т.А.Ә.)
      Қаржы институты      ___________________                  ________________
                        М.О.            қолы                              (Т.А.Ә.)
      Оператор            ___________________                  _________________
                        М.О.             қолы                              (Т.А.Ә.)


Кредиттер, сондай-ақ
технологиялық жабдықтың
және ауыл шаруашылығы
техникасының лизингі бойынша
сыйақы мөлшерлемелерін
субсидиялау шартына
3-қосымша

      20___ж. ____ тоқсан бойынша субсидиялардың нақты пайдаланылуы туралы есеп
 

Р/с

Қарыз алушының атауы

Кредит сомасы, теңге

Барлық қарастырылған субсидиялар (Комиссияның хаттамасы бойынша бекітілген), теңге

Барлық аударылған субсидиялар, теңге

Әкімшмен Қаржы институтына

Қаржы институтымен Қарыз алушыға

Барлығы

оның ішінде есепті кезеңде

Барлығы

оның ішінде есепті кезеңде

1

2

3

4

5

6

7

8

Қаржы институтының атауы

 



























 

Жиыны:








      кестенің жалғасы

Ауытқу (+, -) (+) артық төлем, (-) жетіспеу, теңге

субсидияны шегергендегі, Қарыз алушы төлейтін сыйақы сомасы, теңге

Ауытқу (+, -) (+) артық төлем, (-) жетіспеу, теңге

Субсидиялау шарты бойынша

өтеу фактісі бойынша

Барлығы
(5-б.- 7-б.)

оның ішінде есепті кезеңде
(6-б.-8-б.)

Барлығы

оның ішінде есепті кезеңде

Барлығы

оның ішінде есепті кезеңде

Барлығы
(11-б.- 13-б.)

оның ішінде есепті кезеңде
(12-б.- 14-б.)

9

10

11

12

13

14

15

16

Қаржы институтының атауы

 
























 








      Қаржы институтының басшысы ________________(қолы, Т.А.Ә.)            М.О.