"Валюталық түсімнің түсуі туралы қорытындының нысанын және оны беру тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 629 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 574 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 28 қаңтарда № 10159 тіркелді

Қолданыстағы

      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы 12-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Валюталық түсімнің түсуі туралы қорытындының нысанын және оны беру тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 629 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5494 тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2009 жылғы 20 наурызда № 42 (1639) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
      «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 635-бабы 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:».
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберуді;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі                             Б.Сұлтанов

      КЕЛІСІЛДІ
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық Банкі Төрағасы
      Қ.Н. Келімбетов ___________
      2014 жылғы 23 желтоқсан