Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 577 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 19 қаңтарда № 10101 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 18 сәуірдегі № 180 бұйрығымен.

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 18.04.2025 № 180 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына мынандай өзгерістер енгізуді БҰЙЫРАМЫН:

      1) "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 нөмірімен тіркелген):

      көрсетілген бұйрықтың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Осы бұйрық 2015 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енетін Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасы бюджеттік түсімдер сыныптамасының 1 "Салықтық түсірімдер" санаттарын қоспағанда, оны мемлекеттік тіркеген күнінен бастап қолданысқа енеді.";

      2) "Бюджет түсімдерін бюджеттер деңгейлері мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшасының бақылау шоты арасында бөлу кестесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 404 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9760 нөмірімен тіркелген):

      көрсетілген бұйрықтың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Осы бұйрық 2015 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енетін Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасы бюджеттік түсімдер сыныптамасының Бюджет түсімдерін бюджеттер деңгейлері мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшасының бақылау шоты арасында бөлу кестесінің 1 "Салықтық түсірімдер" санатын қоспағанда, оны мемлекеттік тіркеген күнінен бастап қолданысқа енеді.".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы


Қаржы министрі

Б.Сұлтанов