«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 651-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1.
«Бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттік тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 635 бұйрығына (Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының 2009 жылғы № 1 жинағында жарияланған нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5453 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген 1-қосымша мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 148 - 150 жолдармен толықтырылсын:
«148. Компьютерлік жүйе «ЦФТ-Банк» (6 ядро версиясы)
149. Yarus-TK-KZ».
150. Компьютерлік жүйе «Payments.IQ» (2.5.4. версиясы)».
2.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетi (Ә.С. Жұмаділдаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1)
осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2)
осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның бұқаралық ақпарат құралдарына ресми жариялауға жіберілуін;
3)
осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсiн.
3.
Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы |
Б. Сұлтанов |