Ескерту. Күші жойылды -Алматы облысы әкімдігінің 30.09.2024 № 301 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабына және "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыруды жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" 2014 жылғы 18 ақпандағы №103 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Облыс әкімдігінің 2014 жылғы 26 наурыздағы "Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100 %-ға дейін өтеуге арналған субсидиялар нормативтерін, қолдан ұрықтандыру қызметін жеткізушілерге қойылатын өлшемдер мен талаптарды, сондай-ақ асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды және мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдерін бекіту туралы" №83 қаулысына (2014 жылғы 27 наурызда нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2639 тіркелген және 2014 жылғы 1 сәуірде № 36 "Жетісу" және "Огни Алатау" газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының 3 және 4-қосымшалары осы қаулының 1 және 2- қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Тынышбай Досымбекұлы Досымбековке жүктелсін.
Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы | |
облысының әкімі | А. Баталов |
"КЕЛІСІЛДІ" | |
Қазақстан Республикасының | |
Ауыл шаруашылығы министрі | Мамытбеков Асылжан Сарыбайұлы |
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері
Сала атауы | Субсидиялау бағыты | Өлшем бірлігі | субсидиялау нормативі, теңге | Субсидиялана-тын көлем | субсидия көлемі, мың теңге |
ірі қара малдан аналық мал басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмысты жүргізу | бас | 20000 | 11 369 | 227 378,0 | |
Тұқымдық түрлендірумен қамтылған ірі қара малдың аналық мал басы селекциялық және асыл тұқымдық жұмысты жүргізу | бас | 18000 | 48 221 | 867 975,2 | |
Отандық асыл тұқымды ірі қара малды сатып алу | бас | 154 000 | 1366 | 210 364,0 | |
| Импортталған асыл тұқымды ірі қара малды сатып алу (Австралиядан, АҚШ-тан, Канададан) | бас | 200 000 | 2 926 | 585 200,0 |
| Асыл тұқымды бұқаларды күтіп бағу | бас | 104 000 | 91 | 9 464,0 |
Сүтті мал шаруашылығы | Асыл тұқымды ірі қара малдың басына асыл тұқымдық селекциялық жұмысты жүргізу | бас | 20 000 | 3 574 | 71 462,3 |
Отандық асыл тұқымды ірі қара малды сатып алу | бас | 154 000 | 200 | 30 800,0 | |
Импортталған асыл тұқымды ірі қара малды сатып алу (Австралиядан, АҚШ-тан, Канададан) | бас | 235 000 | 833 | 195 590,0 | |
Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды өтеу | бас | 1 803 | 138 702 | 250 079,5 | |
Қой шаруашылығы | Тұқымдық түрлендірумен қамтылған аналық қой басына селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарды жүргізу | бас | 1 500 | 20 006 | 30 009,0 |
Асыл тұқымды тоқтылар мен тұсақтарды сатып алу | бас | 8 000 | 5 591 | 44 728,0 | |
Жылқы шаруашылығы | асыл тұқымды жылқыларды сатып алу | бас | 40 000 | 327 | 13 080,0 |
Құс шаруашылығы | асыл тұқымды жұмыртқа |
(мың) | 21 | 1 982 | 41 630,0 |
Барлығы: | 2 577 760,0 |
Мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері
Сала атауы | Субсидиялау бағыты | өлшем бірлігі | субсидиялау нормативі, теңге | Субсидияла-натын көлем | субсидия көлемі, мың теңге |
Сиыр еті | Сиыр етін өндіру үшін мал азығы құнын арзандату | тонна | 3 554,9 | 533 844,0 | |
2 деңгей | тонна | 170 | 2 145,3 | 364 697,9 | |
3 деңгей | тонна | 120 | 1 409,6 | 169 146,1 | |
Сүт | Сүт өндіру үшін мал азығы құнын арзандату | тонна | 28 563,7 | 559 139,3 | |
1 деңгей | тонна | 25 | 18 100,4 | 452 510,9 | |
2 деңгей | тонна | 15 | 400,0 | 6 000,4 | |
3 деңгей | тонна | 10 | 10 062,8 | 100 628,0 | |
Құс еті | Құс еті өндіру үшін азық құнын арзандату | тонна | 55 078,9 | 3 824 264,8 | |
1 деңгей | тонна | 70 | 47 269,1 | 3 308 837,3 | |
2 деңгей | тонна | 66 | 7 809,5 | 515 427,5 | |
Тағамдық жұмыртқа | Тағамдық жұмыртқа өндіру үшін азық құнын арзандату | мың дана | 622 365,3 | 1 827 992,3 | |
1 деңгей | мың дана | 3 | 524 606,1 | 1 573 818,4 | |
2 деңгей | мың дана | 2,6 | 97 759,2 | 254 173,9 | |
Шошқа еті | Шошқа етін өндіруге арналған азық құнын арзандату | тонна | 98 | 7 801,7 | 764 563,5 |
Қой шаруашылығы | Биязы жүн өндіруге арналған азық құнын арзандату | тонна | 130 | 1 145,8 | 148 952,7 |
Қой еті | тонна | 100 | 205,7 | 20 574,8 | |
Жылқы шаруашылығы | Қымызды өндіруге арналған азық құнын арзандату | тонна | 60 | 1 697,4 | 101 843,8 |
Жылқы еті | тонна | 92 | 462,7 | 42 567,8 | |
Түйе шаруашылығы | Шұбатты өндіруге арналған азық құнын арзандату | тонна | 55 | 1 322,7 | 72 750,0 |
Бұқашықтарды субсидиялаудың бірінші деңгейіндегі бордақылау алаңдарын өткізу | бас | 15000 | 785,0 | 11 775,0 | |
Барлығы: | 7 908 268,0 |