Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы әкімдігінің 30.09.2024 № 301 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқасының пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабына және "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыруды жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" 2014 жылғы 18 ақпандағы №103 Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Облыс әкімдігінің 2014 жылғы 26 наурыздағы "Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100 %-ға дейін өтеуге арналған субсидиялар нормативтерін, қолдан ұрықтандыру қызметін жеткізушілерге қойылатын өлшемдер мен талаптарды, сондай-ақ асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды және мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдерін бекіту туралы" №83 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу мемлекеттік Тізілімінде № 2639 тіркелген, облыстық "Жетісу" газетінің 2014 жылғы 1 сәуірдегі № 36 және "Огни Алатау" газетінің 2014 жылғы 1 сәуірдегі № 36 жарияланған) төмендегідей өзгерту енгізілсін:
көрсетілген қаулының 3 және 4 қосымшалары осы қаулының 1 және 2 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
2. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі
Алматы облысының әкімі "КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А. Мұсаханов А. Мамытбеков |
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері
Сала атауы | Субсидиялау бағыты | өлшем бірлігі | 1 бірлікке арналған субсидиялар нормативтері, теңге | субсидияланатын өнім көлемі | төленетін субсидия көлемі, мың теңге |
Етті бағыттағы ірі қара малы | Асыл тұқымды ірі қара мал басын селекциялық асылдандыру жұмысын жүргізу | бас | 20 000 | 10 500 | 210 000,0 |
Тұқымдық түрлендірумен қамтылған ірі қара малдың аналық мал басы селекциялық және асылдандыру жұмысын жүргізу | бас | 18 000 | 39 454 | 710 168,0 | |
Отандық асыл тұқымды ірі қара малын сатып алу | бас | 154 000 | 900 | 138 600,0 | |
Импортталған асыл тұқымды ірі қара малды сатып алу (Австралия, АҚШ, Канада) | бас | 200 000 | 2 924 | 584 800,0 | |
Асыл тұқымды бұқаларды күтіп бағу | бас | 104 000 | 121 | 12 584,0 | |
Сүтті бағыттағы ірі қара малы | Асыл тұқымды ірі қара мал басын селекциялық асылдандыру жұмысын жүргізу | бас | 20 000 | 5 000 | 100 000,0 |
Отандық асыл тұқымды ірі қара малын сатып алу | бас | 154 000 | 200 | 30 800,0 | |
Импортталған асыл тұқымды ірі қара малды сатып алу (Австралия, АҚШ, Канада) | бас | 235 000 | 576 | 135 360,0 | |
Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды өтеу | бас | 1 803 | 147 792 | 266 469,0 | |
Қой шаруашылығы | Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарды жүргізу | бас | 1 500 | 90 000 | 135 000,0 |
1) Тұқымдық түрлендірумен қамтылған аналық қой басы | |||||
2) Асыл тұқымдық зауыттар мен шаруашылықтардағы асыл тұқымдық қой басы | |||||
Асыл тұқымды қой сатып алу | бас | 8 000 | 3 499 | 27 992,0 | |
Жылқы шаруашылығы | асыл тұқымды жылқы сатып алу | бас | 40 000 | 100 | 4000,0 |
Жұмыртқа бағытындағы | асыл тұқымды жұмыртқа | мың дана | 21 | 1 990 | 41784,0 |
Барлығы: | 2397557,0 |
| |||
|
Мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері
Сала атауы | Субсидиялау бағыты | өлшем бірлігі | 1 бірлікке арналған субсидиялар нормативтері, теңге | субсидияланатын өнім көлемі | төленетін субсидия көлемі, мың теңге |
Сиыр еті | Сиыр етін өндіру үшін мал азығы құнын арзандату | тонна | 2 100 | 312 000,0 | |
2 деңгей | тонна | 170 | 1 200 | 204 000,0 | |
3 деңгей | тонна | 120 | 900 | 108 000,0 | |
Сүт | Сүт өндіру үшін мал азығы құнын арзандату | тонна | 26 298 | 480 970,0 | |
1 деңгей | тонна | 25 | 13 300 | 332 500,0 | |
2 деңгей | тонна | 15 | 3 698 | 55 470,0 | |
3 деңгей | тонна | 10 | 9 300 | 93 000,0 | |
Құс еті | Құс еті өндіру үшін азық құнын арзандату | тонна | 71 995 | 4 995 616,0 | |
1 деңгей | тонна | 70 | 60 995 | 4 269 616,0 | |
2 деңгей | тонна | 66 | 11 000 | 726 000,0 | |
Тауарлы жұмыртқа | Тағамдық жұмыртқа өндіру үшін азық құнын арзандату | мың дана | 535 000 | 1 551 000,0 | |
1 деңгей | мың дана | 3 | 400 000 | 1 200 000,0 | |
2 деңгей | мың дана | 2,6 | 135 000 | 351 000,0 | |
Шошқа еті | Шошқа етін өндіруге арналған азық құнын арзандату | тонна | 98 | 4 054 | 397 250,0 |
Қой шаруашылығы | Биязы жүн өндіруге арналған азық құнын арзандату | тонна | 130 | 800 | 104 000,0 |
Жылқы шаруашылығы | Қымызды өндіруге арналған азық құнын арзандату | тонна | 60 | 500 | 30 000,0 |
Түйе шаруашылығы | Шұбатты өндіруге арналған азық құнын арзандату | тонна | 55 | 700 | 38 500,0 |
Бұқашықтарды субсидиялаудың бірінші деңгейіндегі бордақылау алаңдарын өткізу | бас | 15 000 | 2 350 | 35 250,0 | |
Барлығы: | 7 944 586,0 |