Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 18 ақпандағы "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыруды жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" N 103 қаулысына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бекітілсін:
1) жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100 %-ға дейін өтеуге арналған субсидиялар нормативтері осы қаулының 1 қосымшасына;
2) жеке қосалқы шаруашылықтардағы ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру қызметін жеткізушілерге қойылатын өлшемдер мен талаптар осы қаулының 2 қосымшасына;
3) асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды және мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдерін осы қаулының 3, 4 қосымшаларына сәйкес.
2. "Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (А. Көшкімбаев) субсидиялауды қаржыландыруды жергілікті бюджеттен жүзеге асырсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Т.Досымбековке жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы облысының әкімі | А. Мұсаханов |
"КЕЛІСІЛДІ" | |
Қазақстан Республикасының | |
Ауыл шаруашылығы министрі | А. Мамытбеков |
Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100 %-ға дейін өтеуге арналған субсидия нормативтері
Субсидиялау бағыты | Өлшем бірлігі | Бір бірлікке арналған субсидиялар нормативтері, теңге |
Жеке қосалқы шаруашылықтардағы ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру шығындарын 100 % - ға дейін өтеу | бас | 1803 |
Жеке қосалқы шаруашылықтардағы ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыруқызметін жеткізушілерге қойылатын өлшемдер мен талаптар
1. Жеке қосалқы шаруашылықтардағы ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтер көрсету жөніндегі шарттың түпнұсқасы мен көшірмесі;2. жеке қосалқы шаруашылықтардағы ірі қара малдың бір аналық мал басын қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтер көрсету жөніндегішығындарды есептеу-анықтамасы;
3. ұрықтандырылған ірі қара малдың аналық басына ұрықтандыру актісінің және тексеру жүргізу актісінің түпнұсқалары мен көшірмелері;
4. отандық асылдандыру орталығынан (асылдандыру орталықтарын есепке алмағанда) ұрықты сатып алуға шарттың түпнұсқасы мен көшірмесі.