Хромтау ауданы Құдықсай ауылдық округінің әкімінің 2013 жылғы 19 тамыздағы № 1 "Шектеу іс-шараларын енгізе отырып ветеринариялық режимін белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Құдықсай ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 21 қазандағы № 2 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 05 қарашада № 4056 болып тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңына сәйкес, Құдықсай ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
       1. Құдықсай ауылдық округінің әкімінің 2013 жылғы 19 тамыздағы № 1 «Шектеу іс-шараларын енгізе отырып ветеринариялық режимін белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3647 тіркелген, 2013 жылғы 19 қыркүйекте аудандық «Хромтау» газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
      шешімнің тақырыбы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
      «Хромтау ауданы Құдықсай ауылдық округінің Құдықсай ауылы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы»;
      1 тармақ мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
      «1. Хромтау ауданы Құдықсай ауылдық округінің Құдықсай ауылы аумағында ірі қара малдары арасында бруцеллез ауруының анықталуына байланысты, шектеу іс-шаралары белгіленсін».
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Құдықсай ауылдық округінің әкімі

Н. Изтлеуов