РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес Ойыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 26 желтоқсандағы № 140 «Ойыл ауданында әлеуметтік көмек көрсету және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3772 тіркелген, 2014 жылғы 4 және 13 ақпандағы «Ойыл» газетінің № 5-6 жарияланған) мынадай өзгерістер пен толықтыру енгізілсін:
1) 7 тармақта:
10 абзацта:
«азаматтарға.» деген сөз «азаматтарға;» деген сөзбен ауыстырылсын;
және мынадай мазмұндағы 11 абзацпен толықтырылсын:
үйден оқытылатын және тәрбиеленетін мүгедек балаларға.
2) 8 тармақта:
«төртеселік» деген сөз «бір еселік» деген сөзбен ауыстырылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат Аудандық мәслихаттың
сессиясының төрағасы: хатшысы:
Ж. Жақып Б. Бисекенов