Көшені қайта атау туралы

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Ақкемер ауылдық округінің әкімінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 20 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 14 тамызда № 3986 болып тіркелді

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін –өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармақшасына және Ақкемер ауылдық округі, Ақкемер ауылы Бейбітшілік көшесі тұрғындарының пікірін ескере отырып, Ақкемер ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ақкемер ауылдық округі Ақкемер ауылының Бейбітшілік көшесі Қонақбай Назаров көшесі деп қайта аталсын.
      2. Осы шешімнің орындалуына бақылау ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Р.Ибрашевқа жүктелсін.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Ақкемер ауылдық округінің әкімі Т.Өтемұратов