2014 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық әкімдігінің 2014 жылғы 28 мамырдағы № 162 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 10 маусымда № 3933 болып тіркелді

Жаңартылған
     РҚАО ескертпесі.
     Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы № 561-IV «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының 27-бабының 3-тармағына, 28-бабының 1, 3-тармақтарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 14 наурыздағы № 768 «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2014 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 наурыздағы № 285 «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2014 жылдың сәуір маусымында және қазан желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 14 наурыздағы № 768 Жарлығын іске асыру туралы» қаулысына сәйкес Мұғалжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қарулы Күштерді жасақтау үшін 2014 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі, әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе әскерге шақырудан босатылуға құқығы жоқ азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. Шақыруды өткізу жөніндегі іс-шараларды орындауға байланысты шығындар жергілікті бюджет қаржылары есебінен жүзеге асырылсын.
      3. Ұсынылсын:
      1) «Мұғалжар аудандық орталық ауруханасы» және «Ембі аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындары (К.Абишев және Д.Шетенбаев, келісім бойынша) шақыру бойынша іс-шараларды жүргізсін;
      2) «Мұғалжар аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) әскери міндеттерін орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді жүзеге асырсын;
      3) шақыру пунктінде шақырылушыларды шығарып салу уақытында қоғамдық тәртіпті күзетуді қамтамасыз етсін;
      4) «Мұғалжар аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесі, мемлекеттік мекемелермен бірлесіп Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген құзыреті шегінде шақыруға байланысты іс-шараларды ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз етсін.
      4. 2014 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізу кестелері 1, 2 - қосымшыларға сәйкес бекітілсін.
      5. Ауылдық округтер әкімдері, кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар және оқу орындарының басшылары шақырылушыларға оларды шақыру пунктіне шақырылғаны туралы хабарлауды және осы шақыру бойынша адамдардың дер кезінде келуін қамтамасыз етсін.
     Ескерту. 5 тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық әкімдігінің 20.10.2014 № 326 қаулысымен (қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Назаровқа және «Мұғалжар аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесінің бастығы А.Культлеуовке жүктелсін.
      7. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2014 жылдың 1 сәуірінен бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.

      Аудан әкімі С.Шаңғұтов

 Мұғалжар ауданы әкімдігінің
 2014 жылғы 28 мамырдағы
 № 162 қаулысына
 1 ҚОСЫМША

2014 жылдың сәуір-маусымында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізу кестесі


Р/сҚала, ауылдық округтер атауларыСәуірМамырБарлығы
Шақырылушылардың саныШақырылушылардың саныШақырылушылардың саны
1Қандыағаш қаласы600100700
2Жұрын ауылдық округі37 37
3Еңбек ауылдық округі41 41
4Талдысай ауылдық округі9 9
5Ақкемер ауылдық округі38 38
6Ащысай ауылдық округі11 11
7Ембі қаласы200 200
8Мұғалжар ауылдық округі29 29
9Егіндібұлақ ауылдық округі10 10
10Құмсай ауылдық округі13 13
11Жұбанов атындағы ауылдық округі12 12
12Батпақкөл ауылдық округі38 38
13Құмжарған ауылдық округі31 31
14Қайыңды ауылдық округі19 19
15Жем ауылдық округі12 12

 Мұғалжар ауданы әкімдігінің
 2014 жылғы 28 мамырдағы
 № 162 қаулысына
 2 ҚОСЫМША

2014 жылдың қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізу кестесі


Р/сҚала, ауылдық округтер атауларыҚазанҚарашаЖелтоқсанБарлығы
Шақырылушылардың саныШақырылушылардың саныШақырылушылардың саныШақырылушылардың саны
1Қандыағаш қаласы6003901501140
2Жұрын ауылдық округі5323 76
3Еңбек ауылдық округі5020 70
4Талдысай ауылдық округі307 37
5Ақкемер ауылдық округі50 50100
6Ащысай ауылдық округі3010 40
7Ембі қаласы100260 360
8Мұғалжар ауылдық округі5015 65
9Егіндібұлақ ауылдық округі30  30
10Құмсай ауылдық округі 63 63
11Жұбанов атындағы ауылдық округі37  37
12Батпақкөл ауылдық округі 85 85
13Құмжарған ауылдық округі80  80
14Қайыңды ауылдық округі5010 60
15Жем ауылдық округі2035 55