Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес Мәртөк аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәртөк аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 102 «Әлеуметтік көмек көрсетудің және Мәртөк ауданы аумағында тұратын мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 3745, 2014 жылғы 6 ақпанда «Мәртөк тынысы» газетінің № 7-9 жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
3 тармақта «енгізіледі» деген сөзден кейін «және 2014 жылғы 1 қаңтардан басталған құқықтық қатынастарға колданылады» деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәртөк аудандық Мәртөк аудандық
мәслихатының сессия төрағасы мәслихатының хатшысы
Б.Қазанбаев А.Смағұлов