Әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы

Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық мәслихатының 2014 жылғы 16 сәуірдегі № 134 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 28 сәуірде № 3856 болып тіркелді

Қолданыстағы

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Атаулы және мерекелік күндерге әлеуметтік көмектің мөлшерлері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Ай сайын:
      1)-Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне коммуналдық қызметтердi төлеу үшiн сегiз мың теңге көлемiнде қаржылай әлеуметтiк көмек көрсетiлсiн;
      2)-аудандық бiлiм бөлiмi ұсынған тiзiмдерге сәйкес үйден оқытылатын және тәрбиеленетiн мүгедек балаларға бір айлық есептік көрсеткіш көлемiнде қаржылай әлеуметтiк көмек көрсетiлсiн;
      3) онкологиялық аурулардан зардап шеккен азаматтарға, ҚТВ инфекциясын жұқтырған және туберкулездің әртүрлі түрімен ауыратын науқастарға, медициналық мекемелердің тізімі бойынша амбулаториялық ем алу кезінде алты айдан аспайтын мерзімге он айлық есептік көрсеткіш көлемінде көрсетілсін;
      3. Осы шешiм алғаш ресми жарияланған күнiнен бастап он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Аудандық мәслихаттың           Аудандық мәслихаттың
        сессия төрағасы:                   хатшысы:

        Ж. СҮЛЕЙМЕНОВ                    К. ҚОСАЯҚОВ

Ырғыз аудандық мәслихатының
2014 жылғы 16 сәуірдегі № 134
шешіміне қосымша

Атаулы күндер мен мерекелік күндерге біржолғы әлеуметтік көмектің мөлшерлері

      Келесі санаттарға:
      - Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, 9 мамыр - Жеңіс күніне орай 100 мың теңге мөлшерiнде;
      - жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы қатысушыларына және мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға, 9 мамыр - Жеңіс күніне орай 50 мың теңге мөлшерiнде;
      - жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы қатысушыларына теңестірілген тұлғалардың басқа да санаттарына, 9 мамыр - Жеңіс күніне орай 30 мың теңге мөлшерiнде;
      - мемлекеттік арнайы жәрдемақы алатын 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамыры аралығында кемінде 6 ай әскери қызмет өткерген және тылда жұмыс жасаған тұлғаларға, 9 мамыр - Жеңіс күніне орай 15 мың теңге мөлшерiнде;
      - мүгедек деп танылмаған, екінші рет некеге отырмаған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысына қатысушылардың әйелдеріне (күйеулеріне), 9 мамыр - Жеңіс күніне орай 25 мың теңге мөлшерiнде;
      - қайтыс болған ауғандық жауынгерлерінің ата-аналарына және екінші рет некеге отырмаған әйелдеріне, 9 мамыр - Жеңіс күніне орай 25 мың теңге мөлшерiнде;
      - мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушы мүгедектерге, қазан айының екінші жексенбісі мүгедектер күніне орай 30 мың теңге мөлшерiнде;
      - 18 жасқа дейінгі балаларына атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасыларға 1 маусым – Халықаралық балалар күніне орай 20 мың теңге мөлшерiнде.
      Азаматтардың кейбір санаттары біржолғы әлеуметтік көмектің бірнеше түріне құқылы болған жағдайда, (статусына сәйкес) әр түрлі атаулы күндер мен мереке күндеріне біржолғы әлеуметтік көмектің тек бір түрі (мөлшері бойынша ең жоғары) көрсетіледі.
      Әлеуметтiк көмектiң сомаларын төлеу ақшалай қаражатты Ырғыз ауданындағы екiншi деңгейдегi банктер бөлiмшелерi арқылы алушылардың дербес шоттары немесе карталық шоттарына аудару арқылы жүргiзiледi.