Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Сартоғай ауылдық округінің әкімінің 2014 жылғы 18 сәуірдегі № 3 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 30 сәуірде № 3867 болып тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдесіндегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабына сәйкес және Байғанин аудандық аумақтық инспекциясының Бас мемлекеттік ветеринарлық инспекторының 2014 жылғы 14 сәуірдегі ұсынысының негізінде, Сартоғай ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ірі қара малдарынан арасында «бруцеллез» ауруының шығуына байланысты Сартоғай ауылдық округінің «Баршақұм» елді мекенінде шектеу іс-шаралары белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сартоғай ауылдық
      округінің әкімі:                           Е. Қарабасов