1. Қопа селолық округі әкімінің 2011 жылғы 10 қазандағы № 9 "Қопа селолық округінің көшелеріне атау беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-4-132 тіркелген, 2011 жылғы 22 қарашадағы "Жем-Сағыз" аудандық газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің атауы келесідей жаңа редакцияда жазылсын:
"Қопа ауылдық округінің кейбір елді мекендерінің атаусыз көшелеріне атаулар беру туралы";
шешімнің мемлекеттік тілдегі бүкіл мәтіні бойынша "селолық" "елді мекені" сөздері тиісінше "ауылдық", "ауылы" сөздерімен ауыстырылсын, шешімнің орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округі әкімі | М.Байтақ |