1. Байғанин аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 26 сәуірдегі № 102 «Белгілі санаттардағы тұлғалар үшін жұмыс орындарының квоталарын белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-4-114 тіркелген, 2011 жылғы 26 мамырда аудандық "Жем-Сағыз" газетінде жарияланған) қаулысына келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының 2 тармағы келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
«2. Белгілі санаттардағы (қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмаған) тұлғаларға әлеуметтік қолдау көрсету және оларды тіркелген мекен-жайына қарай жұмысқа орналастыруға ықпал ету, ауылдық округ әкімдеріне жүктелсін»;
көрсетілген қаулының 3 тармағы келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
«3. Осы қаулыдан туындайтын іс-шараларды ұйымдастыру «Байғанин аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.»
2. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі: | М.Аққағазов |