Құтқарушылардың денсаулық жағдайының сай келуіне және оларды медициналық куәландырудан өткізуге қойылатын талаптарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы № 843 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 29 желтоқсанда № 10035 тіркелді.

Жаңартылған

      "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 68) тармақшасын орындау мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Құтқарушылардың денсаулық жағдайының сай келуіне және оларды медициналық куәландырудан өткізуге қойылатын талаптар бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті (В.В. Петров):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ішкі істер министрінің орынбасары В.К. Божкоға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Ішкі істер министрі

Қ. Қасымов

"Келісілді"


Денсаулық сақтау және


әлеуметтік даму министрі


Т. Дүйсенова


2014 жылғы "___"



  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2014 жылғы 25 қарашадағы
№ 843 бұйрығымен
бекітілді

Құтқарушылардың денсаулық жағдайының сай келуіне және оларды
медициналық куәландырудан өткізуге қойылатын талаптар
1. Құтқарушылардың денсаулық жағдайына қойылатын талаптар

      1. Құтқарушылардың денсаулығы жағдайына қойылатын талаптар мынадай аурулардың болуына жол бермейді:

      1) туа біткен даму кемістіктері, деформациялар, органдар мен жүйелер функцияларының бұзылуы айқын байқалатын хромосомалық ауытқулар;

      2) органдар мен жүйелер функцияларының белгілі бір дәрежеде бұзылуына алып келген қайтарымсыз өзгерістері дамыған, орталық және перифериялық нерв жүйесінің, ішкі органдардың, сыртқы факторлардың әсерінен сүйек-бұлшықет жүйесінің (жарақат, радиация, термикалық, химиялық және басқа әсерлер) зақымдалу салдары;

      3) айқын дәрежедегі қимылдық және сезінушілік бұзылуы, үйлесім мен статиканың бұзылуы, когнитивті және мнестикалы-интеллектуалдық бұзылуымен әр түрлі этиологияның орталық нерв жүйесінің аурулары;

      4) нарколепсия және катаплексия;

      5) есінің бұзылуына ұласатын аурулар: эпилепсия және әр түрлі этиологияның эпилептикалық синдромдары, әртүрлі этиологияның талма синдромдары;

      6) невротикалық, депресивті, стресске байланысты, соматофорлық, мінез-құлықтық бұзылулар және тұлғаның бұзылуы анықталған жағдайларда психикалық және мінез-құлықтық бұзылулар (аурулар), құтқарушының жұмысқа кәсіби жарамдылығы туралы мәселені дәрігерлік комиссия шешеді;

      7) психикалық, мінез-құлықтық бұзылулар (аурулар) бойынша, оның ішінде психоактивті заттарды қолдануға байланысты психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрған, психикаға белсенді әсер ететін заттарды қолдануға байланысты психикалық және мінез-құлықтық бұзылулар (аурулар);

      8) басқа органдар мен жүйелерді зақымдау белгілері бар, олардың функциялары 3-4 дәрежеде бұзылған, үдемелі эндокриндік жүйесі аурулары;

      9) кез келген жердегі жаңа пайда болған қатерлі ісіктер;

      Жаңа пайда болған қатерлі ісіктерді емдегеннен кейін авариялық-құтқару жұмыстарын орындауға рұқсат беру мәселесін дәрігерлік комиссия, оның ішінде онколог шешеді.

      10) үдемелі және жиі қайталанатын қан және қан өндіретін органдардың аурулары (гемобластоздар, гемолитикалық және аплатикалық анемиялардың айқындалған нысандары, геморрагикалық диатездер);

      11) III-сатыдағы, 3-дәрежедегі, IV-тәуекелдегі гипертониялық ауру;

      12) қан айналымының жеткіліксіздігінен жүректің және перикардтың созылмалы аурулары, III-функционалдық сыныбы, 2 және одан жоғары дәрежедегі қан айналымының жеткіліксіздігі;

      13) жүректің ишемиялық ауруы:

      III - IV функционалдық сыныптағы стенокардия;

      өткізгіштіктің бұзылуымен (ІІІ дәрежедегі синоаурикулярлы блокадасы, синустық түйіннің әлсіздігі);

      14) әлеуетті қатерлі асқазан аритмиясы мен гемодинамикасы бұзылған пароксизмалдық бұзылулар;

      15) инфаркттан кейінгі кардиосклероз, жүрек аневризмасы;

      16) аорталар мен артериялардың кез келген бөліктерінің аневризмалары және қабаттасуы;

      17) висцералдық артериялардың облитерациясымен және органдар функцияларының бұзылуымен аортаның облитерациялаушы атеросклерозы;

      18) аяқ-қол тамырларын бітеуші атеросклерозы, тромбангиит, аяқ-қолдың қанқамтымы декомпенсациясының белгілері бар аортоартериит;

      19) 3 және одан жоғары дәрежелі созылмалы веналық жетіспеушілігі байқалатын аяқ-қолдың төменгі бөліктерінің варикоздық және посттромбофлебитикалық аурулары;

      20) лимфангиит және 3-4 дәрежедегі лимфаағымның басқа да бұзылулары;

      21) ревматизм: белсенді фаза, жүрек пен басқа органдарды және жүйелерді зақымдайтын және 2-3 дәрежедегі созылмалы жүрек жетіспеушіліктері бар жиі рецидивтер;

      22) демдік жетіспеушілігі немесе 2-3 дәрежедегі өкпе-жүрек жетіспеушілігі байқалатын бронхоөкпе жүйесінің аурулары;

      23) кез келген жердегі туберкулездің белсенді нысандары;

      24) асқазанның ойықжара ауруының созылмалы, жиі (күнтізбелік жыл ішінде 3 рет және одан аса) қайталатын және асқынған ұлтабар ауруы;

      25) созылмалы гепатиттер, бауырдың декомпенсацияланған циррозы және 2-3 дәрежедегі бауыр жетіспеушілігі мен порталдық гипертензия белгілері бар бауырдың басқа аурулары;

      26) 2-3 дәрежедегі созылмалы бүйрек жетіспеушілігі байқалатын бүйректің және зәр шығару жолдарының созылмалы аурулары;

      27) телімсіз ойықжара колиті және ауыр өтетін Крон ауруы;

      28) 3-4 дәрежедегі органдар мен жүйелердің функциялары бұзылған біріктірме тіннің диффузиялық аурулары, жүйелі васкулиттер;

      29) перифериялық нерв жүйесінің созылмалы аурулары және функциялары бірқатар бұзылған нерв-бұлшықет аурулары;

      30) 2-3 дәрежедегі функциялары бұзылған тірек-қозғалыс аппаратының созылмалы аурулары;

      31) терінің созылмалы аурулары (созылмалы таралған, жиі қайталанатын (жылына кем дегенде 4 рет) экзема, универсалдық, таралған, артропатикалық, пустулезді псориаз, псориатикалық эритродермия, өрескел көпіршік, созылмалы қайталымсыз таралған ихтиоз, созылмалы үдемелі атопикалық дерматит);

      32) инфекциялық және паразитарлық аурулардың созылмалы, рецидивтік нысандары, клиникалық нысандардың емделуге жатпайтын немесе қиын емделетін жағдайдағы поствакционалдық зақымданулар;

      33) жүктілік және лактация кезеңі;

      34) жүктілікті аяғына дейін дағдылы көтермеу, бала туатын жастағы әйелдердің анамнезіндегі ұрық аномалиясы;

      35) тұрақсыз даму кезіндегі кез келген сатыдағы глаукома;

      36) жүрек тамырлары жүйесінің аурулары;

      37) күнтізбелік жыл ішінде 3 рет немесе одан аса асқыну жиілігімен перефериялық нерв жүйесінің созылмалы аурулары;

      38) күнтізбелік жыл ішінде 3 рет немесе одан аса асқыну жиілігімен тыныс алу органдарының созылмалы аурулары;

      39) тіс, ауыз қуысы аурулары, ерінді тартып алуына кедергі жасайтын тістердің болмауы, алынбалы протездердің болуы, альвеолярлы пиоррея, стоматит, анкилоз периодонтиті және төменгі жақ контрактурасы, жақ артриті;

      40) жалпы физикалық дамымай қалуы және тірек-қозғалыс аппаратының дамымай қалуы;

      41) газтұтқышта жұмыс жасауға кедергі болатын қатерсіз ісіктер;

      42) жарықтар (барлық түрлері);

      43) компенсация дәрежесіне қарамастан тамырлардың облитерациялаушы аурулары;

      44) варикоздық ауру және аяқтың төменгі жағының және геморройлық көктамырлардың рецидивтік тромбофлебиті;

      45) мұрын жолымен демалу функцияларын бұзып, мұрын қалқаншасының қисаюы;

      46) асқыну жиілігі күнтізбелік жыл ішінде 3 немесе одан көп рет жоғары тыныс алу жолдарының созылмалы аурулары;

      47) ортаңғы құлақтың созылмалы аурулары;

      48) кез келген этиологиядағы бір немесе екіжақты есту қабілетінің (құлақ естігіштігі: 3 м дейінгі жерден сыбыр ды есту) тұрақты төмендеуі (3 ай және одан аса);

      49) кез келген этиологиядағы вестибуляторлық анализаторы функциясының бұзылуы;

      50) вестибулярлық аппараты функциясының бұзылуына себеп болатын кез келген этиологиядағы аурулар, бас айналу синдромдары, нистагм (Меньер ауруы, лабиринтиттер, кез келген этиологиядағы вестибулярлық криздер);

      51) көздің көргіштігі бір көзінде 0,8-ден төмен, ал екіншісінде 0,5-тен төмендеуі, түзетуге жол берілмейді;

      52) қабақ, жас шығару жолдарының созылмалы аурулары, қабақтың толық жабылуына, көз алмасының еркін қозғалуына кедергі жасайтын қабақтың органикалық ақаулары;

      53) көру өрісінің 200 артық шектелуі;

      54) тұрақты дәрілік түзетуді талап ететін эндокриндік жүйенің аурулары.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 27.10.2020 № 11 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2. Құтқарушыларды медициналық куәландыруды өткізуге
қойылатын талаптар

      2. Медициналық куәландыру – аурулардың бар болу немесе болмау фактісін айқындау немесе растау мақсатында денсаулық жағдайын, сондай-ақ уақытша еңбекке жарамсыздығын, кәсіби жарамдылығын айқындауды жүргізеді.

      3. Құтқарушылар үшін міндетті келесі медициналық куәландыру түрлері қарастырылған:

      1) жыл сайынғы медициналық тексеру (Кезеңдік міндетті медициналық тексерулер) - жылына 1 рет;

      2) ауысым алдындағы медициналық куәландыру – жұмыс ауысымының алдында бір сағат және жарты сағат бұрын;

      3) жұмысқа қабылданар алдындағы медициналық куәландыру;

      4) құтқарушы емдеуде (жұмысқа уақытша жарамсыздық парағында) төрт айдан артық болған жағдайдағы медициналық куәландыру.

      4. Жыл сайынғы, жұмысқа қабылданар алдындағы және құтқарушы емдеуде (жұмысқа уақытша жарамсыздық парағында) төрт айдан артық болған жағдайдағы медициналық куәландыруды уақытша еңбекке жарамсыздықтың және кәсіби даярлықтың сараптамасы бойынша медициналық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар медициналық ұйымдардың дәрігерлік комиссиялары өткізеді.

      5. Медициналық тексеруді жүргізу қорытындысы бойынша дәрігерлік комиссия мына қорытындылардың біреуін шығарады:

      1) жұмысқа жарамды;

      2) жұмысқа жарамсыз;

      6. Жұмысқа қабылданар алдындағы медициналық куәландыруды жұмыс берушінің штаттық медициналық қызметкері (наркологиялық диспансерде (ауруханада) арнайы даярлықтан өткен) немесе келісімшарт бойынша медициналық ұйымның медициналық қызметкері жүргізеді.

      7. Жыл сайынғы, жұмысқа қабылданар алдындағы және құтқарушы емдеуде (жұмысқа уақытша жарамсыздық парағында) төрт айдан артық болған жағдайдағы медициналық куәландыруға жолдауды жұмыс беруші жүзеге асырады.

      8. Құтқарушыларды ауысым алдындағы медициналық куәландыру еңбек міндеттерін орындауға кедергі келтіретін, оның ішінде осы ауысымда психоактивті заттарды қолдануға байланысты жай-күйлер мен аурулардың белгілерін анықтау мақсатында жұмыс ауысымы басталар алдында (төтенше жағдайды жою барысында жұмыс ауысымы аяқталғанға дейін және аяқталғаннан кейін) жүргізіледі.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 27.10.2020 № 11 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Ауысымға жіберуге арналған медициналық қарсы көрсетімдер тізбесі:

      1) еңбекке жарамсыздық белгілерінің болуы (жіті және/немесе созылмалы аурулардың асқынуы, оның ішінде дене қызуының 37Ү-тан артық болуы, өзін нашар сезінуге, жалпы әлсіздікке, бас және тіс ауруына шағымдану, көздің жіті ауруы, құлақ, кеуде немесе іш бөлігіндегі аурулар).

      2) гемодинамиканың орнатылған жеке рұқсат етілген көрсеткіштерден ерекшеленетін қан қысымының ұлғаюын немесе тамыр соғысының жиілігін тіркеу;

      3) жұмыс қабілеттілігін төмендететін психиканы жарақаттайтын жағдайдың болуы;

      4) жұмысшыда мас болудың клиникалық белгілерінің болуына қарамастан, тыныс алу ауасындағы 0,3 промиллден жоғары дем шығарғанда алкоголь буын өлшеу нәтижелерін тіркеу;

      5) мас болудың клиникалық белгілерінің болуы, психикалық белсенді, оның ішінде есірткі заттарын тұтыну.

      10. Ауысым алдындағы медициналық куәландырудан өтпеген құтқарушылар осы ауысымға еңбек міндеттерін орындауға жіберілмейді.

      11. Ауысым алдындағы медициналық куәландыру мынадай көлемде өткізіледі: сыртқы тексеру (тері қабаттары, көз сілемейі), ауыз қуысын және есінеуді тексеру, тамыр соғысын зерттеу, қан қысымын, дене температурасын өлшеу - дем шығару ауасындағы алкогольға жасалған сынама көрсеткіші бойынша.

      Қан қысымы немесе тамыр соғысының көлемін өлшеу өлшеу өткізілгеннен кейін белгіленген жеке көрсеткіштерден ауытқушылықтар анықталған жағдайда, 15-20 минуттан кейін қайта өлшеу жүргізіледі.

      12 Аяқталған ауысым алдындағы медициналық тексеру нәтижелері негізінде денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша ауысым алдындағы медициналық куәландыруды жүргізу журналына белгі қойылады.

      13. Осы Талаптардың 9-тармағында көрсетілген ауысымға жіберуге медициналық қарсы көрсетімдер болған кезде, ұйым басшысының келісімі бойынша авариялық-құтқару қызметінің штаттық медициналық жұмысшысы құтқарушыға ауысым алдындағы медициналық куәландыру өткізілген күні мен уақытын, болжамды диагнозын, еңбекке жарамдылық жай-күйін, көрсетілген медициналық көмекті көрсете отырып, тұрғылықты жері бойынша медициналық ұйымға жолдама береді.

      14. Алкоголь және басқа да психикалық белсенді, оның ішінде есірткі заттарын тұтыну белгілері анықталған жағдайда құтқарушы жұмыс беруші өкілінің қатысуымен алкоголь және басқа да психикалық белсенді, оның ішінде есірткі заттарын тұтыну фактілерін анықтауға медициналық куәландырудан өту үшін мамандандырылған ұйымға жіберіледі.