2014 жылғы 4 шілдедегі Қылмыстық-процестік кодексі 232-бабының 10-бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қоса беріліп отырған Жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Бұйрықпен бірлесіп қатысатын мемлекеттік органдардың басшылық және жеке құрамы таныстырылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің «А» басқармасы:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бірлескен бұйрық 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жарялануы тиіс.
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасы
Қаржы министрі Мемлекеттік күзет
_______________ Б. Сұлтанов қызметінің бастығы
____________ А. Күреңбеков
Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері Ұлттық қауіпсіздік
және жемқорлыққа қарсы комитетінің төрағасы
іс-қимыл агенттігінің ______________ Н. Әбіқаев
төрағасы
______________ Қ. Қожамжаров
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
______________ Қ. Қасымов
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Бас прокуроры
______________ А. Дауылбаев
2014 жылғы 19 желтоқсан
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 565
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік күзет қызметі бастығының
2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 146
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі төрағасының
2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 62
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының
2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 416
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 892
бірлескен бұйрығымен бекітілген
Жасарын тергеу әрекеттерін жүргізу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Конституциясына, 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне (бұдан әрі - ҚПК), Қазақстан Республикасының «Жедел-іздестіру қызметі туралы» 1994 жылғы 15 қыркүйектегі, «Мемлекеттік құпиялар туралы» 1999 жылғы 15 наурыздағы заңдарына сәйкес әзірленді және жасырын тергеу әрекеттерін (бұдан әрі – ЖТӘ) жүргізу, сондай-ақ олардың нәтижелерін қылмыстық істердің материалдарына тігу тәртібін анықтайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
1) құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органның уәкілетті бөлімшесі (бұдан әрі – уәкілетті бөлімше) – сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізетін адамның ЖТӘ жүргізу туралы тапсырмасын орындайтын бөлімше (орындаушы бөлімше) және ЖТӘ жүзеге асыратын бөлімше (ЖТӘ бөлімшесі);
2) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізетін адам – сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізу құқығы берілген, өндірісінде тергеудегі қылмыстық іс бар тергеуші, анықтаушы, анықтау органының лауазымды адамы.
2. Жасырын тергеу әрекеттерін жүргізуге арналған тапсырманы дайындау және жолдау тәртібі
3. ҚПК 232-бабының 2-бөлігіне сәйкес ЖТӘ жүргізу үшін негіз сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізетін адамның осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес жасалған уәкілетті бөлімшеге берген тапсырмасы болып табылады.
Тапсырма ҚПК-нің 241-бабы 1-бөлігінің талаптарына сәйкес құпия болып табылады және жария етілуге жатпайды.
Тапсырма екі данада жасалады.
Бірінші данасы желімделген конвертте, адресатты көрсете отырып және «Жеке өзіне» деген белгі қоя отырып, Қазақстан Республикасындағы іс жүргізу талаптарына сәйкес құжаттамалық қамтамасыз ету жөніндегі функцияны жүзеге асыратын бөлімше (бұдан әрі – ҚҚЕ бөлімшесі) арқылы орындаушы бөлімшеге жіберіледі.
Конвертке құжаттың нақты қылмыстық іске тиесілігі туралы ақпаратты жазуға тыйым салынады.
Тапсырманың екінші данасы ЖТӘ жүргізу кезінде қылмыстық істің материалдарына тігілмейді және оның тізімдемесіне енгізілмейді. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізетін адам, сондай-ақ сотқа дейінгі тергеп-тексеруді ведомстволық бақылауды жүзеге асыратын адамдар ЖТӘ жүргізу туралы тапсырманы беру фактісінің құпиялығын қамтамасыз етеді.
ЖТӘ аяқталғанға дейін тапсырманың көшірмесін түсіруге жол берілмейді.
Конвертті ҚҚЕ бөлімшесінде тіркеу кезінде оның қылмыстық істі сәйкестендіруге мүмкіндік беретін нөмірі мен басқа да ақпаратты көрсетпей, конверттегі құжаттардың қылмыстық істің материалдары болып табылатыны көрсетіледі.
ЖТӘ жүргізу туралы тапсырманы беру кезінде оған жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу әдістері, оларды жүргізетін адамдар, оның ішінде қызметті құпия негізде және конспирациялық нысанда жүзеге асыратын адамдар туралы мәліметтерді, сондай-ақ мемлекеттік құпияларды құрайтын өзгеде мәліметтерді қосуға жол берілмейді.
4. Тапсырмада:
1) оны жасау орны, күні және уақыты;
2) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізетін адамның лауазымы, тегі және аты-жөні, жеке қолы;
3) оның шеңберінде тапсырма берілетін қылмыстық істің нөмірі;
4) соның негізінде тапсырма және ЖТӘ түрі (түрлері) берілетін ҚПК-нің баптары;
5) қылмыстық істің қысқаша мән-жайы және құқықтық саралануы;
6) оған қатысты ЖТӘ жүргізу жоспарланатын адам, орын немесе зат туралы мәлімет, оның ішінде оның сауалнамалық деректерін (шартты атауын) өзгертудің қажеттігі;
7) ЖТӘ жүргізу мерзімі мен мақсаты;
8) тапсырма беру үшін негіз болып табылатын нақты себептер көрсетілуі тиіс.
5. Тапсырма берген адам оның заңдылығы мен негізділігі үшін толық жауапты болады.
3. Жасырын тергеу әрекеттері бойынша тапсырма алу және оны орындау тәртібі
6. Орындаушы бөлімшенің басшысы тапсырманы аласымен оны орындау бойынша дереу шаралар қабылдайды және ЖТӘ жүргізуді нақты қызметкерге тапсырады, ол осы Қағидаларға 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10-қосымшаларға сәйкес құпия болып табылатын және жария етілуге жатпайтын екі данада қаулы шығарады.
Қажет болған кезде оған қатысты жасырын тергеу әрекеттері жүргізіліп жатқан объектіні ашпау үшін сауалнамалық деректерді (шартты атауын) өзгерту туралы қаулы ЖТӘ жүргізу туралы қаулыға қоса беріледі, оны сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізетін адам прокурормен келіседі.
Тапсырманы орындаудан негізсіз бас тартқаны үшін уәкілетті бөлімшенің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жауапты болады.
7. Тапсырмада ҚПК-нің 233-бабындағы тәртіпте қаулы шығару үшін қажетті мәліметтер болмаған жағдайда, орындаушы бөлімше тапсырманы алған сәтінен бастап 24 сағаттан аспайтын мерзімде бұл туралы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізетін адамға хабарлайды. Бұл ретте қаулы шығарылмайды.
8. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізуші адам не ЖТӘ-ні жүргізу тапсырылған уәкілетті лауазымды адам ҚПК 231-бабының 1), 2), 3), 4), 5), 6) тармақтарында көзделген ЖТӘ-ні жүргізу туралы шығарған қаулыларды ҚПК 234-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген уәкілетті прокурор санкциялайды.
Қаулы санкция алу үшін прокурорға қолма-қол ұсынылуы мүмкін.
Қаулыларды ҚҚЕ бөлімшесі арқылы жіберу кезінде олар конвертке желімделеді, онда адресат көрсетіледі және «Жеке өзіне» деген белгі қойылады.
Конвертке құжаттардың нақты қылмыстық іске тиесілігі туралы ақпаратты жазуға тыйым салынады. ҚҚЕ бөлімшесінде тіркеу кезінде оның қылмыстық істі сәйкестендіруге мүмкіндік беретін нөмірі мен басқа да ақпаратты көрсетпей, конверттегі құжаттардың қылмыстық істің материалдары болып табылатыны көрсетіледі.
Қаулыларға «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және құпиялауға жататын мәліметтердің ведомстволық (салалық) тізбелеріне сәйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерге жататын ақпараттарды енгізген жағдайда, қаулыларға тиісті құпиялылық белгісі беріледі.
Құпиялық белгісі бар қаулыларды қолдану тәртібі Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасымен анықталады.
Санкция берілген жағдайда, санкцияланған қаулының бір данасы орындаушы-бөлініске жолданады, қаулының екінші данасы прокурорда қалады. Орындаушы-бөлініс санкцияланған қаулының келіп түскен данасын әрі қарай ЖТӘ бөлінісіне орындау үшін жолдайды.
Орындаушы бөлімше ЖТӘ-нің бірнеше түрін орындаудың кезектігін өз бетінше анықтайды және қабылданған шешімдердің негізділігі, сондай-ақ ЖТӘ жүргізудің заңдылығы үшін жауапты болады.
ЖТӘ жүргізу мерзімін ұзарту туралы қаулыны сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізетін адам мерзімі аяқталардан үш күн бұрын шығарады және санкция алу үшін прокурорға ұсынады.
Санкция беруден бас тартылған жағдайда санкция алынбаған қаулының екі данасы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізетін адамға қылмыстық іске тігу үшін жіберіледі.
9. ЖТӘ жүргізу туралы қаулыны орындау мүмкін болмаған кезде сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізетін адамға уәкілетті бөлімше басшысының қолымен себептерін көрсете отырып, дереу жазбаша хабарлама жіберіледі.
10. Қаулыда көрсетілген мерзімде ЖТӘ орындау мүмкін болмаған кезде сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізетін адамға орындаушы бөлімше басшысының қолымен ЖТӘ-ні анағұрлым кейінірек мерзімге ауыстыру туралы сұрай отырып, жазбаша хабарлама жіберіледі.
11. ҚПК-нің 235-бабының 1-бөлігіне сәйкес кейінге қалдыруға болмайтын жағдайларда прокурорды жиырма төрт сағат ішінде хабардар ете отырып және одан әрі санкция ала отырып, санкция беруді талап ететін ЖТӘ-ні жүргізуге жол беріледі.
ҚПК-нің 235-бабының 2-бөлігіне сәйкес прокурор ұсынылған материалдарды зерделей отырып, жүргізілетін ЖТӘ-нің кейінге қалдыруға болмайтынымен келіскен жағдайда, қаулының заңдылығы туралы қаулы шығара отырып, қаулыға санкция береді. Келіспеген жағдайда оның күшін жою және алынған нәтижелелерді дәлелдеме ретінде пайдалануға жол бермеу туралы қаулы шағарады. Келіспеген жағдайда оны тоқтату және алынған нәтижелерді дәлелдемелер ретінде пайдалануға жол берілмейтіні туралы қаулы шығарады.
Қаулың күшін жою және алынған нәтижелелерді дәлелдеме ретінде пайдалануға жол бермеу туралы қаулы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізетін адамға дереу орындау үшін тез арада беріледі.
12. Жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу туралы қаулыларды есепке алу осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес арнайы журналда жүргізіледі.
13. ҚПК-нің 47-бабының 8-бөлігіне және 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес құпия мәліметтер жария етуге тек прокурордың рұқсатымен, егер бұл тергеу мүддесіне қайшы келмейтін және басқа адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзумен байланысты болмаса, мүмкін деп танылған көлемде берілуі мүмкін.
14. ҚПК 231-бабының 8), 9), 10) тармақтарында көзделген ЖТӘ-ні жүргізу туралы тапсырма орындау үшін орындаушы-бөлініске жолданады, ол туралы дереу, бірақ 24 сағаттан кеш емес ҚПК 234-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген уәкілетті прокурор хабарланады.
Осы Қағидалардың 8-тармағында көзделген құпиялылықтың немесе мемлекеттік құпия туралы заңнаманың талаптарын сақтай отырып, ЖТӘ жүргізу туралы хабарлау жасалады және уәкілетті прокурорға жолданады.
15. Хабарламаны алғаннан кейін прокурор 3 тәулік ішінде ҚПК-нің 231-бабының 8), 9), 10) тармақшаларында көзделген ЖТӘ жүргізу туралы тапсырманың заңдылығын тексереді.
16. ЖТӘ мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешімді сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізетін адам қабылдайды. ЖТӘ мерзімінен бұрын тоқтату бойынша шешімнің қабылданғаны туралы орындаушы бөлімшеге хабарланады, ол өз кезегінде ЖТӘ бөлімшесін ЖТӘ жүргізуді тоқтату туралы хабардар етеді.
4. Жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелелерін ұсыну, оларды зерттеу және бағалау тәртібі
17. Дереу, бірақ ЖТӘ аяқталғаннан кейін 5 тәуліктен кешіктірмей оларды жүргізу барысында алынған барлық материалдарды уәкілетті бөлімше құпиялылығын сақтай отырып, желімделген түрде сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізетін адамға береді.
Материалдарға сондай-ақ ЖТӘ жүргізу туралы қаулы қоса тігіледі.
ЖТӘ жүргізу барысында адамның тергеу жүргізілген қылмысқа қатыстылығы, сондай-ақ басқа адамдардың қылмыс жасағаны туралы мәліметтер алған кезде ЖТӘ бөлімшесі бұл туралы орындаушы бөлімшеге дереу хабарлайды, ол осы мәліметтерді сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізетін адамға хабарлайды.
18. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізетін адам прокурор санкциялаған ЖТӘ-ні аяқтау туралы жазбаша түрде, ол аяқталған күннен бастап 2 тәуліктен кешіктірмей, ҚПК 234-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген уәкілетті прокурорға хабарлайды.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізетін адам ҚПК-нің 231-бабының 8), 9), 10) тармақшаларында көзделген ЖТӘ аяқталғаны туралы уәкідетті прокурорды ЖТӘ аяқталғаннан кейін 2 тәулік ішінде жазбаша хабардар етеді.
19. Жазбаша хабарламада:
1) оны жасаған күні, орны және уақыты;
2) ЖТӘ жүргізілген қылмыстық істің нөмірі;
3) қандай ЖТӘ және қандай мерзімде жүргізілгені;
4) оны ЖТӘ жүргізу туралы тапсырманы орындайтын бөлімше;
5) тергеу жүргізілетін іске қатысы бар нақты деректердің алынған-алынбағаны, олардың қысқаша сипаттамасы және оған ЖТӘ нәтижелелерінің берілген-берілмегені көрсетілуі тиіс.
Хабарлама екі данада жасалады, оның ішінде біреуі желімделген конвертте, адресатты көрсете және «Жеке өзіне» деген белгі қоя отырып, Қазақстан Республикасындағы іс жүргізу талаптарына сәйкес ҚҚЕ бөлімшесі арқылы уәкілетті прокурорға жіберіледі.
20. ЖТӘ нәтижелелерін зерттеуді және бағалауды сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізетін адам ЖТӘ аяқталысымен ҚПК-нің 238, 239-баптарында көзделген талаптарды сақтай отырып, дереу жүзеге асырады.
21. ҚПК 237-бабының 2-бөлігінде көзделген жағдайларда 24 сағаттың ішінде уәкілетті бөлімше сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізетін адамға құпиялық шараларын сақтай отырып, жүргізілген іс-шараның нәтижелелерін ұсынады.
Әрбір сұратылған жағдайда ЖТӘ нәтижелелерін сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізетін адам ҚПК-нің 238, 239-баптарында көзделген тәртіпте зерттейді.
22. Уәкілетті бөлімшенің басшысы, ЖТӘ жүзеге асыратын адам, тергеуші мен анықтаушы қылмыстық іс үшін маңызы бар нақты деректерді жасырғаны үшін заңда көзделген тәртіпте жауапты болады.
23. Тергеуші, анықтаушы, әкілетті бөлімшенің лауазымды тұлғалары, прокурор немесе судья сотқа дейінгі өндірістің құпия мәліметтерін жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіпте жауапты болады.
24. ЖТӘ жүргізудің ұйымдастырылуын бейнелейтін құжаттық материалдар және оның барлық қоса тігілмеген нәтижелері әрбір нақты қылмыстық іс бойынша жасырын тергеу әрекеттерінің жеке ісі (бұдан әрі – ЖТӘІ) шеңберінде жүйеленеді.
ЖТӘІ орындаушы бөлімшеде болады.
ЖТӘІ жедел есепке алу ісі болып табылмайды.
ЖТӘІ жүргізу мерзімі және оны жою тәртібі Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 240-бабының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
ЖТӘІ тіркеу осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес арнайы журналда жүзеге асырылады.
25. Жасырын тергеу әрекеттерін жүзеге асыру кезінде адамды заңсыз теріс қылықтарды жасауға арандататын және айдап салатын әрекеттерді (әрекетсіздікті) жасауға жол берілмейді.
26. ЖТӘ жүргізу туралы қаулыда көрсетілмеген адамдарға қатысты ЖТӘ жүзеге асыруға жол берілмейді және ҚПК-нің 248-бабының 2-бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, мұндай ЖТӘ дереу тоқтатылуы тиіс.
27. Осы Қағидалардың 25, 26-тармақтарының талаптарын бұзу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
28. ЖТӘ жүргізу кезінде заңдылықтың сақталуын қадағалауды Қазақстан Республикасының Бас прокуроры және оған бағынысты прокурорлар жүзеге асырады.
Жасырын тергеу әрекеттерін
жүргізу қағидаларына
1-қосымша
Жеке
___________________________________ бастығы
(уәкілетті бөліністің атауы)
___________________________________
(тегі, аты-жөні)
Жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу туралы
ТАПСЫРМА
20__ жылғы «___» ____ ___________ қаласы
_____________________________________________________________________
_________________________________________________________өндірісінде
(сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның
лауазымы, Т.А.Ә.)
20__жылғы «____» ______ №___ болып Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің
бірыңғай тізіліміне тіркелген қылмыстық іс бар.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру___________________________________
_____________________________________________________________________
(қылмыстық істің қысқаша сипаттамасы, құқықтық біліктілік, оған
қатысты ЖТӘ жүргізу жоспарланған адам,
___________________________________________________________________
орын немесе зат туралы мәлімет, өзге де тәсілмен қажетті фактілерді
алудың мүмкін еместігіне дәлелдемелерді
_________________________________________________________ анықтады.
қоса алғанда тапсырма беру үшін негіз болып табылатын нақты себептер)
Баяндалғанды ескере отырып, Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 188,
232-баптарын басшылыққа ала отырып, -
ТАПСЫРАМЫН:
1. __________________________________________________________________
(тапсырманы орындау жүктелген уәкілетті бөлініс)
____________________________________________________________ қатысты
(адам, орын немесе зат)
20___ж. «___» _________ және 20___ж. «___» _________ аралығында
________________________________________________________ жүргізілсін;
(қандай жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу қажет)
2. ЖТӘ жүргізу кезінде алынған материалдар маған ұсынылсын.
____________________ __________ _____________________________________
(лауазымы) (қолы) (сотқа дейінгі тергеп-тексеруді
жүзеге асырған адамның Т.А.Ә.)
Жасырын тергеу әрекеттерін
жүргізу қағидаларына
2-қосымша
Құпиялық белгісі
(қажет болған кезде)
Адамды немесе орынды жасырын аудио- және (немесе) бейнебақылау
20__ ж. «___» ____ бастап 20__ ж. «___» ____ дейін __ тәулік мерзімге
САНКЦИЯЛАЙМЫН
Прокурор
______________________
20__ жылғы «___» ____
Адамды немесе орынды жасырын аудио- және (немесе) бейнебақылау
жүргізу туралы
ҚАУЛЫ
20__ жылғы «___» ____ ___________ қаласы
_____________________________________________________________________ (Құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органның уәкілетті
бөлінісі адамының лауазымы Т.А.Ә.)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асырған адамның
лауазымы Т.А.Ә.)
20___ «___» _________ № __________қылмыстық іс бойынша тапсырмасын
қарап, -
АНЫҚТАДЫ:
_____________________________________________________________________
(қылмыстық істің қысқаша сипаттамасы, ЖТӘ жүргізу қажеттігінің
негіздемесі)
_____________________________________________________________________
Баяндалғанның негізінде, Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 233
және 242-баптарын басшылыққа ала отырып, -
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Арнайы техникалық құралдарды қолдана отырып, 20___ «___»
______ және 20___ «___» _____ аралығында ______ жылы туған
____________ (Т.А.Ә.) (немесе _________ мекенжайы бойынша орынды)
жасырын аудио- және (немесе) бейнебақылау жүргізілсін.
2. Осы қаулыны орындау ___________________________ тапсырылсын.
(уәкілетті бөлініс)
3. Жасырын тергеу әрекетінің нәтижелері _______________________
_____________________________________________________________________
(сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асырған адамның
лауазымы, Т.А.Ә.)
__________________________________________________________ ұсынылсын.
_____________ ________ _______________________________
(лауазымы) (қолы) (сотқа дейінгі тергеп-тексеруді
жүзеге асырған адамның Т.А.Ә.)
Жасырын тергеу әрекеттерін
жүргізу қағидаларына
3-қосымша
Құпиялық белгісі
(қажет болған кезде)
Электр (телекоммуникация) байланыс
желілері арқылы берілетін ақпаратты
жасырын бақылау, ұстап қалу және түсіріп алу
_________________________________
(абонент № немесе абонент терминалының ІМЕІ коды (байланыс операторы)
20__ ж. «___» ____ бастап
20__ ж. «___» ____ дейін __ тәулік мерзімге
САНКЦИЯЛАЙМЫН
Прокурор
___________________
20__ жылғы «___» ___
Электр (телекоммуникация) байланыс желілері арқылы берілетін
ақпаратты жасырын бақылауды, ұстап қалуды және түсіріп алуды
жүргізу туралы
ҚАУЛЫ
20__ жылғы «___» ____ ___________ қаласы
_____________________________________________________________________
(құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органы уәкілетті
бөлінісі адамының лауазымы Т.А.Ә.)
_____________________________________________________________________
(сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның
лауазымы Т.А.Ә.)
№ _____________ қылмыстық іс бойынша 20 __ ж. «___» ____ тапсырмасын қарап, -
АНЫҚТАДЫ:
_____________________________________________________________________
(қылмыстық істің қысқаша сипаттамасы, ЖТӘ жүргізу қажеттігінің
негіздемесі)
_____________________________________________________________________
Баяндалғанның негізінде, Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 233
және 243-баптарын басшылыққа ала отырып, -
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 20__ ж. «___» ____ және 20__ ж. «___» ____ аралығында
_____________________________________________________________________
(абонент № немесе абонент терминалының ІМЕІ коды (байланыс
операторы )
берілетін ақпаратты жасырын бақылау, ұстап қалу және түсіріп алу
жүргізілсін.
2. Осы қаулыны орындау ___________________________ тапсырылсын.
(ЖТӘ бөлінісі)
3. Жасырын тергеу әрекетінің нәтижелері бар материалдық
жеткізгіш оралған, мөрленген түрде___________________________________
_____________________________________________________________________
(сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асырған адамның
лауазымы, Т.А.Ә.)
ұсынылсын.
_____________ ________ __________________________________
(лауазымы) (қолы) (сотқа дейінгі тергеп-тексеруді
жүзеге асырған адамның Т.А.Ә.)
Жасырын тергеу әрекеттерін
жүргізу қағидаларына
4-қосымша
Құпиялық белгісі
(қажет болған кезде)
Абоненттер және (немесе) абоненттік
құрылғылар арасындағы қосылулар туралы
ақпаратты жасырын алу
___________________________________________
(абонент № немесе абонент терминалының
ІМЕІ коды (байланыс операторы)
САНКЦИЯЛАЙМЫН
Прокурор
___________________
20__ жылғы «___» ___
Абоненттер және (немесе) абоненттік құрылғылар арасындағы
қосылулар туралы ақпаратты жасырын алу туралы
ҚАУЛЫ
20__ жылғы «___» _____ _______________ қаласы
_____________________________________________________________________
(құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органы уәкілетті
бөлінісі адамының лауазымы Т.А.Ә.)
_____________________________________________________________________
(сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның
лауазымы Т.А.Ә.)
№ _____________ қылмыстық іс бойынша 20 __ ж. «___» ____
тапсырмасын қарап, -
АНЫҚТАДЫ:
_____________________________________________________________________
(қылмыстық істің қысқаша сипаттамасы, ЖТӘ жүргізу
қажеттігінің негіздемесі)
_____________________________________________________________________
Баяндалғанның негізінде, Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 233
және 244-баптарын басшылыққа ала отырып, -
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 20__ ж. «___» ____ және 20__ ж. «___» ____ аралығында
_____________________________________________________________________
(абонент № немесе абонент терминалының ІМЕІ коды (байланыс
операторы )
абоненттің қосылулары туралы ақапарат алуды жүргізілсін.
2. Осы қаулыны орындау ___________________________ тапсырылсын.
(ЖТӘ бөлінісі)
3. Алынған ақапарат оралған, мөрленген түрде___________________
__________________________________________________________ ұсынылсын.
(сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асырған
адамның лауазымы, Т.А.Ә.)
_________________ ________ __________________________________________
(лауазымы) (қолы) (сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге
асырған адамның Т.А.Ә.)
Жасырын тергеу әрекеттерін
жүргізу қағидаларына
5-қосымша
Құпиялық белгісі
(қажет болған кезде)
САНКЦИЯЛАЙМЫН
Прокурор
___________________
20__ жылғы «___» ___
Компьютерлерден, серверлерден және ақпаратты жинауға, өңдеуге,
жинақтауға және сақтауға арналған басқа да құрылғылардан
ақпаратты жасырын түсіріп алу туралы
ҚАУЛЫ
20__ жылғы «___» ____ ___________ қаласы
_____________________________________________________________________
(құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органы уәкілетті
бөлінісі адамының лауазымы Т.А.Ә.)
_____________________________________________________________________
(сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның
лауазымы Т.А.Ә.)
№ _____________ қылмыстық іс бойынша 20 __ ж. «___» ____
тапсырмасын қарап, -
АНЫҚТАДЫ:
_____________________________________________________________________
(қылмыстық істің қысқаша сипаттамасы, ЖТӘ жүргізу
қажеттігінің негіздемесі)
_____________________________________________________________________
Баяндалғанның негізінде, Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 233
және 245-баптарын басшылыққа ала отырып, -
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 20__ ж. «___» ____ және 20__ ж. «___» ____ аралығында
_____________________________________________________________________ (абонент № немесе абонент терминалының ІМЕІ коды (байланыс
операторы )
абоненттің қосылулары туралы ақапарат алуды жүргізілсін.
2. Осы қаулыны орындау ___________________________ тапсырылсын.
(ЖТӘ бөлінісі)
3. Жасырын тергеу әрекетінің нәтижелері бар материалдық жеткізгіш оралған, мөрленген түрде __________________________________
_____________________________________________________________________
(сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асырған адамның
лауазымы, Т.А.Ә.)
ұсынылсын.
_________________ ________ __________________________________________
(лауазымы) (қолы) (сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге
асырған адамның Т.А.Ә.)
Жасырын тергеу әрекеттерін
жүргізу қағидаларына
6-қосымша
Құпиялық белгісі
(қажет болған кезде)
Орынға жасырын кіру және (немесе) оны қарап-зерттеу
20__ ж. «___» ____ бастап 20__ ж. «___» ____ дейін __ тәулік мерзімге
САНКЦИЯЛАЙМЫН
Прокурор
___________________
20__ жылғы «___» ____
Орынға жасырын кіру және (немесе) оны қарап-зерттеу туралы
ҚАУЛЫ
20__ жылғы «___» ____ ___________ қаласы
_____________________________________________________________________
(құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органы уәкілетті
адамының лауазымы Т.А.Ә.)
_____________________________________________________________________
(сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның
лауазымы Т.А.Ә.)
№ _____________ қылмыстық іс бойынша 20 __ ж. «___» ____ тапсырмасын қарап, -
АНЫҚТАДЫ:
_____________________________________________________________________
(қылмыстық істің қысқаша сипаттамасы, ЖТӘ жүргізу қажеттігінің
негіздемесі)
_____________________________________________________________________
Баяндалғанның негізінде, Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 233
және 247-баптарын басшылыққа ала отырып, -
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 20__ ж. «___» ____ және 20__ ж. «___» ____ аралығында_______
(Т.А.Ә.) жасырын аудио- және бейнебақылау жүргізу туралы қаулының
шеңберінде арнайы техникалық құралдармен жабдықтау мақсатында
________________ мекенжайы бойынша орналасқан __________________ ММ
ғимаратындағы № ____ қызметтік кабинетке кіру және оны қарап-зерттеу
жүргізілсін.
2. Осы қаулыны орындау ____________________________тапсырылсын.
(ЖТӘ бөлініс)
3. Алынған барлық материалдар оралған, мөрленген түрде
______________________ ____________________________________ берілсін.
(сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асырған адамның
лауазымы, Т.А.Ә.)
_________________ ________ __________________________________________
(лауазымы) (қолы) (сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге
асырған адамның Т.А.Ә.)
Жасырын тергеу әрекеттерін
жүргізу қағидаларына
7-қосымша
Құпиялық белгісі
(қажет болған кезде)
Адамды немесе орынды жасырын қадағалауға алу туралы
ҚАУЛЫ
20__ жылғы «___» ____ ___________ қаласы
_____________________________________________________________________
(құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органы уәкілетті
адамының лауазымы Т.А.Ә.)
_____________________________________________________________________
(сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның
лауазымы Т.А.Ә.)
№ _____________ қылмыстық іс бойынша 20 __ ж. «___» ____
тапсырмасын қарап, -
АНЫҚТАДЫ:
_____________________________________________________________________
(қылмыстық істің қысқаша сипаттамасы, ЖТӘ жүргізу қажеттігінің
негіздемесі)
____________________________________________________________________.
Баяндалғанның негізінде, Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 233
және 248-баптарын басшылыққа ала отырып, -
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 20__ ж. «___» ____ және 20__ ж. «___» ____ аралығында ______
тәулік мерзімге бейне-, фотоаппаратураны, сондай-ақ байқауға алудың
арнайы техникалық құралдарын пайдалана отырып,
_____________________________________________________________________
(адам немесе орын, өткізу мекенжайы)
жасырын байқауға алу жүргізілсін.
2. Осы қаулыны орындау ___________________________ тапсырылсын.
(ЖТӘ бөлініс)
3. Алынған барлық материалдар оралған, мөрленген түрде
______________________ _____________________________________берілсін.
(сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асырған адамның
лауазымы, Т.А.Ә.)
_________________ ________ __________________________________________
(лауазымы) (қолы) (сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге
асырған адамның Т.А.Ә.)
Жасырын тергеу әрекеттерін
жүргізу қағидаларына
8-қосымша
Құпиялық белгісі
(қажет болған кезде)
БЕКІТЕМІН
_______________________________
(ұқық қорғау немесе арнаулы
__________________________________
мемлекеттік органның бастығы)
__________________________________
20__ жылғы «___» ____
Жасырын бақыланатын жеткізілім жүргізу туралы
ҚАУЛЫ
20__ жылғы «___» ____ ___________ қаласы
_____________________________________________________________________
(құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органы уәкілетті
адамының лауазымы Т.А.Ә.)
_____________________________________________________________________
(сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның
лауазымы Т.А.Ә.)
№ _____________ қылмыстық іс бойынша 20 __ ж. «___» ____ тапсырмасын қарап, -
АНЫҚТАДЫ:
____________ ________________________________________________________
(Т.А.Ә.) (20__ж. «___» ____ және 20__ж. «___» ____ аралығында)
_____________________________________________________________________
(ел/өңір – ел/өңір – ел/өңір)
бағдары бойынша Қазақстан Республикасының аумағы арқылы
_____________________________________________________________________
(бақыланатын заттың атауы)
жеткізуді жүзеге асыруға ниетті, оны тасымалдау үшін
_____________________________________________________________________
(көлік құралының түрі/маркасы/нөмірі)
пайдаланылатын болады.
________________________ (Т.А.Ә.) және көрсетілген жеткізілімге
_____________________________________________________________________
(бақыланатын заттың атауы)
қатысы бар басқа да адамдардың құқыққа қайшы әрекетін анықтау,
құжаттандыру және жолын кесу мақсатында жасырын бақыланатын
жеткізілім жүргізу мақсатқа сай.
Баяндалғанды ескере отырып, Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 233
және 249-баптарын басшылыққа алып, -
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. ___________________________________________ кезеңде жоғарыда
(20__ж. «___» ____ және 20__ж. «___» ____ аралығында)
көрсетілген жүру бағдары бойынша жасырын бақыланатын жеткізілім
_____________________________________________________________________
(бақыланатын нәрсенің атауы)
бару пунктінде оларды алушыларды ұстай отырып жүргізілсін.
2. Жасырын бақыланатын жеткізілімді тиімді өткізу мақсатында
бақыланатын нәрсенің бүкіл жүру бағдары бойынша
_____________________________________________________________________
(уәкілетті органның атауы)
қажетті күштер мен құралдар тартылсын. Қажет болған кезде белгіленген
тәртіппен өзге жасырын тергеу әрекеттері жүргізілсін.
3. Жасырын бақыланатын жеткізілімді өткізу үшін жауапты болып
_____________________________________________________________________
(уәкілтті органның құрылымдық бөлінісінің не аумақтық
бөлінісінің атауы)
басшылығы белгіленсін.
4. Бақыланатын заттың қозғалысын бақылауды қамтамасыз ететін
жедел топтың басшысы болып __________________________________________
(лауазымы, атағы, Т.А.Ә.)
белгіленсін.
5. Жасырын тергеу әрекетін ұйымдастыру туралы белгіленген
тәртіппен
_____________________________________________________________________
(уәкілетті органның атауы)
хабарлансын.
6. Алынған барлық материалдар оралған, мөрленген түрде
___________________________________________________________ берілсін.
(сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асырған
адамның лауазымы, Т.А.Ә.)
_________________ ________ __________________________________________
(лауазымы) (қолы) (сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге
асырған адамның Т.А.Ә.)
Жасырын тергеу әрекеттерін
жүргізу қағидаларына
9-қосымша
Құпиялық белгісі
(қажет болған кезде)
Жасырын бақыланатын сатып алуды жүргізу туралы
ҚАУЛЫ
20__ жылғы «___» ____ ___________ қаласы
_____________________________________________________________________
(құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органы уәкілетті
бөлінісі адамының лауазымы Т.А.Ә.)
_____________________________________________________________________
(сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның
лауазымы Т.А.Ә.)
№ _____________ қылмыстық іс бойынша 20 __ ж. «___» ____
тапсырмасын қарап, -
АНЫҚТАДЫ:
_____________________________________________________________________
(қылмыстық істің қысқаша сипаттамасы, ЖТӘ жүргізу
қажеттігінің негіздемесі)
____________________________________________________________________.
Баяндалғанның негізінде, Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 233
және 250-баптарын басшылыққа ала отырып, -
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 20__ ж. «___» ____
______________________________ ______________________________________
(Т.А.Ә.) (заттың атауы)
жасырын бақыланатын сатып алуды жүргізілсін.
2. Осы қаулыны орындау ___________________________ тапсырылсын.
(ЖТӘ бөлінісі)
3. Барлық алынған материалдар толығымен оралған, мөрленген түрде______________________________________________________ұсынылсын.
(сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асырған
адамның лауазымы, Т.А.Ә.)
_____________ ________ ______________________________________________
(лауазымы) (қолы) (қаулы шығарған адамның Т.А.Ә.)
Жасырын тергеу әрекеттерін
жүргізу қағидаларына
10-қосымша
Құпиялық белгісі
(қажет болған кезде)
Жасырын ендіруді және (немесе) қылмыстық
әрекетті имитациялауды жүргізу туралы
ҚАУЛЫ
20__ жылғы «___» ____ ___________ қаласы
_____________________________________________________________________
(құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органы уәкілетті
бөлінісі адамының лауазымы Т.А.Ә.)
_____________________________________________________________________
(сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның
лауазымы Т.А.Ә.)
№ _____________ қылмыстық іс бойынша 20 __ ж. «___» ____
тапсырмасын қарап, -
АНЫҚТАДЫ:
_____________________________________________________________________
(қылмыстық істің қысқаша сипаттамасы, ЖТӘ жүргізу қажеттігінің
негіздемесі)
_____________________________________________________________________
Баяндалғанның негізінде, Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 233
және 251-баптарын басшылыққа ала отырып, -
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. ____________________________________________________________
(Т.А.Ә. немесе орны)
айналасына адамды жасырын енгізу және (немесе) қылмыстық әрекетті
имитациялау жүзеге асырсын.
2. Жасырын ендіруді жүргізу үшін жауапты болып
_____________________________________________________________________
(уәкілетті органның құрылымдық бөлінісінің немесе аумақтық
бөлінісінің атауы)
басшылығы белгіленсін.
3. Енгізілген адамға Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ережелеріне сәйкес қажетті қорғану, қылмыс жасаған адамды ұстап алу, аса қажеттілік, негізді тәуекел ету жағдайларын қоспағанда, адамдардың өміріне, денсаулығына қауіп төндірумен ұштасқан әрекеттер (әрекетсіздік) жасауға тыйым салынатыны туралы түсіндірілсін.
_____________ ________ ______________________________________________
(лауазымы ) (қолы) (қаулы шығарған адамның Т.А.Ә.)
Жасырын тергеу әрекеттерін
жүргізу қағидаларына
11-қосымша
Құпиялық белгісі
(қажет болған кезде)
Жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу туралы қаулыларды есепке алу
ЖУРНАЛЫ
Реттік есепке алу нөмірі |
Бөлініс және орындаушының тегі |
Тергеу бөлінісінің атауы, ЖТӘ жүргізу тапсырылған тергеушінің (анықтаушының) тегі, аты-жөні |
Дайындалды |
Жіберілді |
Тізілім нөмірі (қолхат) немесе тарату кітабының нөмірі |
Ескертпе |
|||
Даналарының саны |
Данасындағы парақ саны |
Қайда және кімге |
Данасының нөмірі |
Құжат қандай шығыс нөмірімен жіберілді және күні |
|||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
Жасырын тергеу әрекеттерін
жүргізу қағидаларына
12-қосымша
Құпиялық белгісі
(қажет болған кезде)
Жасырын тергеу әрекеттері істерін есепке алу
ЖУРНАЛЫ
Реттік есепке алу нөмірі |
ЖТӘ жүргізілетін қылмыстық істің нөмірі |
Томның нөмірі |
Парақ саны |
Ашылған күні |
Аяқталған күні |
Істі жүргізуге (сақтауға) жауапты адам, қолхат және күні |
Мүкаммалдық нөмірі |
Қайда, қашан және қандай нөмірмен жіберілді, нөмірі және күні |
Жою туралы актінің нөмірі және күні |
Ескертпе |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |