Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерге қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 7 қарашадағы № 783 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 8 желтоқсанда № 9942 тіркелді

Қолданыстағы

      «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 70-17) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берiлiп отырған Мемлекеттiк емес өртке қарсы қызметтерге қойылатын біліктілік талаптары бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті (В.В. Петров) заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеудi;
      2) осы бұйрықты мемлекеттiк тiркегеннен кейін күнтiзбелiк он күн iшiнде оны мерзiмдi баспа басылымдарында және «Әдiлет» ақпараттық-құқықтық жүйесiнде ресми жариялауға жолдауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсiн.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары В.К. Божкоға жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр
      полиция генерал-лейтенанты                           Қ.Қасымов

Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2014 жылғы 7 қараша 
№ 783 бұйрығымен   
бекітілген      

Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерге қойылатын біліктілік талаптары

      1. Осы мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерге қойылатын біліктілік талаптары (бұдан әрі – біліктілік талаптары) мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің Қазақстан Республикасының ұйымдарында, елді мекендері мен объектілерінде өрттердің алдын алу мен сөндіру, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша жұмыстарды орындауға мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің сәйкестігін анықтау мақсатында әзірленген.
      2. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерге мынадай біліктілік талаптары қойылады:
      1) осы біліктілік талаптарына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша негізгі өрт сөндіру автомобилінің өрттерді сөндіруге дайындығын техникалық байқау актісімен расталған кемінде бір өрт сөндіру автомобилінің болуы*;
      2) жұмыскерлерді, өрт сөндіру-құтқару техникасын, жабдық пен жарақты орналастыру үшін меншік құқығында не өзге құқықта ғимараттың немесе үй-жайдың болуы*;
      3) осы біліктілік талаптарына 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары үшін белгіленген нормалар бойынша арнайы киім-кешекпен және өртке қарсы жарақпен қамтамасыз етілген мынадай сандағы штаттық жұмыскерлердің болуы:
      кезекшілік ауысымда әр негізгі өрт сөндіру автомобиліне жүргізушіні қоса алғанда, 4 жұмыскер есебінен кемінде 16 адам*;
      кезекшілік ауысымда 2 жұмыскер есебінен кемінде 8 адам**;
      4) мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет жұмыскерлерінің осы біліктілік талаптарына 3-қосымшада көрсетілген біліктілікке сәйкес келуі.

      Ескертпе:
      * - жолға шығатын өрт сөндіру техникасы бар мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтер үшін;
      ** - жолға шығатын өрт сөндіру техникасы жоқ мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтер үшін.

Мемлекеттік емес өртке қарсы
қызметтерге қойылатын   
біліктілік талаптарына   
1-қосымша        

Нысан

Негізгі өрт сөндіру автомобилінің өрттерді сөндіруге дайындығын техникалық байқау актісі *

____________________________________________________________________
                               (МӨҚҚ атауы)
Маркасы, моделі___________ шасси_______шыққан жылы__________________
тіркеу нөмірлік белгісі_______________иесі__________________________
шасси__________________ шанағы __________қозғалтқышы________________
1.№_______________ автомобиль формулярының болуы және оны жүргізу,
____________ № __________ көлік құралын тіркеу туралы куәлік,
техникалық байқаудан өтуі туралы куәлік.

2. Спидометр бойынша жүріп өткен жолы______________км.
3. Автомобильдегі өрт-техникалық жабдық пен жарақтың тізімдемесі мен
оның болуы:

Р/с №

Жабдық пен жарақтың атауы

Өлшем бірлігі

Саны

Болуы (бар/жоқ)

1

2

3

4

5

1

Ұзындығы 4 м диаметрі 125 мм сорғыш түтік

дана

2


2

Ұзындығы 4 м диаметрі 75 мм сорғыш түтік

дана

2


3

Ұзындығы 4-5 м диаметрі 77 мм, гидранттан жұмыс істеуге арналған тегеурінді түтік

дана

2


4

Ұзындығы 20 м диаметрі 66 мм тегеурінді түтік

дана

10


5

Ұзындығы 20 м диаметрі 51 мм тегеурінді түтік

дана

6


6

Ұзындығы 4 м диаметрі 30 мм сорғыш түтік

дана

1


7

Ұзындығы 12 м жібі бар СВ-125 сорғыш түтікке арналған тор

дана

1


8

РТ – 70 (РТ – 80) 3 жүрісті тармақталу

дана

2


9

Бітеуіші бар ВС-125 түтікке су жинағыш

дана

1


10

Гидранттарды ашуға арналған жалғайтын кілттер

дана

1


11

Газ түтіннен қорғау қызметінің бағыттаушы арқаны

дана

1


12

66x51 жалғамалы өтпелі бастиек

дана

2


13

77x51 жалғамалы өтпелі бастиек

дана

2


14

77x66 жалғамалы өтпелі бастиек

дана

2


15

Түтік бекіткіш

дана

4


16

Түтік қысқыштар

дана

4


17

Өрт колонкасы

дана

1


18

К-150 сорғыш түтіктерді қосуға арналған кілттер

дана

2


19

К-80 тегеурінді түтіктерді қосуға арналған кілттер

дана

2


20

Гидранттардың қақпақтарын ашуға арналған кілттер

дана

1


21

Г-600 гидроэлеваторы

дана

1


22

РСК – 50 оқпаны

дана

4


23

РСА оқпаны

дана

2


24

РС –70 оқпаны

дана

2


25

СВП-4 ауа-көбікті оқпаны

дана

2


26

Тасымалданатын лафетті оқпан

дана

1


27

ГПС-600 еселігі орташа көбік генераторы

дана

2


28

Үш иінді саты

дана

1


29

Шабуыл сатысы

дана

1


30

Таяқ-саты

дана

1


31

Ұзындығы 2,5 метрлік металл багор

дана

1


32

«Әмбебап» сүймен

дана

1


33

Ұста зілбалғасы

дана

1


34

Балташы балғасы

дана

1


35

Жалпақ күрек

дана

1


36

Ағаш қаптағы ағаш кесетін ара

дана

1


37

Арматура кесуге арналған қайшы

дана

1


38

Электр өткізгіштерді кесуге арналған аспаптар жиынтығы, оның ішінде:




диэлектрлік тұтқасы бар қайшы;

дана

1


диэлектрлік қолғап;

жұп

1


диэлектрлік боты;

жұп

1


диэлектрлік кілемше.

дана

1


39

Ұзындығы 30 м брезент қаптағы құтқару арқаны

дана

1


40

Өртте жұмыс істеуге арналған тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдары (ұсынылады)

дана

4


41

Жылу шағылыстырғыш костюм

дана

3


42

Резеңке етік

жұп

4


43

Электрлік жеке шам

дана

5


44

Электрлік топтық шам

дана

1


45

Медициналық дәрі-дәрмек сөмкесі

жиынтық

1


46

ОУ-5 немесе ОП - 5 өрт сөндіргіш

дана

1


47

Қысқа сапты күрек

дана

1


48

Автомобильге техникалық қызмет көрсетуге арналған аспаптар жиынтығы

жиынтық

1


49

Автомобиль радиостанциясы

дана

1


50

Тасымал радиостанция

дана

4


51

Сигналдық-дауыс зорайтқыш құрылғы

дана

1


52

Домкрат 5 – 10 т

дана

1


4. Сигналдық дауыс зорайтқыш құрылғының, сиреналардың, жарқыл маяктардың жай-күйі
____________________________________________________________________
                     (болуы және жарамдылығы)
5. Радиостанциялардың жай-күйі______________________________________
                                    (болуы және жарамдылығы)
6. Өрт сөндіру автомобилінің өрт сорғышының, газ ағысы-вакуумды
тетігінің және/немесе өзге де арнайы агрегаттарының (атауларын
көрсете отырып) жай-күйі, атқарған жұмысы (мото-сағаттар)
____________________________________________________________________
(өрт сорғыштың өрт сөндіргіш құралдарын беру қабілеттігі, ашық су
         көзінен су алу және гидрант арқылы жұмыс істеу)
7. Өрт сөндіру автомобилінің техникалық жай-күйі және өртте
жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізу кезіндегі жұмысқа қабілеттілігі
бойынша жалпы қорытынды_____________________________________________
____________________________________________________________________

Комиссия мүшелерінің қолдары:
Комиссия төрағасы___________________________________________________
                     (бар болған жағдайда қолы, аты-жөні, тегі)
Комиссия мүшелері___________________________________________________
                    (бар болған жағдайда қолы, аты-жөні, тегі)

М.О.

      *автомобильдің жай-күйін тексеру және осы актіні жасау мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің орналасқан жері бойынша азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің комиссиясына жүктеледі.

Мемлекеттік емес өртке қарсы
қызметтерге қойылатын   
біліктілік талаптарына  
2-қосымша        

Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің бір жұмыскеріне арнайы киім-кешек пен өртке қарсы жарақтау тізбесі

Р/с

Арнайы киім-кешек пен өртке қарсы жарақтың атауы

Өлшем бірлігі

Саны

1

2

3

4

1

Өрт өндірушінің жауынгерлік киімі

жиынтық

1

2

Жүн қосылған матадан тігілген шлемнiң астынан киетiн бас киiм

дана

1

3

Қорғаныш түстi мойны жабық свитер

дана

1

4

Білекті брезенттi қолғап

жұп

1

5

Білекті терi қолғап

жұп

1

6

Карабинi бар өрт сөндiрушiнiң құтқару белдiгi

дана

1

7

Өрт сөндiрушiнiң каскасы (шлем)

дана

1

8

Өрт сөндiрушiнiң етiгi

жұп

1

9

Өрт сөндiрушi балтасының белдiк қабы

дана

1

10

Резеңке етiк

жұп

1

      Ескертпе:
      Мемлекеттiк емес өртке қарсы қызмет қызметкерлері өндiрiстiк қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып, осы нормалар бойынша арнайы киiм-кешекпен және өртке қарсы жарақтармен қамтамасыз етіледі.

Мемлекеттік емес өртке қарсы
қызметтерге қойылатын   
біліктілік талаптарына  
3-қосымша         

Мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет қызметкерлерінің біліктілігі

Лауазым атауы

Біліктілігі

1

2

Қызмет (жасақ) бастығы және оның орынбасарлары, өрт сөндіру бөлімінің бастығы және оның орынбасарлары

Өрт қауіпсіздігі саласындағы жоғары техникалық білім немесе орта техникалық білім, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының басқару аппаратының немесе өрт сөндіру бөлімшелерінің басшы лауазымдарында кемінде 3 жыл жұмыс өтілі.

Өрт сөндіру бекетінің бастығы және оның орынбасары

Өрт қауіпсіздігі саласындағы жоғары техникалық білім немесе орта техникалық білім, өртке қарсы қызметтің басқару аппаратының немесе бөлімшелерінің лауазымдарында кемінде 1 жыл жұмыс өтілі*

Қарауыл бастығы (ауысым бастығы)

Орта техникалық білім, өртке қарсы қызмет бөлімшелеріндегі лауазымдарда кемінде 1 жыл жұмыс өтілі*, өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған оқу орталығында арнайы даярлаудан өткен.

Өрттің алдын алу аға нұсқаушысы

Орта техникалық білім, өртке қарсы қызмет бөлімшелеріндегі лауазымдарда кемінде 1 жыл жұмыс өтілі*, өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған оқу орталығында арнайы даярлаудан өткен.

Өрттің алдын алу нұсқаушысы

Орта білім, өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған оқу орталығында арнайы даярлаудан өткен.

Газ-түтіннен қорғау қызметінің шебері

Орта білім, өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған оқу орталығында арнайы даярлаудан өткен және сығылған ауадағы аппараттарда жұмыс істеуге рұқсаты бар.

Бөлімше командирі

Орта білім, өртке қарсы қызмет бөлімшелеріндегі лауазымдарда кемінде 1 жыл жұмыс өтілі*, өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған оқу орталығында арнайы даярлаудан өткен.

Аға өрт сөндіруші (құтқарушы), өрт сөндіруші (өрт сөндіруші құтқарушы)

Орта білім, өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған оқу орталығында арнайы даярлаудан өткен.

Өрт сөндіру автомобилінің жүргізушісі (аға жүргізуші)

Орта білім, «С» санатындағы жүргізуші куәлігі осы санат бойынша кемінде 1 жыл автомобиль жүргізу тәжірибесімен, өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған оқу орталығында арнайы даярлаудан өткен.

Радиотелефонист 1

Орта білім, өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған оқу 2

(байланыс бекетінің диспетчері)

орталығында арнайы даярлаудан өткен.

      * мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарындағы не мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет жүйесіндегі жұмыс кезеңі өртке қарсы қызмет бөлімшелеріндегі жұмыс өтілі деп есептеледі.