Ақтөбе облысы әкімдігінің 2014 жылғы 3 маусымдағы № 178 "Коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі критерийлерді айқындау туралы" қаулысына өзгеріс және толықтыру енгізу туралы

Ақтөбе облысының әкімдігінің 2014 жылғы 08 қыркүйектегі № 317 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 16 қазанда № 4039 болып тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2014 жылғы 3 маусымдағы № 178 «Коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі критерийлерді айқындау туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3958 тіркелген, 2014 жылғы 10 шілдеде «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгеріс және толықтыру енгізілсін:
      3-тармақтағы «әкімінің» деген сөздің алдына «бірінші» деген сөзбен толықтырылсын;
      көрсетілген қаулының «Коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі критерийлердегі» қосымшасындағы 3 жол алынып тасталсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Облыс әкімі

А. Мұхамбетов